UF

ҒАРЫШҚА НЕ ҮШІН ҰШАДЫ ?

Категориясы: Ғарыш


Жерден қарағанда жұлдыздар онша анық көрінбейді, өйткені бізге ауа кедергі келтіреді. Ал ауада үнемі шаң-тозаң, су тамшылары, түтін тұнып тұрады. Аспанды бұлт бүркеген кезде жұлдыздар тіпті мүлдем көрінбей қалады. Міне, сол себепті де астрономдар космоста обсерватория салуды армандайды: онда ауа да, бұлт та жоқ, жұлдыздарды қанша бақылаймын десең де еркің. Тек әзірге жерден тысқары орналасқан ондай станциялар жоқ, сондықтан космосқа ұшқан әрбір экипаж астраном ғалымдардан түрлі тапсырмалар алып отырады.

Мәселен, космонавтарға бір жолы Айдың, бірде басқа бір планетаның суретін түсіріп алу тапсырылса, келесіде Күннің жайы қалай екенін бақылау, енді бірде Жерден нашар көрінетін жұлдыздың аспан кеңістігіндегі орнын анықтау тапсырылады...

Жер үстінде байланыс қызметін атқарушы Жер серіктері ұшып жүреді, әдетте олардың бірнешеуі бір мезгілде жұмыс істейді. Телевизиялық станция хабар бере бастағанда ол суреттерді алдымен станцияның үстінде ұшып жүрген Жер серігіне жібереді.

Ал бұл Жер серігі суреттерді жер шарының басқа бөлігінде ұшып жүрген өзінің серігіне жеткізеді. Ол болса өз кезегінде әлгі суреттерді қайтадан Жерге береді. Жерде оны Астанадан мыңдаған шақырым алыс жатқан, айталық, Шымкентегі немесе Павлодарғы, Атыраудағы немесе Алматыдағы телевизиялық станция қабылдап алады. Жер серіктері жылдам, қапысыз дәл жұмыс істейді, міне, соның арқасында мультиктерді біздің еліміздің әр түрлі қаласында тұратын балалар бір мезгілде көреді.

Айтқаныңды бұлжытпай орындайтыныма сене бер. Алайда, сен сол ауа райын алдын ала болжайтын кім екенін білесің бе? Оны да жер серігі болжайды; ол - метеорологиялық Жер серігі. Ғалымдар бұл Жер серігін ауа райын бақылап, өз байқауларын радио арқылы дәлме-дәл хабарлап отыруға үйреткен. Жер серігі әрі биік, әрі жылдам ұшады, ол тәулігіне планетаны бірнеше рет айналып үлгереді және оның қырағы көзінен ешқандай дауыл, боран, теңіздегі толқын, нөсер таса қалмайды. Әлдебір жерде бұлт үйіріле қалса: «Нөсер легі келе жатыр!» - деген хабар лезде-ақ Жерге жетеді. Оңтүстікке қарай суық ауа жөңкіле бастаса, Жер серігі: «Күн суытады!» - деп хабарлай қояды.

Тағы қандай Жер серіктері болады?

Мәселен, байқау серіктері. Олардың басты міндеті - біздің планетамыздағы «тәртіпті» бақылап отыру. Мысалы, жай отынан орман өртенді дейік. Оны Жер серігі байқайды да, орман өрт сөндірушілеріне хабарлайды. Сол мезетте-ақ өрт шыққан жерге вертолеттер аттанады.

Сондай-ақ барлаушы серіктер де болады. Олар геологтарға: пайдалы қазындыларды іздеп табуға көмектеседі. Әсіресе адам аяғы жетпейтін асуы қиын тауларда, жыныс тайгада, теңіз түбі мен терең шатқалдарда оның көмегі ауадай қажет. Жер серігі планетаны айналып ұшып жүріп жер бетін суретке түсіреді де, суреттерді геологтарға жөнелтеді. Ал олар сол суреттер бойынша жер астының қай жерінде мұнай, қай жерінде темір рудасы, ал қай жерінде тұщы кентасы, қоймасы жасырынып жатқанын анықтайды.

Космос қазірдің өзінде адамдарға адал қызмет атқарып отыр. Алайда адамдардың арманы асқак, қиялы шексіз ғой. Болашақта олар Жерге жасауға болмайтын дәрі-дәрмектерді космоста жасамақшы. Металлургтер космоста металл балқытпақшы. Солардың өтініші бойынша космонавтар космоста металл балқытып та көрді, сөйтсе, «космос пешінен» шыққан металдың жерде балқытылған металға қарағанда мықты әрі таза екені анықталды. Салмақсыздық жағдайында, барлық өсімдіктер де тез өседі.

Дегенмен мұның бәрі - болашақтың ісі, ал әзірге меңгеретін шаруа - космоста тіршілік етіп, жұмыс істеуге жаттығу. Осынау игілікті істің алғашқы қадамын жер беті тұрғындарының өкілі - космонавтар жасап келеді.

  Жарияланған-2016-09-15 13:03:11     Қаралды-37824

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?

...

Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ

...

Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТМҰРЫН ҚАЙНАТПАСЫ

...

Итмұрынның кепкен жемістері іріктелінеді. Тазаланып жұылып, ұсақтап тұрайды да үстіне қайнаған су құйылып, ыдыстың қақпағы жабылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ

...

Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Баобаб қанша өмір сүреді?

...

Баобаб кң алдымен өзінің көлемімен әйгілі. Діңгегінің диаметрі 8 метрге жетеді. Сондай-ақ бұл ағаш ұзақ өиір сүретінін барлығы біледі. Бірақ, баобабтардың қанша уақыт өмір сүретіндігін дәл анықтау мүмкін емес. Оның жарамды сақиналары жоқ. Сондықтан бағала

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МҰНАЙ НЕДЕН ТҰРАДЫ?

...

Мұнай – қою қызыл-қоңыр, кейде дерлік қара түсті майлы сұйықтық.

ТОЛЫҒЫРАҚ »