UF

ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ

Категориясы: Тарих


ЕЖЕЛГІ ҮРГЕНІШ, Ғургандж, Джурджанийя - Хорезмнің солтүстігіндегі көне қаланың орны. Амударияның сол жағасында. Қаланың сілемдері қазіргі көне Үргеніш қаласының (Қарақалпақстан) шетінде жатыр. Аумағы 400 га. Арабша деректерде тұңғыш рет 8 ғасырдың басынан бастап аталады. Алайда ғалымдар қала өмірінің басын б. з. 1 ғасырына жатқызады.

10 ғасырда жазған араб географтарының (Ибн Хордадбек, Макдиси) айтуынша, Үргеніш бүкіл Хорезмде көлемі жағынан екінші қала болған. Қала айнала бекініс іргелерімен қоршалған. Қалаға кіретін төрт қақпа болған. Ежелгі Үргеніш архитектуралық өнерінің ескерткіштеріне бай. Олар: Төребек ханым, Шереф шейх, Фахраддин Рази мавзолейлері мен Үргеніш мұнарасы. Бұлардың ішіндегі ерекше көркемі - Мамун ибн Мұхамед әмірдің сарайы. Тегінде Ежелгі Үргеніштің қақпалары - сәнділігі жағынан Орта Азияда теңдесі жоқ құрылыстар. Қала әсіресе 12-13 ғасырларда қарқындап өскен. Орта ғасыр географы Якуттың жазуынша, Ежелгі Үргеніш өзі көрген барлық қалалардан әсем және бай екен.

Ежелгі Үргенішті Жошы мен Шағатай әскері едәуір қиратты. 1224 жылы Жошы ұлысына кірді. Алтын Орда құрылған соң ол осы мемлекеттің құрамында болды. 13-14 ғасырларда біршама қайта көркейді. 1388 жылы Ақсаң Темір қаланы талқандады. Ежелгі Үргеніштегі өмір 17 ғасырда біржола өшті.

1952 жылы Хорезм археологиялық және этнографиялық экспедициясы зерттеді. Қазба жұмысы кезінде қыш құмыралар, теңгелер, алуан түрлі әшекей заттар т.б. табылды. Үргеніш халқы отырықшы болып, қолөнері мен архитектуралық өнерін мықтап дамытқан. Металдан бұйымдар жасап, теңге құя білген.

  Жарияланған-2019-09-09 17:04:22     Қаралды-4060

Мәлімет сізге көмек берді ма

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ПРОПОРЦИЯ

...

Бұл латынның «proportio» - «үйлесім», «сәйкестік» деген сөзінен шыққан. Ол қандай да зат болмасын оның жеке-жеке бөліктерінің арасындағы белгілі бір сәйкестікті білдіреді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПИНГ-ПОНГ ОЙЫН ТУРАЛЫ

...

Үстел теннисі 19 ғасырдың сексенінші жылдары Англияда пайда болды деп есептеледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЙЫТЫЛҒАН БАДАМ

...

Бұл - тазартылған бадам дәндері батырылған кілегей помадасынан тұратын дөңгелек формалы тағам. Бетіне карамель массасынан көз салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

РАДИОАКТИВТІ ЗАҚЫМ

...

Радиоактивті зақым дролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың жерге түсуі немесе АЭС апаты кезінде атмосфераға шығарылуы нәтижесінде жердің, су мен ауаның зақымдануы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҰЛЫБРИТАНИЯДА НЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ?

...

Ұлыбританияда көптеген тыйымдар бар, кейде ең оғаш және күлкілі, ұзақ тарихы бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БОКС ТАРИХЫНАН

...

Жұдырықтасу адам қоғамының тарихында және ертедегі олимпиада бағдарламасында - панкратион деген атпен белгілі болған спорт.

ТОЛЫҒЫРАҚ »