UF

СИЫР ҚАЛАЙ ЖАРАТЫЛДЫ?

Категориясы: Жануарлар


Дәстүрлі сенімде төрт түлік кез келген адамға емес, іске, шаруаға қыры бар жанға бітетіндігін қазақ «Сиыр қалың нуға, қоры үзілген қуға бітеді» деп мақалдаған. Сиыр түлігін ертеден шаруашылығы орта және төмен қазақтар ұстап, оның таза көшпелі өмірге шыдамсыздығын, табиғаты қолайлы жерде өсіп-өнетіндігін өмір тәжірибесінен тұжырымдап айтқан. «Сиыр сушы келеді», «Өленді жерде өгіз семіреді» деп сиырдың шығу тегін судан жаратуы тегін емес.

Қазақ аңызында көк егіз мүйізімен жерді қазып, жер бетіне суды алғаш шығарушы. Жер көк өгіздің мүйізінде тұр. Ол бір мүйізімен екінші мүйізіне жерді ауыстырғанда жер сілкінеді дейді. 22 наурыздағы күн мен түннің теңесуіне былай сенген: «Жерді көтеріп тұрған көк өгіз бір мүйізінен екінші мүйізіне жерді ауыстырғанда жердің салмағы екі мүйізге тең түсіп, күн мен түн теңелді».

Қазақтарда мүйізді ір караға байланысты «сауын алу» салты болған. Малы жоқ адамдар ауқатты адамдардан сүтін пайдалану үшін «сауынға» деп белгілі бір мерзімге сауатын сиыр сұрап алып, сауын алушы өзі алған малын төлімен қоса аман тапсыруға кепілдік береді. Бұл салт жөнінде қазақ «Ердің жайын сұрама, жұрттан сауын алған соң» деген.

Сиырға байланысты қазақтарда көптеген ырымдар бар:

- Сиыр үйге сүйкенсе жаман ырым деп біз сұғып алған.

- Сиыр ыңыранса, үйір шақырады, сиыр басы өседі деген.

- Түнде сиыр мөңіресе - жамандықтың белгісі деп тұжырымдаған.

- Сиырлар жиналып өкірсе малға індет келеді деген.

- Сиырды сойғанда көк бауырын «ауқаулап» үй төбесіне лақтырып тастаған, үйір шақырады деп.

- Сиырдың буйрегін жемеген, бұған байланысты қазақта «Сиырдың бүйрегіндей кандай ел, қырық құрау» деген нақыл сөз бар.

- Сиырдың тұмсығын қазақ «арам» деп шауып тастаған.

- Сиырдың, не өгіздің бас сүйегін егіс немесе жеміс бағының басына іліп кояды. (Мәлімет А.Токтабайдың «Төрт түліктің қасиеті» кітабынан).

Сиыр түлігінің ішінде де жүйрігі болады. Оны қазақ «қара тіл» немесе «құнжын» деп атаған. Ертеректе қалмақ батырларының құнжын мінгендері де болған. Түйе секілді өгіздерді де ноқталап танауын тескен. Қазақ үшін сиыр күш көлігі де болған. Оған жер жырту үшін соқа қосса, көшу үшін арба жеккен, салт та мінген. Қойды өгізге мініп жүріп те баққан. Сиырға - ашамай немесе ыңыршақ салып ерттеген. Сиырдың Қазақстандағы бұрыңғы түрлері - қазақтың ақ бас сиыры, қалмақ сиыры, қырдың қызыл сиыры, Әулие ата сиыры, Алатау сиыры. Бүгіндері ет пен сүтті көп беретін шетелдік тұқымдары көптеп өсірілуде.

  Жарияланған-2016-08-22 13:02:15     Қаралды-11404

Мәлімет сізге көмек берді ма

КЕРАМИКА - ЕҢ ЕЖЕЛГІ ӨНЕРЛЕРДІҢ БІРІ

...

Адамдар атам заманның өзінде-ақ саздан ыдыстар жасауды білген. Бертін келе оны су жібермейтін берік болу үшін пешке сап күйдіруді үйренген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СЫРДАРИЯ

...

Сырдария өзені Орталық Тянь-Шань жоталарынан басталып, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан аймағы аркылы өтіп, Қазақстанда Арал теңізіне келіп құяды. Ұзындығы - 2219 км.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

...

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ

...

Жер шарындағы ең кіші мұхит

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОЛЛИ (ШОТЛАНД ОВЧАРКАСЫ)

...

Ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымы. Отаны - Шотландияның табиғаты қатал таулы аудандары.

ТОЛЫҒЫРАҚ »