ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ
Категориясы: Өсімдікті
ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ПЛАУН БУЛАВОВИДНЫЙ
Шоқпарбас плаун – мәңгі көгеріп тұратын, биіктігі 1,5 метрге жететін, споралы өсімдік. Сабағы жерге төселіп, жайыла өседі де, біртіндеп бұтақтанып жоғары көтеріледі. Сопақша келген жіңішке жапырақтарының ұшында ұзын әрі өткір ақ түсті шаш сияқты зат, ал бұтақтарының ұшында 3-4 споралы масақшалар бар. Осы масақшалардан шілде айының аяғында су жұқпайтын ұнтақ сияқты сары түсті споралар төгіледі. Шоқпарбас плаун таулы және тасты жерлерде, аршалы тоғайлардың ішінде, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі.
Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады. Бұл үшін плаунның бұтақшаларын қайшымен қиып алып, қағаз қапшықтарға салады да, жабық үйдің ішінде кептіреді. Кептірілген спораларды електен өткізіп алады. Оның құрамында ликоподин, клаватин, клаватоксин деген алкалоидтер, споронин, клетчатка, қант, минералды заттар болады. Спорада 40-50 процент май, пальмитин, стеарин, арахин, олеин қышқылдары бар.
Медицинада шоқпарбас плаунның спорлары жас балалардың денесіне, жараларға себетін дәрі ретінде пайдаланылады. Шоқпарбас плаунның бұтақтары нерв жүйесін және ревматизмге байланысты буынның сырқырағанын тыныштандыратын дәрі есебінде қолданылады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің споралары мен бұтақтарының сулы тұнбаларын бүйректің және қуықтың ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Қабынуға қарсы әсер ететіп, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттеріне байланысты, шоқпарбас плауннан жасалған дәрілер бауыр ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларын және денедегі әр түрлі шаншуларды емдеу үшін қолданылады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Споралардың 2 ас қасығын 2 стакан салқын суға салып 15 минут қайнатады да, 1 ас қасықтан спораларымен бірге әрбір сағат сайын ішеді. 30 грамм бұтақшаны 1 литр суға салып қайнатады да, 2 ас қасықтан сол бұтақшалардың тұнбасын әрбір сағат сайын ішеді.
Жарияланған-2016-07-15 16:32:30 Қаралды-5677
ТҰРЫМТАЙ
Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді.
Стайл әже: жаңа сәнді тренд
Ақ шаштар үнемі кәріліктің белгісі және сұлулықтың солуы саналып келді. Сол себептен әйелдерге оны әртүрлі тәсілдермен жасыруға тура келді. Бірақ, бүкіл дүне жүзі бойынша жас қыздар стереотипті жою керек деп шешіп, шаштың бұл түсін жаңа тренд етіп жасады.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК
Шикі жұмыртқаның сары уызы, қант, ұнтақталған жаңғақ дәні және бал қосылып үгіледі. Осы қоспа ерітілген сарымайға салынып көпіргенше араластырылады.
АДАМ ТЕРІСІ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Биологтар мен дәрігерлер адам терісін бұрыннан зерттеген және оның бізден ешқандай құпиясы қалмаған.
САЛЛАМ ӘТ-ТАРДЖУМАН
Саллам әт-Тарджуман - араб саяхатшысы. Саллам әт-Тарджуман IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад каласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген.