ИОНДАУШЫ СӘУЛЕ ДОЗАСЫ
Категориясы: Соғыс
Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз белгілі бір ортада иондаушы сәуленің әсер ету шегі. Иондаушы сәуле дозасы төмендегіше бөледі: Жұтылған доза - сәуле алған ортаның масса бірлігі жұтқан иондаушы сәуленің кез келген түрінің энергиясы, ол халықаралық жүйе (СИ) бойынша грэймен (Гр-Дж/кг) өлшенеді; ауаның иондалуы бойынша ҚП/кг өлшенетін рентген және гамма-сәуленің экспозициялық дозасы, тірі организмге радиациялық қауіптің биологиялық әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен (Зв-дж/кг) өлшенетін эквивалентті доза; бүкіл сәуле алған масса жұтқан және Гр. к. немесе Дж; өлшенетін интегралды (жиынтықты) доза; шегінде иондаушы сәуле организмде белгілі бір аурудың өзгерістерін тудырмайтын шекті мөлшерлі эквивалентті доза.
Иондаушы сәуле доза уақыт бірлігіне қатысы доза қуаты деп аталады. Дозиметрлік тәжірибеде гамма-сәуле экспозициялық дозасы үшін жүйеде жоқ бірлік – рентген («Р») қолданылады. Бұл рентген немесе гамма-сәуленің мөлшері оның әсерімен температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см3 құрғақ ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады. Эквивалентті дозаның жүйеде жоқ бірлігі, сондай-ақ бэр (рентгеннің биологиялық эквиваленті) болын табылады. Бэр - 1 «Р» гамма-сәуледегідей биологиялық эффект туғызатын кез келген сәуленің жұтылған дозасы.
Иондаушы сәуле доза сәуленің мөлшері мен алған уақытқа байланысты. Сәуле алу бір рет және бірнеше рет болады. Кұтқару жұмыстары иондаушы сәуле дозасын және қорғану режимін азаматтық қорғаныс аға бастығы белгілейді.
Жарияланған-2016-02-20 15:12:23 Қаралды-6604
ГЕРОДОТ

Скифтердің тұрмыс-тіршілігімен етене жакын танысқан - тарих атасы Геродот. Грекияның Галикарнасынан шыққан Геродот біздің заманымызға дейінгі 455-445 жылдар шамасында Эгей теңізіне, Парсы еліне, Мысырға, Италияға, Скифияға, Македонияға саяхат жасайды.
БАЛ ҚОСЫЛҒАН КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

Бұл - әбден қайнатылған бал-шекер шырынымен араластырылған күнбағыс дәнінен әзірленген, төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам.
ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӨНЕРІ

Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын Бағзы Греция мен оны жаулап алғап Римде қазір «Ежелгі дәуір өнері» деп ата латын сан алуан көркем өнер түрлері ерекше көркейіп өскен.
ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.
ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.
ДЕРМЕНЕ

Дермене – биіктігі жарты метрге жететін, көп жылдық, жартылай бұталы өсімдік. Тамыры жуан, көптеген қосымша тамырлары бар.