UF

КӨКПАР

Категориясы: Көңіл көтеру


Көкпар - атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін ойын. Ойынды бастау үшін көкпаршылар белгіленген сызықтың бойына қатар түзеп тұрады. Сызықтан 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады.

Әдетте, көкпар тартуға бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Берілген белгіден кейін көкпаршылар шаба жөнеледі. Жерде жаткан көкпарға бірінші жеткен шабандоз оны іліп алып қашады, қалған көкпаршылар куып жетіп, тартып алуға әрекеттенеді.

Ойын белгіленген көмбеге жеткенше осылай жалғаса береді. Кім бұрын көкпарды көмбеге әкелсе, сол жеңімпаз атанып, көкпарды өзінде қалдырады.

Егер ойыншылар екі ауыл немесе топ болып бөлініп ойнаса, көмбеге алғаш жеткен көкпаршының тобы жеңіске жеткен болып есептелінеді. Мұндай ойынды «Мәре көкпар» деп атайды. Көкпар шамалы өзгертілген түрінде әр жерде өзінше жүргізілуі мүмкін. Кей жерлерде күн батып, қараңғы түскенше көкпар тарту - ойынның шарты болып саналады.

  Жарияланған-2015-11-17 16:44:25     Қаралды-10101

Мәлімет сізге көмек берді ма

ХАЛВАЙТАР

...

Ұннан жасалған сүйық алуа осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШОҚПАРБАС ПЛАУН – ДЕНЕДЕГІ ШАНШУЛАРДЫ ЕМДЕЙДІ

...

Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚТАН ЖАСАЛҒАН РУЛЕТ

...

Бұл - ішіне жаңғақ салынып, қамырдан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ АРАЛАСТЫРЫЛҒАН СҰЛЫ ҮЛПЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ҚУЫРМА (печенье)

...

Ұнға сода араластырылып, елекпен еленеді. Май қантқа қосылып, әбден ағарғанша шайқалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҰРЫМТАЙ

...

Сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құстардың бірі - тұрымтай. Қазақ құсбегілері тез көндіккіштігі үшін көбінесе ұядан алып, баулып, баптайтын болған. Көгершіннен сәл-ақ үлкен, шағын құс. Тұрымтайдың бітімі сұлу, көзі мөлдір болып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БҮРГЕН (ШӘҢКІШ)

...

Бүрген – биіктігі 3 метрге дейін жететін бұталы өсімдік. Қабығы қызыл қоңыр, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан, үш, бес салалы, сабақтары ұзын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »