UF

МЕКЕНЖАЙДЫ ТӨҢІРЕКТЕЙТІН ҚҰСТАР

 

Шалғындар мен егістік жерлерде, бау-бақша, тынымбақ, бақтарда, тұрғын үй аулаларында жиі кездесетін құстар көбінесе торғайтәрізділер мен сұрқарлығаштәрізділерге жатады.

Торғайтәрізділер отряды. Бұл отряд құстардың 5 мыңнан астам түрінен құралады, бұлардың 300-ге жуығы бұрыңғы ҚСРО-да ал 230-ға тарта түрі Қазақстан территориясында мекендейді. Қалалар мен елді мекен маңындағы аймақтан, сондай-ақ тынымбақтардан, үй ауласынан қорегін табатын, дене пішіні әр түрлі, жұптасып тіршілік ететін торғайтәрізді құстардың 84 түрі мен 66 түр тармағы ХТҚО-ның, 5 түрі бұрыңғы ҚСРО-ның және 4 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелді.

Мекен жайды төңіректейтін құстар

Мекенжайды төңіректейтін торғайтәрізді құстардың ең ірісі - қара қарға, мұны үй маңынан жиі кездестіруге болады. Олар жұптасып, топ құрып, сондай-ақ жеке де тіршілік етеді. Ұясын ағаш басына салады - отырықшы құс, бірақ жемі тапшылық жасаған кезде бір жерден екінші жерге мекенін ауыстырады. Қара қарғалар кез келген жемді қорек етеді, кейде құстардың жұмыртқасын жарып, балапандарын да жейді. Қазақстанда шөлейт аймақтарда қара қарғалар өте көп.

Мекенжай мен үй маңынан жиі көрінетін торғайтәрізділердің бірі - ала қарға, бұл Қазақстанның солтүстігін ала, сондай-ақ оңтүстік аймақтарда, тіпті Алматы қаласында мекендейді. Ала қарға топтасып та, жұптасып та тіршілік етіп, қарқылдаған ащы дауыспен елді мазалайды, отырықшы және көшпелі құс болғанымен де солтүстікте жыл құсы болып саналады. Оның мінез-қылығы, қорек табу қылығы қара қарғаға ұқсас.

Топтасып тіршілік ететін ұзақ пен шауқарға да Қазақстанда кең тараған. Жұрт ұзақ пен шауқарғаны шатастыра береді. Ұзақ - жыл құсы, ал шауқарға - отырықшы және көшпелі құс. Ұзақ ұясын топтасып ағаш басына, ал шауқарғалар ағаштың қуысына, үй шатырына, тіпті мұржаға салады. Ұзақ - көктемде егістікке қаптап, ауылшаруашылық дақылдардын осуіне зиянын тигізеді, ал шауқарға салқын түскенде тамақ қалдықтарын, өлген жануарлардың өлексесін жеп, жазда бунақденелі зиянды жәндіктерді құртады. Ұзақты басқа қарғалардан тұмсығының төңірегіндегі қауырсынсыз бос терісі арқылы оңай ажыратуға болады.

«Шақ-шақ» деп шақылдап, құйрығын селтеңдететін ала құсты білмейтін адам кемде кем болар, ол - сауысқан. Ол өзінің қақпағы бар үлкен ұясын қалың бұтаның арасына немесе ағаш басына салады, отырықшы құс. Бунақденелілерді - қоңыздарды, олардың дернәсілін, көбелектердің жұлдызқұрттарын жеп пайда келтірумен қатар құстардың жұмыртқасын жарып, ұясын бұзатын да әдеті бар.

Адамдардан жасқанбай, кез келген жағдайға бейімделе алатын шағын денелі шуылдақ құс - торғай. Торғайларды қаладан да, ауылдан да күнделікті кездестіре аласың. Бұл өте пайдалы құс, жаз айында жасыл желекті көптеген зиянды бунақденелілерден арылтады. Ұясын шатыр кенересіне салып, адамды саялайтын құстардың бірі - жауторғай. Бұл - торғайлардың ең қішкенесі (салмағы 17-28 г). Торғай да, жауторгай да Қазақстанда кең тараған, бұлар - отырықшы құстар.

