UF

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ

Категориясы: Спорт


Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы, нард, калах тағы басқа ойындар секілді арнаулы тақтада ойналады. Әрі тоғызқұмалақтың тақтасы өзгеше, жоғарыда айтылғандардың бірде-біріне ұқсамайды. Ойынның тарихы “тағдырын” зерттеген ғалымдар дәлелдегендей, тоғыз құмалақ бізге жеткенше көп өзгеріске ұшыраған. Бұл ойынды әуелде тақтаға емес, жер қазып-ақ ойнай берген секілді. Құмалақ орына нағыз қойдың құмалағын кептіріп пайдаланған. Ол кездегі тақталар бүгінгіге мүлдем ұқсамайды. Дәлірек айтсақ, тоғызқұмалақтың бүгінгі тақтасы үлкен өзгеріске ұшыраған және де тек түр жағымен емес, мазмұн жағынан да көп жетілді.

Тоғызқұмалақ ойынына арнаулы тақта пайдаланылада. Ойынға шахмат, дойбыдағы секілді екі адам қатысады. Әр ойыншының (тоғызқұмалақшаның) тоғыздан отауы болады. Отаулардың рет саны солдан оңға қарай белгіленеді. Мысалы, бірінші, екінші ... тоғызыншы отаулар. Бұл отаулардаң тарихтан жоғалмай бізге жеткен аттары мынадай: Арт, Тектұрмас, Ақотпес, Атсыратар, Бел, Қандықақпақ, Көкмойын, Маңдай. Әр отауға берілген аттар тегін емес. Мысалы, төртінші отау «Атсыратар» деп аталса, шын мәнінде бұл отаудан “тұздық” алсаң, қарсыласын тез атсырайтыны (тұздық туралы да, атсырау жайлы да келесі беттерде кеңіне әңгімелейтін боламыз) рас.

Бүгінгі тоғызқұмалақ тақталары (авторы - Казақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпиондары Қазақстан спорт шеберлері, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушылар Әбілдә Ақшораев пен Серікбай Тілеубаевтар) ойынды жаңаша ойнауға мүмкіндік береді. Әуелде біз тоғыз отауды шахмат, дойбы тақталарындағыда, а, б, в, г деп белгілейтінбіз. Бірақ тоғызқұмалақ таза есеп ойыны болғанды таң бұлайша белгілеу тек символикалық қана роль атқарды. Ал, сандық нотацияға (партияны жазып ойнау) негізделген бүгінгі тақта ойынға үлкен жаңалық әкеліп, ойынды ғылыми негізде дамытуға мүмкіндік әперді.

Кез келген ой ойындары секілді, тоғызқұмалақты үйрену үшін де әуелі партияны жазуды білуіміз керек. Сонда ғана біз газетте жарияланатын сабақты түсіне аламыз. Естеріңізде ме, біз әр отау солдан оңға қарай 1-9 цифрларымен белгіленеді дедік. Олай болса, тоғызқұмалақтың жүрістері былай жазылады: 48-211 немесе 312-510. Мұны қалай түсінуге болады? Алғашқы цифрлар тізбегіне түсінік 4-ші отау да 8 құмалақ бар, сол отаудан жүргенде, қарсыластың екінші отауына түсіп, ондағы құмалақтар санын 11-ге жеткізеді деген сөз. Келесі цифрлар тізбегі де сол секілді 3-ші отаудағы 12 құмалақ, жүргенде бесінші отауға жетіп, ондағы құмалақтар санын оңға жеткізді. Ал, осы екі цифрлар тізбегінің арасына қойылған белгілер екі турлі бірі - сызықша, бірі - қос нүкте. Неге? Мұны білу - тоғызқұмалақ партиясын жазып ойнаудың (нотация) басты шарты. Сонымен партияны жазып ойнауда мына белгілер қолданылады.

жәй-жүріс,... 210-213

табысты жүріс, жеу ... 48:28

X - тұздық белгісі, ...4х - төртінші отауда “тұздық” бар.

I - Жақсы жүріс.

... 215-715!

II-Өте жақсы жүріс.

... 93-35!

? - Нашар жүріс.

... 810-810?

Я? - Үлкен қателік.

... 57-221??

Міне, осы белгілердің жақсы білу - парыз. Сонда ғана біз шеберлер ойнаған партияларды талдай алатын боламыз.

Ал, енді тоғызқұмалақты қалай ойнайды, соған келейік. Әуелде, ойын басталар алданда әр ойыншының бар отауларында (бардағы 9 отау) тоғыз-тоғыздан құмалақ жатады. Әрі бұл құмалақтар шахмат, дойбы ойындарындағы секілді сенікі, менікі, ақ-қара деп белінбейді. Сонымен он сегіз тоғыздан дегенде - барлығы 162 құмалақ бар. Кімде кім соның 82-сін ұтып алса жеңіске жеттеді. 81-81 болса, ойын тең аяқталады.

