UF

ҚҰРБАН АЙТ

Категориясы: Дін


Ораза айттан кейін жетпіс күн өткен соң «Құрбан айт» мерекесі басталады. Бұл мерекенің «Құрбан айт» аталуының себебі - осы айтта құрбандық шалынады. Ораза айттағыдай, кұрбан айттың алғашқы күні мұсылмандар мешітке немесе алдын ала белгіленген бір орынға жиналып, айт намазын оқиды.

Құрбан айттың негізгі мақсаты - өмірден кеткен жақындары мен туыстарын еске алу, соларға құран оқытып, құрбан шалу. Айттан бірнеше күн бұрын ата-бабалардын аруағына арнап мал сойып, ішек беретін салт бар.

Алғашқы күні жұрт мешітке жиналып, айт намазын оқығаннан кейін құрбандыққа мал сояды. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр, түйе, тіпті тауық та шала береді. Малдың басқа түрі немесе хайуандар құрбан шалуға жарамайды. Құрбандыққа шалынатын малды мұсылман адам бауыздауы қажет. Нашар, ауру малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандыққа шалынып отырған малды соймастан бұрын молда құран оқиды. Бауыздаушы адам шын көңілімен «Бисмиллаһир рахманир рахим!» деп малдын басын құбылаға, Мекке жаққа қаратып, сол жақ қабырғасымен жатқызып барып сояды. Құрбандыққа шалынған малдың еті кемтарларға таратылады, бір бөлігі туған-туысқан, жақын-жолдас пен көршілерге дәм татқызу үшін тұтастай асылады.

Бұрынғы заманда кұрбандыққа адам шалынатын екен, мұндай сорақы әдет дүние жүзі халықтарының көбінде болған. Осы дәстүрге Алла Тағала тарапынан бірнеше рет келіспеушілік танытқан хабар келген. Бірде бұл дәстүрге сай Ибраһим пайғамбар жалгыз ұлы Исмаилды құрбандыққа шалмақ болғанда, «мал сойылсын» деген хабармен бірге жеті қат көктен көк қошқар жіберіліпті. Ибраһим пайғамбар сол көк қошқарды құрбандыққа шалады. Міне, сол кезден бастап құрбандыққа мал шалу - үлкен міндеттердің бірі болыпты. Азаннан басталған айт мерекесі мешіттегі намаздан кейін үй-үйлерде жалғаса береді. Үш күнге созылған құрбан айт мерекесінде әр үйде дастарқан жайылады, молынан ас пісіріледі. Бір-бірінің үйіне келген, үй-үйді жағалап айтшылаған адамдар құрбандыққа шалынған малдың етінен ауыз тиеді. Бұл күні үлкен мен кіші, жас пен қария бір-бірімен қуанышпен көрісіп, «Құрбан айт қабыл болсын!» - деп жүздесіп жатады. Құрбан айт күні дүниеге келген баланың атын Құрбанғали, Құрбанкелді, Айтбай, Айтқали, т.с.с. деп қойған.

  Жарияланған-2015-11-16 19:32:23     Қаралды-3160

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТАҢҚУРАЙ ТҮРЛЕРІН ӨСІРІП, ӨНІМ АЛУ ЖОЛДАРЫ

...

Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫНҚАҚ

...

Еті тығыз, құрамында қанты көп қауынның қабығы аршылып, дәні алынып тасталынады да жұқалап тіліктерге тілінеді. Олар таза шыптаның үстіне бір-біріне тигізбей салынып, кептіріледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ИТЕЛГІ

...

Ителгі - дүние жүзінде кең тараған құс. Қазақстанда сілемді таулар мен ормансыз ашық далалардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Әсіресе, Маңғыстау мен Үстіртте, Сарыарқаның жатаған таулы өңірлерінде мол ұшырасады. Ителгіні баптау, жалпы, қыран құсты қолға

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮЙЕ ТІКЕН –

...

Түйе тікен - биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, жоғарғы жағында бұтақтары көп болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ

...

Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СӘУЛЕТ ӨНЕРІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ

...

Тәуелсіздік кезеңінен бері Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе, Алматы және Ақмола облыстарының келбеті айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ірі-ірі әкімшілік ғимараттары мен тұргын үй кешендері, көптеген жаңа ескерткіштер пайда болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »