UF

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПАСТЕЛЬ

Категориясы: Өнер


Жан-Этьенн Лиотар. 1702-1789 жж. Натюрморт. Пастель Рококо.

Швейцария суретшісі Жан Этьенн Лиотардың мынау «Шоколад дайындаушы әйел» деген картинасына қараңдаршы.

Жан-Этьенн Лиотар. 1702-1789 жж. "Шоколад тасушы қыз"

Жап-жас қызметші әйел қолындағы фарфор табақша мен мөлдір таза су құйылған стакан қойылған табақшаны сәндене басып алып келеді. Уыздай жүзі, сымбатты мүсіні ерекше бір сүйкімділікке толы. Бас киімі, үстіндегі көйлегі, қолындағы табақшасы - бәр-бәрінен бір нұр шашырап тұрғандай.

Арада екі ғасырдан астам уақыт өтсе де (Лиотар XVIII ғасырда өмір сүрген), түп нұсқаның бояуы әлі күнге әрін жоғалтпаған.

Бұл картина майлы бояумен емес, пастельмен салынған. «Пастель» италияның «pasta» - «қамыр» деген сөзінен шыққан. Түрлі-түсті пигменттердің ұнтағына бор мен балауыз араластырып, қамыр илейді. Сосын одан жұмыр таяқшалар жасап кептіреді. Пастельде сан алуан реңк бар. Сондықтан оның қарындаш екеніне қарамастан онымен салынған шығарманы майлы бояумен салынған живопись туындысындай қабылдаймыз. Пастельді суға езіп, акварель мен гуашь секілді пайдалануға да болады. Пастель техникасы ертеден белгілі. Тіпті Леонардо да Винчидің өзі ара-тұра осы қарындашты пайдаланған. Алайда, Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері пастельдің бояуы ұзаққа сақталмайды деп есептеп, темпера мен майлы бояуларды жиірек қолданды. Оның үстіне, олардың шығармалары пастельмен салуға келе қоймайтындай тым көлемді келетін.

Ал XVIII ғасыр суретшілері пастельдің бір тұтас жұмсақ жұғатын биязылығы мен әрлілігін өте қастерледі. Ол, шынында да, пастельдік бейнелеу өнерінің дәуірі болды. Ол замандағы күлтелі көйлек киген ханымдар мен бастарына парик, үстеріне, жағасына кесте төккен мундир киген төре жігіттерді бейнелеуге пастель келісіп кететін еді.

Сол тұста пастельді тез оңдырмай, ұзаққа сақтайтын ертінді табылды. Енді пастельмен салынған картиналар күнге оңбайтын, көп уақыттар бойы өңін жоғалтпайтын болды.

  Жарияланған-2016-11-16 20:32:22     Қаралды-6713

Мәлімет сізге көмек берді ма

КИЕЛІ СҰЙЫҚТЫҚ ДЕГЕН НЕ?

...

Түркі дүниесінде ағарғанды киелі сұйықтық (сакральная жидкость) деп санаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛМАТЫНЫҢ ТӘТТІ НАНЫ

...

Бұл нанды жасау үшін май, қант, қатырылған (меланж) немесе қатырылмаған жұмыртқа, сода немесе аммоний араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫЛ БОЙЫ КҮНДІЗ БОЛЫП ТҰРУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Қабырғада күнтізбе ілулі тұр. Бір жылда қанша күн болса, онда да соншама парақ бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАУАЗЫМДАР

...

Бітікші - көшірмеші, хатшы, іс жүргізуші адам. Бұл лауазымды орта ғасырлардағы Орталық Азия мемлекеттері қолданған. Кейде олар басшы қызмет те атқарған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӨШІРГІШ НЕЛІКТЕН ӨШІРЕДІ?

...

Алдына қағаз жайып, қолына қарындашты алса болғаны, көп кешікпей-ақ бір тамаша сурет дайын тұрады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮЙДЕ ЖҰМЫС ІСТЕГЕНДЕ ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ ОЙЛАСАҢ...

...

Жазу жұмысына отырғанда жарық (терезе, шам) сол жағыңда болсын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »