ҚЫЗЫЛҚҰМ ӨҢІРІ
Категориясы: Табиғат
Қызылқұм өңірі - Әмудария (Өзбекстан) мен Сырдария (Қазақстан) өзендері аралығын алып жатқан құмды алқап. Басқаша айтқан-да, солтүстік-батысы Арал теңізіне, оңтүстік-шығысы Өзбекстандағы Зеравшан аңғары мен Нұратаға ұласады. Қызылқұм кұмды алқабының ауданы 300 мың км2-ді құрайды немесе Қазақстандағы Шығыс Қазақстан облысының аумағындай жерді алып жатыр. Теңіз деңгейінен 300 метр биіктегі құмды төбелер мен жалдардың салыстырмалы биіктігі 20-30 метрге жетеді. Кезінде теңіз түбі болған оңтүстігіндегі бұйратты төбелер (Бұқантау, Тамдытау, Құлжықтау, т.б.) кездеседі. Көктемде ғана гүлдеп, жаздың басында құрғап, кеуіп қалатын өсімдіктер, сонымен бірге құм жусаны, ақ және қара сексеуіл, жүзгін, бұйырғын, ал Сырдария аңғарында тоғай өседі. Шөлде өмір сүруге бейімделген бауырымен жорғалаушылар және аң-құстар көп. Көктемде құм төбелері арасында шағын көлшіктер мен уақытша ағатын шағын өзендер, жылғалар пайда болады.
Қызылқұм құмды алқабында Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының оңтүстік бөліктері жатыр. Құм төбелер мен оның төңірегінде жыл бойы мал жайылады. Кейінгі жылдары мұнда мәрмәр, графит, алтын, газ, кен орындары табылды.
Жер бетінде тұрақты ағын су болмағанымен, құмды алқаптың жер қойнауында жер асты теңізі саналатын Қызылкұм артезиан алабы жатыр. Қазақстандағы оның аумағы 115 мың км2, суы тау етектерінде 30-300 метр болса, құм арасына қарай 1770 метр тереңдікте жатыр.
Қазақстанда бұл Қызылқұмнан басқа Зайсан көлінің маңында, Каспий теңізінін шығысындағы Бозащы түбегінде осы аттас құмды алқаптар бар. Бірақ олардың аумағы шағын.
Жарияланған-2015-11-25 17:10:17 Қаралды-6984
КАРЛҰҚТАР

Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
Кальмарлар ұша алады

Тынықмұхит кальмары – «ұшатын» мүмкіндігі бар, онқолды тұқымдастардың ішіндегі басаяқты ұлулар түрі.
Жалынды кемпірқосақ

Жалынды кемпірқосақ ең сирек кездесетін атмосфералық феномендердің бірі болып табылады – ол кемпірқосақтардан жасалынған бұлт сияқты көрінеді. Ол ешқандай да кемпірқосақ емес және отқа қатысы да жоқ, бірақ бұл табиғат құбылысы ешкімді де енжар қалдырмайды
КҮН ҚАЙДА ҚОНЫП ШЫҒАДЫ?

Аспандағы Күн ертеден қара кешке дейін жер бетіне сәулесін шашады, жылуын төгеді.
ТҰРЫМТАЙ

Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді.
ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ

Қорғалжың қорығы 1958 жылы Ақмола облысының бірнеше көлді (Қорғалжың, Теңіз) алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды.