ЖАҢҒАҚ ПЕН ЖҮЗІМНЕН ЖАСАЛҒАН ДОМАЛАҚ
Категориясы: Тағам
Тазартылып, қуырылған грек жаңғағы, іріктеліп, жуылып кептірілген жүзім (сүйегінен арылтылған) және кепкен нан ет тартатын машинадан екі рет өткізіледі. Жүзім эссенциясы мен бал қосылып, жақсылап араластырылады да грек жаңғағының үлкендігіндей етіліп домалақтанады. Сөйтіп қант ұлпасына аунатылып, вазаға салып, шай дастарқанына қойылады.
Бұл тағамды жасауға 150 грамнан жаңғақ пен жүзім, 60 грамм кепкен нан, 50 грамм бал, 40 грамм қант ұлпасы және 0,5 грамм жеміс эссенциясы жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-15 17:58:31 Қаралды-2899
КЕБЕП (ШАШЛЫҚ) КӨП БОЛМАЙДЫ
Қой етінің жұмсағынан әр кесегінің салмағы 15-16 грамнан келетіндей етіліп туралады да, тұздалып, бұрышталады.
ЖЫЛ МАУСЫМДАРЫ ТУРАЛЫ
Қөктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Халықтың ұғым-тусінігіне орай қалыптасқан сөз тіркесі осылай айтыла ды.
Неге қамшы сондай қатты дыбыс шығарады?
Қамшының «дыбысы» қамшының ұшы дыбыс жылдамдығының тез қозғалуынан пайда болады, ол аз ғана дыбыстық соққыны құрайды. 1958 жылы бұл дерек 1927 жылы жасалған жоғары жылдамдықтағы көлеңкедегі бірнеше суреттерге талдау жасаған кезде расталған.
МЕЙІЗ САЛЫНҒАН ПЕЧЕНЬЕ
Жұмыртқаға қант қосып шайқалып, қаймақ, сарымай, тұз салынады. Ұн крахмалмен және содамен араластырылып, әлгі шайқалған массамен қосылады.
ЖҰЛДЫЗДЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ БОЛА МА?
Кейде аспан әлемінде өзгеше бітімді «құйрықты» жұлдыздар пайда болады. Оларды ғылым тілінде комета деп атайды.
КАВКАЗ ОВЧАРКАСЫ
Кавказ овчаркасы - ертеден келе жатқан отандық бақташы ит тұқымы. Бұған адам әсері аз тиді де өзінің алғашқы типін таза сақтап қалды. Ол тек ауа райының жағдайына қарай кейбір қасиеттерін ғана өзгертті.