UF

ТІРІ «МҰРАЖАЙҒА» АЙНАЛҒАН АҒАШ

Категориясы: Өсімдікті


Бұл ағашты алғаш рет 1690 жылы байқап көңіл аударған Жапониядағы голландия елшісі дәрігер Е.Кемпфер болған. Е.Кемпфер байқап қана қоймай, 1712 жьшы толық сипаттап «гинкго» - деп атаған. «Гинкго" - жапон тілінде «күміс жеміс» - деген мағынаны білдіреді. Гинкго - ашық тұқымдыларға жататындықтан, оның жемісі болмайды, тек тұқым түзеді, жеміске ешқандай қатысы жоқ. Тұқымдары домалақ әрі жылтыр болғандықтан айтылған теңеу ғана. Е.Кемпфер гинкгоның тұқымдарын Еуропаға алғаш әкелген. Гинкго - Жапонияда, Қытайда, Кореяда шіркеудің айналасындағы саябақтарда өсіріледі. Гинкго 1730 жылы Батыс Еуропаға, 1760 жылдары Солтүстік Америкаға әкелінген.

Гинкгоны «жұрнақ ағаш», «тірі мұражай», «көненің көзі» - дейтін себебі гинкго мезозой заманынан (100 млн. жыл бұрын) бері сақталып келе жатқан ағаш. Палеоботаниктер юра кезеңіндегі геологиялық қабаттардан оның жапырағы діңі, тозаңдарының қалдық іздерін тапқан әлі күнге дейін Украина, Орал, Гренландия, Солтүстік Американың жер қойнауынан гинкгоның тасқа басылған таңбалары табылуда.

Гинкго – ашық тұқымдыларға жататындықтан жемісі болмайды, тек тұқым дамиды. Қытайда тұқымын медицина саласында қолданады, кейде қайнатып, қуырып тамаққа пайдаланады. Қазіргі кезде гинкго Еуропа, Солтүстік Американың саябақтарында өсіріледі. Гинкго – көп жыл жасайтын ағаш, Қытайда, Жапонияда 1000 жылдан аса өсіп тұрған даралары бар.

 

  Жарияланған-2015-12-08 12:17:15     Қаралды-3502

Мәлімет сізге көмек берді ма

ЖЕР ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

...

Бұл мақалада біздің жер туралы қызықты деректер талқыланады

ТОЛЫҒЫРАҚ »

«АССОРТИ» РАХАТ-ЛУКУМЫ

...

Бұл - жеміс мармелады сияқты тағам. Бетіне қант ұлпасы себіледі. Формасы төрт бұрышты болады. Ылғалдылығы – 17-19 процент.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕ СУ КӨП ПЕ?

...

Жер шарында теңіздер, өзендер мен көлдер көк түспен бейнеленгенін білесіздер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

20 ҒАСЫРДЫҢ НЕГІЗГІ ӨНЕРТАБЫСТАРЫ

...

20 ғасырдың негізгі өнертабыстары, оларсыз қазіргі адам өмір сүре алмайды

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘРІЛІК МЕЛИССА

...

Дәрілік мелисса - биіктігі 120 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »