СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Категориясы: Өнер
Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.
Алматы қаласында тәуелсіздік жылдары салынған бес жұлдызды Президент резиденциясы, «Анкара» (авторы - Бижан Туберг, Түркия) және «Рахат-Палас», «Астана» қонақ үйлері мен т.б. құрылыстар әсемдіктерімен көз тартады. Соңғы сәулеттік үлгілермен банк, кеңсе, сауда кешендері, үйлер мен супермаркеттер бой көтеруде. Оның ішінде Астана, Алматы қалаларында салынған «Рамстор» ғимараттарын атап өтуге болады.
Әсіресе, сәулет өнерінің ең үздік жетістіктерін пайдаланып, Астана қаласында алуан түрлі ғимараттар салынуда. Президент резиденциясы мен Министрлер Кабинетінің әкімшілік ғимараты және Парламент Үйі, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің ғимараты, Қаржы министрлігінің кешені, «Самал» тұрғын үйлер ауданы, аэропорт, Есіл өзені аймағындағы кешен, т.б. айтыл өтуге болады. Соңғы кезеңдерде бұл аймақтарда жаңа Үкімет үйі, «Сити-маркет» сауда орталықтары, Спорт сарайы, Ұлттық мұражай, Еуразия университетінің гимараттары салынды. «Бәйтерек» кешені мен Бейбітшілік пен келісім сарайы әсемдігімен көз қызықтырады.
Жарияланған-2015-11-23 20:32:18 Қаралды-9471
ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?

Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді.
ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.
ДӘРІЛІК ТҮЙЕ ШЫРМАУЫҚ

Дәрілік түйе шырмауық — көп жылдық өсімдік. Тамыры қысқа, қосымша тамырлары көп.
ВАНИЛЬДІ ШЕКЕР-ПЕНДЕР

Құмшекер мен сірнеден шырын дайындалады да, 135-145 градусқа дейін қайнатылады. Дайын карамель массасын арнаулы столда 80-90 градусқа дейін салқындатып, аз-аздап ванилин қосылады. Содан соң илеп, машинамен не қолмен ақ жібектей болғанша тартылады, оның ше
АЗОТ НЕ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ?

Азот – түссіз және иіссіз газ. Олар оны мүмкіндігінше «тұншықтыратын ауа», «тіршілікті қолдамайтын» және зиянды газ деп атады.