ОШАҒАН - ҚУЫҚ АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙДІ
Категориясы: Өсімдікті
ОШАҒАН – ДУРНИШНИК ОБЫКНОВЕННЫЙ
Ошаған – биіктігі 1 метрден асатын, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағын қысқа түк басқан, бұтақтары көп. Жапырақтары үш салалы, төменгі жағындағылары жүрек тәрізді, шеттері өткір тісті. Гүлдері жапырақтарының қуысында масақ сияқтанып шоғырланып тұрады. Маусым айынан тамыз айына дейін гүлдейді. Бақшаларда, үйлердің маңайында, жолдардың жиегінде, суармалы егістіктерде арамшөп ретінде шыға береді.
Дәрі жасау үшін өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін (ірі сабағынан басқасып) гүлдеген кезінде жинап алады. Құрамында йод және пигменттер, аскорбин қышқылы алкалоидтер бар. Халық арасында бұл өсімдікпен жемсау ауруын, дизентерияны, қуық ауруларын, жұтқыншақ бездерінің қабынуын емдейді. Орта Азия халықтары медицинасында жас өсімдіктің сөлін алып, бронх демікпесін, геморройды емдейді.
Қытай халық медицинасында өсімдікті тер шығаратын және дененің ыстығын басатын, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданады. Тұқымымен есекжемді емдейді, улы жәндіктер шағып алғанда да ем үшін қолданады. Жапырағы мен жемісін сал ауруларын емдеуге пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. 3 ас қасық шөп ұнтағын 3 стакан суға салып 10 минут қайнатады да, тұндырып, әр ішкенде 1 стаканнан күніне 3 рет ішеді. Тері ауруларын емдеу үшін өсімдіктің жас жапырақтарын езіп, ауырған жерлерге жағады, бұл үшін қыста жоғарыда айтылған тұнбаны пайдаланса да болады.
Жарияланған-2016-07-14 22:05:15 Қаралды-7050
СУ АСТЫНДАҒЫ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЬІС

Cу астындағы ядролық жарылыс - бұл су бетінде немесе жарқыл шығару аймағы су бетіне жететін биіктікте болатын ядролық жарылыс.
МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН ЖАҢҒАҚ КЕКСІ

Ұн еленіп, ысқыштан өткізілген грек жаңғағымен және жүзіммен араластырылады. Белок әбден көпіршігенше шайқалып, аз-аздан қант ұлпасы қосылады.
ГҮЛДЕР НЕГЕ ХОШ ИІСТІ ШЫҒАРАДЫ?

Жарқын түс, аңқыған хош иіс гүлдерге көбелектер мен шыбын-шіркейлерді өзіне шақыру үшін қажеті.
ТҮЙЕ ТІКЕН –

Түйе тікен - биіктігі 2 метрге дейін жететін, екі жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы тік өседі, жоғарғы жағында бұтақтары көп болады.
ДІРІЛДЕКТІ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

Үйітіліп, әбден тазартылған сиырдың сирағы бірнеше бөлікке бөлінеді де кастрюльге салынып, су құйылады.
БІЗДІҢ ӘЛЕМ ТУРАЛЫ СІЗ БІЛМЕГЕН 15 КЕРЕМЕТ ФАКТ

Біздің әлем - шексіз жұмбақ. Күн сайын сіз ол туралы көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз!