ҚЫПШАҚТАР
Категориясы: Тарих
Қыпшақтар - түркі тілдес тайпалар. Қыпшақтар VII ғасырдан бері белгілі. Қимақтармен X ғасырға дейін тығыз қатынаста болып, олардың тайпалық одағына, кейіннен мемлекетінің құрамына кіреді. XI ғасырдың басында қыпшақтар Қимақ кағандығының орнын басып, өз мемлекетін - Қыпшақ хандығын (XI-XIII ғғ. өмір сүрген) құрады. Қыпшақтар оғыздарды ығыстырып, Сырдарияның бойын басып алады. Шығыста - Ертістен бастап, батыста - Еділге дейінгі, оңтүстікте - Сырдарияның орта ағысына дейінгі кең аймақты иеленеді. XI ғасырдың ортасынан бастап, қыпшақ тайпаларының көптеген ірі топтары Еділдің батыс жағасынан ары жылжып, оңтүстік орыс даласын Қара теңізге дейін жаулап ала бастайды.
XIII ғасырдың басында қыпшақтар Орта Азия және Шығыс Еуропадағы түркі тілдес халыктардың ішіндегі саны жағынан ең көбі, ал жер көлемі жағынан ең үлкені болған.
Қыпшақ мемлекетін хандар билеген. Хандар Елбөрі атты іргелі әулеттен шыққан.
Қыпшақ хандығы ежелгі түркілердің дәстүрімен әскери-әкімшілік жағынан оң және сол канаттарға бөлінген. Сондықтан мемлекеттің екі орталығы болған. Оң қанаттың ордасы Орал өзенінің бойындағы Сарайшық қаласы, ал сол қанаттың ордасы Оңтүстік Қазакстандағы Сығанақ қаласы деп белгіленген.
Қыпшақтар жылқы, ірі қара, түйе ұстап, қой баққан. Байлықтың негізгі өлшемі ретінде жылқы асыраған. Көптеген қыпшақтардың мыңдаған жылқылары болған. Отырықшы халық арпа, сұлы егіп, бидай өсірген.
Қыпшақ халқының қалыптасуының соңгы кезеңі моңгол шапқыншылығының салдарынан тежелді.
Қыпшқтар өз жазуын қолданған. Олардың арасында біртіндеп ислам діні тарай бастаған.
Жарияланған-2015-11-12 16:18:16 Қаралды-5719
СҮР ЕТ ДАЙЫНДАУ

Сүрлеу дегеніміз – етті қақтап, тұздап сақтау. Сүр ет ерекше дәмді болады. Өзіне тән иісі Өте жағымды.
СӨКТЕН ЖАСАЛАТЫН ТӘТТІ ТАҒАМДАР

Сөк әбден тазартылып, жылы суға салып жуылады. Суын сарқып төккен соң торға салып дегдітіледі.
СПЕЛЕОЛОГИЯ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Спелеология - үңгір тану. Үңгірлер туралы ілім. Бұл - дәл осы мағанасында бүгінгі ғылым тіліне орныққан ұғым. Орныққанды айтамыз-ау, спелеологияның өзі сала-сала болып, небір ғылыми пайымдауларға өріс ашып беріп отыр.
ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.