ИМРЕССИОНИСТЕР
Категориясы: Өнер
К.Моне (1840-1926 жж.). "Аржантеедегі көпір"
Өткен ғасырдың екінші жартысында Францияда қаулап бір топ жас суретшілер шықты. Олар бұрын-соңды көрмегенді істеп, өз шығармаларын шеберханада емес, өзен жағасында, далада, орман ішінде, шалындықта ашық аспан астында тұрып салатын әдет шығарды.
Олар шығармалары Парижде алғаш рет көрмеге қойылысымен-ақ суретші қауым тарапынан француздың «impression» - «әсер» деген сөзінен шығарып, импрессионистер деген атақ алды. Шынында да, олар өз туындыларында өмірден алған әсерлерінің ізін суытпай тұрып, бейнелеуге тырысатын. Су айдынына, жапырақтарға, кісілердің үсті-басына түскен күннің шуағына дейін қолмен ұстап, көзбен көргендей дәл жеткізетін. Олардың суретінен өкпек желді, жауыннан кейінгі дымқыл ауаны, күн қыздырып балбырап жатқан топырақты дәл сол қалпында сезінесің.
Олар табиғаттағы әр алуан құлпырған бай бояу әлемін жіті байқап, дәл жетікізуді тырысты. Импрессионистердің бірі Моне тұман күнгі Лондонды бейнелейтін шығарма тудырды. Оны көрмеден көрген лондондықтар әдетте бұлыңғыр сұрғылт деп жүретін тұманның қызыл күрең боп қошқылданып кеткеніне қатты қайран қалысты. Артынан көшеге шығып, тұманның, шынында да, суретші салғандай қызыл қошқыл екеніне көздері жетті. Өйткені, Лондонның үйлері көбінесе қызыл кірпіштен салынған-ды. Олар дымқыл ауада дүниені қызыл мұнар қоршап алғандай әсер қалдырады екен.
Сүйтіп, суретші бұрын байқалмай жүрген бір ақиқатқа адамдардың көзін жеткізді.
Импрессионист суретшілердің шығармашылық жолдары өте қиын болды. Олардың шығармалары әу баста тіптен анайы әрі күлкілі көрініп, ешкім мойындамай қойды. Сатып алушылар да табылмады. Бірақ, олар алған беттерінен қайтпады. Аштыққа да, жоқтыққа да мойымай, өз ізденістерін жалғастыра берді.
Импрессионистердің өнеріне жұрт әбден мойын ұсынған кезде, олардың көпшілігі дүниеден ауып та үлгерген-ді.
Қазір жер жүзінің көптеген музейлері өздерінде сақтаулы Мане, Моне, Ренуар, Дега, Сислей, Писарро шығармаларын ерекше мақтаныш тұтады.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 21:04:50 Қаралды-3680
МҰРНЫҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...
Сендер ауыздарыңа жара шығып, тамақ жей алмасаңдар бір-екі күн шыдайсыңдар, алмурын іші бұзылып, тыныс ала алмай қалсаң, қанша уақыт шыдайсыңдар?
КҮРЕҢОТ - НЕРВ ЖҮЙЕСІН ТЫНЫШТАНДЫРАДЫ
Күреңот – биіктігі 2 метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
ПЫШАҚТЫҢ ЖҮЗІ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Дүкенге жіберер алдында жұмысшы пышақ жүзін тегістегіш станокпен айнадай ғып жалтыратыпты.
СҮТ ШӘРБЕТІ
Фундук жаңғағының дәндері қосылған кілегей помадасынан жасалған қалақша түріндегі тағам осылай аталады. Сүт помадасын әзірлеу әдісі қарапайым. Ол құмшекер мен сүттен пісіріледі. Шырынның қоңыр тартып кетпеуі үшін қайнап бітуіне 10-15 минут қалғанда сірне
МИПАЛАУ - ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАРҒА ТАРТЫЛАДЫ
Мипалау көбінесе құрметті қонақтарға қазақша еттен кейін тартылады. Сол кісілердің рұқсатымен бүкіл дастарқан басындағылар ауыз тиеді.