Ауылды жерде де, қалада да үй маңынан табылатын құстың бірі - қарлығаш. Ол - өте ұшқыр құс, жемді ұшып жүріп аулайды және суды да ұшып жүріп қалқып ішеді. Бұл кейде қосрең қарлығаш деп те аталады. Қазақстанда таралған кентқарлығаш та мекенжайды жағалап тіршілік етеді.

Сұрқарлығаштәрізділер отряды. Отрядтағы біріне-бірі ұқсамайтын құстардың екі тобы 400-ге тарта түрден құралады. Олардың бір тобы - колибри - Оңтүстік және Солтүстік Америкада ғана мекендейді, екінші тобы - сұрқарлығаштар - бүкіл жер шарынан кездестіруге болады. Бірақ бұлардың барлығы бірдей мекен-жай төңірегінен табыла бермейді. Сұрқарлығаш қарлығашқа ұқсас, бірақ мұның құйрығы айыр емес және тіршілік әрекетінде ерекшеліктер көп. Жер шарында мекендейтін 58 түрлі сұрқарлығаштардың Қазақстанда 4 түрі кездеседі. Солардың ішінде мекенжайды төңіректейтіні - қара сұрқарлығаш. Бұл өте ұшқыр құс, сағатына 170 шақырым қашықтыққа самғай алады. Ұшып жүрген бунақденелілерді ұшып жүріп қағып жейді және өмір бойы ұшумен болады. Бұлар тіпті аспанда жұптасып, аспанда ұшып жүріп ұйықтайтын көрінеді, жерге қонбайды, үй қабырғасындағы бұдырларға тырнақты өткір саусақтарымен жармасады. Қазақстанның оңтүстік аудандарында кездесетін ақбел сұрқарлығашта мекенжайды төңіректеп тіршілік етеді.

Көкқарғатәрізділер отряды. Республикамызда ақпаннан қараша айына дейінгі аралықта ұзын тұмсықты, айдарлы алабажақ құс - бәбісек еріксіз назар аударады. Бұл - көкқарғатәрізділер отрядына жататын құстардың бірі. Көкқарғатәрізділер отрядында мөлшері әр түрлі 200-ге тарта құстар бар, солардың 5 түрі Қазақстанда мекендейді. Бәбісек - адамдар тұрғынжайын маңайлап жүретін, өзі ұя жасамай, үйдің желдеткіш тесігіне, қорадағы жарықтарға тікелей 5-10 жұмыртқа салатын құс. Ұядағы жұмыртқаларды басып жатқан ұябасарды аталығы жемдейді, ұясын тазаламайды, сондықтан ұядан үнемі қолайсыз иіс шығып тұрады. Кейбір жерлерде бәбісекті сасықкөкек деп те атайды.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-22 17:21:17     Қаралды-425

КӨКПАР

...

Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАДАМБУРА

...

Самса түрінде ішіне бадам салынған қамырдан жасалған тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

...

Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БІРҚАЗАН

...

Бірқазан - өте ірі құс. Дене пішіні салмақты, әсіресе, тұмсығы өте ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ВЕЛОСИПЕД ТАРИХЫНАН

...

Велосипед тебушілер және онымен жарыс жолына шығып бағынушылар ұлы ғалым, суретші Леонардо да Винчиге қарыздар, себебі ұлы ғалым 1495 жылы оның алғашқы жобасын жасапты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГЕРОДОТ

...

Скифтердің тұрмыс-тіршілігімен етене жакын танысқан - тарих атасы Геродот. Грекияның Галикарнасынан шыққан Геродот біздің заманымызға дейінгі 455-445 жылдар шамасында Эгей теңізіне, Парсы еліне, Мысырға, Италияға, Скифияға, Македонияға саяхат жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »