UF

КІТАП ОЙЛАП ТАПҚАН КІМ?

Категориясы: Көңіл көтеру


Ешкім де емес. Ондай өнертапқыш ешуақытта болмаған.

Адамдар атам заманнан-ақ, бір-біріне қызықты оқиғаларды айтып, өздерінің білгендерін ортаға салып отырыпты, ал бірақ өз ойларын жаза алмаған. Себебі олар жазуды білмеген.

Алғашқы әріптер пайда болғаннан бері ғана олардың істері ілгері басқан ғой. Әмірші - патшалардың көптеген хатшы-жылнамашылары патша егістігінен қанша астық жиналғанын, өрісінде қанша малының бар екенін, жаңа сарай тұрғызу үшін қанша тұтқын-құлдың қажет екенін есептеп отырған. Оған қоса хатшы-жылнамашылар сол заманның ең кемеңгер адамдарының істеген істері мен ойларын жазып қойған. Қолжазба кітаптар, тіпті бүтін бір кітапханалар осылайша пайда болған.

Бүтін бір кітапхананың қалың-қалың томдарының әріптерін маржандай тізіп, қолмен көшіріп шығу үшін қаншама еңбек, қанша уақыт кетеді десеңші!

Бір қызығы: ол кездегі адамдар жазуды ерте бастан үйренгені сияқты әріпті тасқа басуды игергенімен, кітап басып шығаруды білмеген. Патшалардың, сарай маңындағылардың, бай көпестердің, әскер басшыларының тастан жасаған мөрлері болған. Олар қол қою үшін осындай мөрлерін жұмсак балшыққа не балауызға басқан. Мөр жасауды ойлап тапқан соң, осы тәсілмен кітап басып шығаруға болатын еді. Бірақ бұл істі игеру үшін адамдарға бірнеше жүздеген жылдар қажет болды.

Сөйтіп, ақыры ең алдымен ағаштан, сонан соң металдан жасалған әріп-таңбалар пайда болды. Осындай таңбалардан - сөздерді, сөздерден - жолдарды, жолдардан - бүтін бір бетті құрап алатын дәрежеге жетті. Ол «бетке» бояу жағып, үстіне ақ қағаз басатын. Таспен басылған беттер қолмен жазылғаннан бірде-бір кем түскен жоқ. Ең бастысы жеке таңбалардан құралған мұндай беттерді тез арада оңдаған, жүздеген дана етіп көбейтуге болатын еді. Алғашқы баспа станоктары пайда болды. Ең әуелі шағын қол станоктары жасалса, кейін нағыз баспа машиналары шықты.

Көрдің бе, кітап тарихының қандай ұзақ екенін. Ол мұнымен де тоқтаған жоқ. Осыдан біраз бұрын кітап фабрикаларында - баспаханаларда ең ғажайып машина - линотип еді. Линотипші әріптер таңбаланған түймелерді басса болғаны, қалғанын машинаның өзі жасайды, санаулы секундтарда терілген таңбаларды бір жол ғып жинап, сұйық металдан құйып шығара қояды.

Ал қазіргі кітап басу ісіндегі өте ақылды автомат машиналардың көптігі сондай, оларды санап шығудың өзі қиын.

 

  Жарияланған-2016-09-07 21:37:27     Қаралды-6226

Мәлімет сізге көмек берді ма

ҚАЛҚАН

...

Қалқан - қолға ұстап қолданылатын қорғаныс жарағы. Атына сәйкес денені оқтан, қарудан қалқалау арқылы қорғайды. Көшпелілердің калқандары ат үстінде шайкасуға қолайлы болу үшін шағын, жеңіл етіп жасалған. Қалқанға әр түрлі материалдар: тал шыбықтарын, ағаш

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАЛАҢҚАТ

...

Жалаңқат - бір қабат қалың металдан тұтас етіп соғылатын сауыт. Кеуделік және арқалық бөліктен тұрады. Пішіні жеңсіз кеудеше тәріздес, белден сәл ғана түсіп тұратын қысқа болады. Бұл екі бөлік бір бүйірінен топсалар арқылы, екінші бүйірінен және иықтары т

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСТРАХНУЛИ (ЧАК-ЧАК)

...

Қамырдан жасалып, жіңішке кеспе түрінде кесілген, қайнап жатқан майға құырылған және кәдімгі ара балына пісірілген кәмпитті шығыс халқы осылай атайды. Құырып болғаннан кейін ыдыста май қалдығы қалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМҰРТТАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алмұрттың жемісінде қант, пектин, илік, бояу заттар, алма және лимон қышқылдары, В1, С витаминдері бар. Бұл заттар адам тіршілігіне және организмдегі зат алмасу процесін жақсартуға өте қажетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРАЛДАР ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?

...

Егер судың мөлдірлігі тап ауа сияқты болса, онда кемемен жүзіп келе жатып тереңдегі небір тау жоталары мен шатқал шыңдарды, тіп-тік құлама жартастарды көруге болар еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИСЛАМ ДІНІ

...

Әлемнің түрлі нәсілді, ұлтты, тілді 1 миллиард 800 миллионнан астам халқы ұстанып отырған ислам діні VII ғасырда Жазиратул-л Араб деп аталатын Араб түбегінде дүниеге келді. Аллаһ Т ағала қасиетті Құранды осы елдегі Құрайыш тайпасынан шыққан Абдолланың бал

ТОЛЫҒЫРАҚ »