ЖАҢҒАҚ ҚОСЫЛЫП, БАЛ ЖАҒЫЛҒАН КӨКНӘР
Категориясы: Тағам
Бұл - қант-бал шырынында қайнатылып, грек жаңғағы немесе фундук қосылған көкнәр дәнінен жасалады. Қиғаш төрт бұрышты формаға келтіріледі. Тағамның ылғалдылығы 3 проценттен аспайды. Бір килограмында кемінде 50 данасы болады.
Қайнап жатқан шырынды үнемі араластыра отырып, аз-аздан көкнәр дәні салынады. Қайнатып бола бергенде (температурасы 120 градусқа жеткенде) жаңғақ дәндері қосылады. Массаның ылғалдылығы қажетті деңгейге жеткенде басқа ыдысқа салып алынып салқындатылады да 10-12 миллиметр қалыңдықта қиғаш төрт бұрыш етіліп кесіледі. Содан соң қаңылтыр қораптарға салынады.
Жарияланған-2016-03-16 09:35:31 Қаралды-2236
ТЕРИ АЛУАСЫ

Бұл алуа көпіршік түзгіште қой майымен және мақта майымен қосып араластырылып, көпіршітілген карамель массасынан жасалатын біркелкі талшықты масса болып табылады.
НАУРЫЗЫМ ҚОРЫҒЫ

Наурызым қорығы 1934 жылы қарағайлы орман мен Қостанай облысының Наурызым ауданындағы далалы аймақтың шағын көлдерін (Наурызым, Торғай) сақтап қалу мақсатымен құрылған. Бұл жерді табиғи мұражай десе де болады.
СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.
КӨМБЕ - КӨМІП ПІСІРГЕН БІР УАҚ МАЛДЫҢ ТҰТАС

Қазақ халқы көмбелерді үйден гөрі түзде көбірек дайындаған. Көмбе - көміп пісірген бір уақ малдың тұтас еті.
МАЛБАҒАР МЕҢДІҚҰЛОВ

Малбағар Меңдіқұлов (1909-1986) - қазақ халқынан шыққан тұңғыш архитектура профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Алматы қаласының тұңғыш бас архитекторы. Ол Орынборда дүниеге келген.