МОНУМЕНТТІК БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
Категориясы: Өнер
Геркуланум фрескасы. Б.э.д. І ғ.
Белгілі бір архитектуралық құрылысты ішкі жағынан не сыртңы жағынан безендіріп тұратын орасан зор көлемді шығармаларды монументтік бейнелеу өнері туындысына жатқызамыз. Суретші оны белгілі бір құрылысқа, оның қабырғаларына, залына не төбесіне арнап салады.
Сондықтанда оның көлемі мен түрі, композициялық құрылымы мен бояулары әлгіндей құрылыстың архитектуралық шешімімен терең үйлесім тауып тұруға тиісті.
Көруші монументтік бейнелеу өнері туындысына алыстан қарайды, сондықтан суретші онда көзге іліге бермейтін ұсақ детальдарға зер салмайды. Мұндай туынды әрі тұжырымды, әрі көрікті болғаны ләзім.
Монументтік бейнелеу өнері шығармасы ұзақ сақталады; оны мыңдаған адамдар көреді. Сондықтан ол тек көлемі жағынан ғана емес, мазмұнымен де ерекшеленіп тұрады.
Олар әдетте тарихи оқиғалар, қаһармандық ерлік, халық аңыздары секілді маңызды тақырыптарға арналады.
Белгілі мексикалық суретші Сикейрос ірі құрылыстарды мексика революциясы, өз елінің тарихындағы сондай мәшһүр оқиғаларды бейнелейтін картиналармен безендіреді.
Француз суретшісі Фернан Леже бейнелеу өнері халыққа кеңінен танымал болу үшін монументтік картиналарды үй қабырғаларына салуды ұсынған.
Монументтік бейнелеу өнері туындылары түрлі-түрлі боп келеді. Олар - витраждар, мозаика, панно, фрескалар. Мұнда ежелгі Помпей қаласы үйлерінің бірінің қабырғасына салынған фресканың бір бөлігі көрсетілген. Фонға салынған әйелдер неткен сымбатты, жүріс-тұрыстары, қимыл қозғалыстары қандай шынайы, қандай дәл!
Бұл тамаша туынды біздің дәуірімізге қалай жеткен? Сендер, бәлкім, Везувий тауының етегінде өмір сүрген римдіктердің екі бірдей гүлденген қаласы - Геркуланум мен Помпей туралы жазылған шығармаларды оқыған шығарсыңдар.
Біздің дәуіріміздің 79 жылғы 24 тамызда таң бұл екі қала үшін әдеттегідей ашық болды, бірақ түске жақын Везувийде адам көрмеген аса зор вулкан атқылады. Жер астынан шыққан отты лавалар толқыны, шаң мен күл Геркуланум мен Помпейді мәңгі бақи басып қалды.
Бұл апаттың қапияда тап болғаны сондай, екі қаладағы қызу өмір бірден қалыңдығы он бес метр тас топанның астына кетті. Арада он жеті ғасыр өткен соң, қазба жұмысы жүргізілгенде, ежелгі дүниенің үйреншікті өмірі, үйлер, заттар, бұйымдар, өнер туындылары ғалымдардың көз алдында сол қалпында сайрап шыға келді.
Жарияланған-2016-11-16 20:03:59 Қаралды-2856
МЕЙРІМДІ БАОБАБ

Африканың жергілікті тұрғындары баобаб ағашын «мейірімді баобаб» деп атайды. Өйткені оның өте жуан діңіне су қоры көп жиналады. Ондағы судың көптігі соншалықты оны теміржол бойында тұратын цистернаның сиымдылығымен теңеуге болады.
Мысықтар күндіз барлық уақыттың 75 пайызында ұйықтайды

Сіз мысықтардың неге көп ұйықтайтынын қай кезде болса да ойлаған ба едіңіз? Осы сұраққа жауап табу үшін біз бірнеше деректерді таптық. Біздің мысықтардың мінез-құлығы шын мәнісінде сезікті. Мысықтар – өз табиғатында жыртқыш аң, сондықтан олар өз олжаларын
600 ЖЫЛ ЖАСАҒАН ШЫНАР

Шыршық өзенінің жоғары ағысында алып шынар ағашы бар. Шынардың үлкендігі сонша, бірталай адам қол ұстасып тұрып құшақтаса да, құшақтары жетпейді екен. Көлеңкесіне бірнеше жүз адам бір незгілде демалатын көрінеді.
ТАБАН

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.