КӨНЕ ТҮРКІ ӘЛІПБИІ НЕМЕСЕ ОРХОН-ЕНИСЕЙ ТАҢБАЛАРЫ
Категориясы: Тарих
Ежелгі түркі халықтары пайдаланған жазу көне түркі әліпбиі немесе Орхон-Енисей жазуы деп аталып жүр. Олардың тастарға қашалып жазылған жазбалары бүгінгі күнге дейін жеткен. Мұндай ескерткіштер Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарларынан. Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабынан, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауынан кездесті. Бұл жазуларды алғаш табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» деп атап кеткен. Сонымен бірге Скандинавия руналарына ұқсас болғандықтан, оларды «руна жазуы» (сына) деп атау да қалыптасты.
1893 жылы Орхон-Енисей таңбаларының мағыналарын анықтаған дат ғалымы профессор Вильгельм Томсен еді. 1894 жылы академик В.В. Радлов көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі жазудың тұңғыш аудармасын жасады.
Көне түркі әліпбиінің құрамында 35 әріп бар. Жазу оңнан солға қарай оқылады.
Көне түркі тіліндегі жазулардың тастарға ғана емес, үй жиһаздарына, түрлі бұйымдарға да ойып жазылғандығы кейінгі уақытта айқындала түсті. Мәселен, Талас алқабынан ағаш таяқшаға, төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген, Іле бойынан жартастарға, жүзікке бедерленген ойма жазулар табылды. 1948 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған, 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған сына жазу белгілі болды. Жайық өңірінен анықталған қола айнадағы сына жазу 1986 жылы жарияланды. Мұның бәрі Қазақстан аумағында орта ғасырларда әліпбилік жазудың кең таралғанын көрсетеді.
Жарияланған-2015-11-19 15:00:52 Қаралды-14766
БӘЙТЕРЕК

Астана қаласындағы сәулет өнерінің бірегей туындысы - «Бәйтерек» кешені. «Бәйтерек» кешенін жобалаушы архитекторлар тобы - А.Рүстембеков, С.Базарбаев пен Айтбалаев, инженер-конструкторы - М.Вахштейн, нтерьер дизайншысы - А.Оспанов; ал құрылысын «Имсталько
ЖҮЗІМ ҚОСЫЛЫП КҮРІШ САЛЫНҒАН АЛМА

Жуылған алманың өзегі арнаулы аспаппен тазаланып, оған фарш толтырылады да духовкаға қойып пісіріледі.
КЕНТАУ

Кентау - Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіпті қала. Шымкент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде, Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі сұр топырақты шөл белдемінде орналасқан.
ЖАС ЖЕМІС НЕМЕСЕ ЖИДЕК АРАЛАСТЫРЫП ШАЙҚАЛҒАН ҚАЙМАҚ

Рецептіде көрсетілген жемістер жақсылап жуылып, үстіне шайқалған кілегей құйылады. Дастарқанға қант ұлпасы қоса әкелінеді.
ТҮРІК ШЕЖІРЕСІ

«Түрік шежіресі» - Хиуа ханы әрі тарихшы Әбілғазы Баһадүр ханның шығармасы. ІІІығарма 9 тараудан және алғы сөзден тұрады. Шығарманы Әбілғазы бастап (1663), баласы Ануша аяқтаған (1665). Шежіреде түркі-моңғол тайпалары, Шыңғыс хан мен оның әулеттерінің, Әб
БАРСАКЕЛМЕС ҚОРЫҒЫ

Барсакелмес қорығы Арал теңізінің Барсакелмес аралында 1939 жылы құрылды. Бұл арал сазды, тақырлы, құмды болғандықтан, өсімдіктері де, негізінен, шөл далалық. Негізгі өсімдігі - сексеуіл. Қорықта қарақұйрық, ақбөкен мекендейді.