МЕЙІЗ ҚОСЫЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ӨРМЕ
Категориясы: Тағам
Қамыр сүтке қатты етіліп иленеді де, оған май, қант, мейіз, езілген ашытқы, жұмыртқаның сары уызы қосылып, бәрі жақсылап араластырылады. Сөйтіп 90 минут бойы жылы жерге қойылады. Сонда оның көлемі ұлғаяды. Содан соң қамырдан жуандығы мен ұзындығы бірдей 9 «жіпше» жасалып, олар өріледі. Өру үшін біреуіне төртеуі, екіншісіне үшеуі, соңғысына екеуі пайдаланылады. Содан кейін әуелі төрт «қамыр жіптен» өрілген өрме салынып, үстіне жұмыртқаның сары уызы жағылады. Оның үстіне үш «қамыр-жіптен» өрілген өрме салынып, тағы да жұмыртқаның сары уызы жағылады да, ең соңында екі «қамыр-жіптен» өрілген өрме салынады. Бабына келуі үшін тағам жылы жерге қойылады да жұмыртқаның сары уызы жағылып, үстіне қант себіледі. Сөйтіп духовкаға қойылады.
Бұл тағамды жасауға 500 грамм ұн, 250 грамм сүт, 140 грамм мейіз, 120 грамм май, 100 грамм қант, 20 грамм ашытқы, үш жұмыртқаның сары уызы, татымына қарай тұз жұмсалады.
Жарияланған-2016-03-04 13:29:54 Қаралды-3162
ҚОЙ - КӨШПЕЛІ ҚАЗАҚ ӨМІРІНДЕ ӨМІРІНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛШЕГІ
Ежелден қазақ халқы көшпелі ғұмыр кешті. Мал мен оның өнімдері көшпелі өмірде аса қолайлы игілікке саналды.
ТӨЛЕГЕН ДОСМАҒАМБЕТОВ
Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы (1940-2001) - мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ол 1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Мұртық ауылында дүниеге келген. Алматы көркемсурет училищесін (1959), Ленинград кескіндеме, мүсін ж
ҚОЖАҚАТ – ДЕНЕГЕ ҚУАТ
Қожақат – биіктігі 1-3 метрге жуық жартылай бұталы өсімдік. Сабағы жерге төселіп өседі, немесе тік өсіп барып майысып тұрады.
ЖАСАНДЫ СҮТ ӨЛГЕН АДАМНЫҢ ДЕНЕСІН ШІРІТПЕЙДІ
Өкінішке қарай, ауылда тұрып, сиыр ұстамасаң, осы күні дүкен сөрелерінен табиғи сүт сатып алу қиын.
ӨГЕЙШӨП – ШАШҚА ЖАҒЫМДЫ
Өгейшөптің жапырақтары тер шығарады, қабынуға қарсы әсер етеді, қақырық түсіреді.