ҚАЗАҚТАРДЫҢ КЕРЕМЕТ ТАҒАМ - ҚАЗЫ
Категориясы: Тағам
Қазы – жылқы етінің ең шиманды бөлігі. Оны ішекке тығып та, ішекке тықпай да сақтауға болады. Қазыны ішекке тығу, яғни айналдыру үшін жылқының екі жақ сүбе қабырғасы екі бөлек алынып, сырыққа немесе керілген жіпке ілінеді де 7–8 сағат сорғытылады. Бұл кезде қазы айналдыратын ішек те тұзды суға салынып қойылады. Қазының екі ұшы түйретілетін іскектер де алдын ала дайындалады. Сорғыған қазының қалың–жұқалығына қарай одан қанша қазы шығатыны көзбен молшерленеді. Өйткені қалың қазы етсіз, жұқа қазы жалпақтау тілінеді. Себебі қалың қазы жалпақ тілінсе, біріншіден, ішекке симай қалады, екіншіден айналдыруға келмейді. Соның салдарынан жылқының ішегінен артылып қалады. Айналдырылмаған қазы айналдырған қазыдан дәмсіз болады. Оның үстіне көп сақтауға келмейді.
Сонымен қазы қабырғалардың басынан бастап қос–қос қабырға етіп, жұптап тілінеді. Қабырғалардың көлденең шеміршектері уілдіріктің арасынан саймалап, шығарылып отырылады. Қазы тілетін пышақ, өткір болуға тиіс. Әйтпесе қазыны ірітіп жібереді.
Қазының тұзына қара бұрыш, үккішпен үгілген сарымсақ қосылады. Тұзы татымды болу үшін қазыны тұздау үстінде оны аударыстырып, әр тұсынан татып байқауға болады.
Тұздалған қазы сойылған малдың терісіне 2–3 сағат орап тасталады. Сонда қазы тұзды бойына жақсы тартады. Содан соң ішекке тығып айналдыра беруге болады. Айналдырып болғаннан кейін ішектің екі ұшы іскекпен түйреліп, жіппен байланады. Сөйтіп іліп қойып дегдітіледі. Содан кейін кептіріп, сүрлей беруге болады.
Қазы ыстап та сақталады. Ол үшін 10–12 градус температурада 3–4 сағат ұсталады да жел қақтырып, дегдітілед. Содан соң 50–60 градус температурада қою түтінге 12–18 сағат ысталады да жылылығы 12 градус жерде 4–6 сағат кептіріледі.
Қазы асып пісіріледі. Ол үшін салқын сумен жуылған қазы шым–шым жылы су құйылған кастрюльде асылады.
Піскен қазы тақтай үстіне салынып, дөңгелектеп қиялал кесіледі. Жайпақ ыдысқа әсемдеп орналастырылады да оның жиегіне дөңгелектеп туралған пияз немесе көк бұршақ салуға болады.
Құрамы: қазы айналдыру үшін 5 килограмм қазы, 350 грамм тұз, 10 грамм қара бұрыш, 50 грамм сарымсақ, дастарқанға қоярда 100 грамм қазы, 1 пияздың 1/4 бөлігі, 2 ас қасық көк бұршақ.
Жарияланған-2016-05-27 13:19:52 Қаралды-14097
АЙЫЛЖАПЫРАҚ СҮЙСІН ЖӘНЕ ТЕЛПЕК СҮЙСІН
Бұл – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қуыс, жапырақтары көп.
ШОКОЛАД КӘМПИТТЕР
Кастрюльге сүт құйылып, қант, какао қосылады, сөйтіп қоюланғанша қайнатылады.
Бізге қанша уақыт ұйқы керек?
Біз ұйқы қашан біздің миымыз және денеміз демалған кезде болдаы деп ойлаймыз. Бұл олай емес; ұйқы бұл көптеген маңызды процестердің, қалыпқа келулердің және күш жұмсаулардың өтетін белсенді уақыттары. Ұйқы – денсаулыққа өте маңызды. Бірақ, шектен тыс көп
ТЕРИ АЛУАСЫ
Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады.
ЕСКІ КОМПЬЮТЕР НЕ ҮШІН ПАЙДАЛЫ?
Біз өз уақытын өтеген компьютерлер туралы айтып отырмыз.
АДАМНЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЖАҒЫМДЫ ҚАСИЕТТЕР
Адалдық - адам бойындағы кіршіксіз ақ, таза ниет, имандылық қасиет. Атам қазақ кейінгі ұрпақтың тәрбиесіне көп мән берген. «Кісінің ала жібін аттама» (яғни, ұрлық жасама), «өтірік айтпа», «біреудің ақысын жеме» деген сияқты тыйымдар арқылы балалардың адал