Ойын былай басталады. Жеребе бойынша бірінші жүріс жасайтын адам өзінің (тек өзінің) тоғыз отауының кез келгенінен сегіз құмалақты (бүгінде құмалақ орнына пластмаса шарж пайдаланып жүр) қолына алып (бір құмалақ сол отауда қалада) солдан оңға қарай, бірде-бір отау тастамай жеткен жеріне дейін салынуы керек. Сонда, ең соңғы құмалақ санын жүп етсе (2, 4, 10, 14, т.с.с.), онда бұл табысты жүріс боп саналып, яғни сол отаудағы құмалақтарды өз қазанына салып алуға, жеуге болады. Ендігі жүріс қарсыластікі. Ол да тура солай жүреді.

Тоғызқұмалақ ойынында алғашқы жүріс міндетті түрде табысты болады. Қарсылас та өзінің бірінші жүрісінде 10 құмалақ жеуге мүмкіндік бар. Бірақ бұған қарап, тоғызқұмалақ ойынын тез-ақ, он шақты жүрісте бітіре салуға болады деген жандар қателеседі. Тоғызқұмалақтың бір партиясы шахмат секілді 4,5-5 сағатқа созылады. Кейде ақталмай, кейінге қалдырылып жатады.

Сонымен, алғашқы жүрістер жасалды. Одан кейін ше? Ойын екі тоғызқұмалақшының алма-кезек жүруімен жалғаса береді. Әйтсе де мына ережелерді естен шығармаған жөн.

а) Соңғы құмалақ түскен отаудағы құмалақтар жүп болса да өз отауларынан жеуге болмайды;

б) Жеуге болатын мүмкіндік көрініп тұрса да басқа жүріс жасауға рұқсат;

в) Отауда бір құмалақ жатса, оны да келесі  отауға жүруге болады. Мұндай жағдайда ол отау бос қалады.

г) Қарсыласыңның отауынан жүруге болмайды;

д) Жүрген кезде жолдағы отауларға құмалақ тастамай кетуге немесе бірден көп құмалақ тастауға болмайды;

е) Жүрісті оңнан солға қарай жасауға рұқсат жоқ;

ж) Жүріс алма-кезек болағу тиіс, бір ойыншының екі рет жүруіне рұқсат етілмейді.

Ойынды бастаған тоғызқұмалақшы өзінің кез-келген отауынан құмалақтарды түгел қолына алып, солдан оңға қарай, бірде-бір отау тастамай (құмалақтарды алған отауға бір құмаақ қалдырады) бір құмалақтан тастап таратады. Сонда ең соңғы құмалақ түскен отаудағы құмалақтар саны (егер ол қарсыластын отаулары болса ғана) жүп болатын болса (26, 16, 42 т.с.) онда ол құмалақтарды «жеуге» мүмкіндігі бар.

Бір қарағанда жүріс жүрген сайын «жей» беретін секілдіміз. Бірақ ойын кезінде олай болмайды. Әр түрлі тактикалық әдіс – айлаларды қолданып, өз отауларындағы құмалақтарды берік қорғаныста ұстауға қол жеткізсек, бірте-бірте құмалақ ұтып аоу қиынға түседі. Сондықтан да басты әдіс жүрістерді есептеуді өте жаксы білу керек.

Жүрістерді есептеу деген не? Бұл – тоғызқұмалақ үшін өте жақсы білуге тиіс бірнеше әдіс. Оны тоғызқұмалақтың әліппесі десе болады.  Ол әдістің «құпиясы» мынада.

Біз құмалақтарды қарсыласымыздың отауынан ғана ұтып ала аламыз. Яғни біздің өз отауларымыздағы, құмалақтарымыздың қайсысы қарсыласымыздың отауына жетеді және “ашық” отауға маңызды. Дөп басып тез тапқан ойыншы, тиісті жүріс жасап, көп құмалақ ұтып алады.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-07-09 16:35:35     Қаралды-21115

Мәлімет сізге көмек берді ма

МЕТРО ҚАЙ ЖЕРДЕ ЖӘНЕ ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Метро - теміржол көлігінің бір түрі, оның жолдары көшелерден алшақ, көбінесе жер асты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АСТАНА

...

Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨКПАР

...

Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙШІЛЕРІ

...

Ән-күй өнері қазақ даласында халықпен бірге жасап келеді. Қазақ халқының тарихындағы айтулы оқиғалар ән-күй жанрында өз көрінісін тауып отырған. Әншілер мен күйшілер халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін, мақсат-мүддесін әндері мен күйлеріне қосқан. Негізі

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА ТАРИХЫНАН

...

Көркем гимнастиканың өмірге жолдама алған жері Европа контингенті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМ-НОХУТ

...

Бұл - алма және өрік пюресін қайнатып, крахмалға құлпынай формалы етіп салынған және бадамның ұсақтап туралған массасына аунатып алынған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »