UF

ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ ҰЛЫ ИМПЕРИЯСЫ

Категориясы: Тарих


Шыңғыс хан империясы - XII-XIII ғасырларда Орталық Азиядағы көшпелілер тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Шыңғыс хан (Темучин, 1162-1227 жж.) мен оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің ортақ атауы.

Шыңғыс хан мен немерелері дүние жүзінің төрттен үш бөлігінде екі жүз жылға жуық уақыт (1182-1368 жылдар аралығында) билік кұрды. Олардың ортақ иелігінің аумағы шығыста - Тынық мұхиттан бастап, батыста - Альпі тауларына дейін, оңтүстікте - мәмлүктер билеген Мысыр (Египет) елінен солтүстіктегі Сібір ормандарына дейін созылып жатты. Империяның астанасы 1264 жылға дейін Қарақорым қаласы болды.

Империяның негізін қият руының көсемі Есугей батырдың ұлы Темучин қалаған. Ол өзінің әскери дарыны мен қолбасшылық қабілетінің, батылдығы мен көрегендігінің арқасында негізгі жауларын бас көтерместей етіп талқандады да, орасан зор аумақты басып алды. Осы жеңістерімен бытырап жүрген тайпалардың басын біріктіруі оның атақ-абыройын көтерді. Барлык ру-тайпалар енді оны өздерінің бірден-бір билеушісі ретінде мойындады. Сөйтіп, 1206 жылғы Құрылтайда ол әлемнің әміршісі - Ұлы қаған болып жарияланды. Ақсүйектер оған Шыңғыс хан есімін берді.

Шыңғыс хан басып алған жерлерін көзі тірісінде өз ұлдарына еншіге үлестіреді. Кіші ұлы Төлеге - Моңғолия, үшінші ұлы Үгедейге - Батыс Моңғолия, Ертістің жоғарғы ағысы мен Тарбағатай аймағы, екінші ұлы Шағатайға - Шығыс Түркістан, Жетісу мен Мәуереннахрдың көп бөлігі, үлкен ұлы Жошыға - Ертістен батысқа қарай Жетісудын солтүстік бөлігі және Еділдің төменгі ағысының бойына дейінгі жерлермен қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ тиесілі болады.

Бүгінгі Қазақстан аумағы ертеде Шыңғыс хан империясының үш ұлысының кұрамына кірген: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысына, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі - Үгедей ұлысына караған.

Шыңғыс хан империясының аумағын 1242 жылдан бастап Ұлы қағанның немерелері бөліп алып, дербес мемлекеттерге айналдыра бастайды. Империядан 1242 жылы Алтын Орда, 1256 жылы Елхандар (Илхандар) мемлекеті, 1264 жылы Юань патшалығы бөлініп шығады. Империяның орталық аймағы батысындағы Шағатай ұлысымен бірігіп, дербес мемлекетке айналады. Осы ұлыс аумағында 1346 жылы Моғолстан, ал 1370 жылы Әмір Темір мемлекеттері құрылады.

  Жарияланған-2015-11-12 16:26:15     Қаралды-11358

Мәлімет сізге көмек берді ма

АТ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Моторсыз, аттың күшін пайдаланып жарыс жолына шығу жүректілер ісі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚИМАҚТАР

...

Қимақтар - түркі тілдес тайпалар. Жазба деректерде қимақтар туралы VII ғасырдың басынан белгілі. Олар Батыс Моңғолиядан Шығыс Қазақстанға көшіп, қимақтар одағын құрған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОЛАТ САРЫБАЕВ

...

Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮНЖІТ ГРИЛЬЯЖЫ

...

Бұл - күнжіт дәні мол салынған карамель сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҰРЫНҒЫ АРУЛАР ӨЗДЕРІНЕ ҚАЛАЙ КҮТІМ ЖАСАДЫ?

...

Сұлулық құпиялары әрқашан әйелдердің құпия қаруы болды, оларға басқаларды таң қалдыруға және өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР: ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

...

Қойдың құйрық майы мен бауыры салқын сумен жуылып, тазартылады. Содан соң қазанға су құйылып, отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »