БІРҚАЗАН
Категориясы: Жануарлар
Бірқазан - өте ірі құс. Дене пішіні салмақты, әсіресе, тұмсығы өте ұзын. Тұмсығының астыңғы жағында азық жинайтын созылғыш тері қапшығы болады. Олар Қазақстанның қопалы өзен-көлдерінде кездеседі. Бірқазандар топтанып, көп болып тіршілік етеді.
Бірқазан - жыл құсы. Біздің жерлерге көктемде ұшып келеді. Содан кейін олар бір жерге қоныстанып, ұя салады. Егер оларды ұя салу кезінде мекенінен жасқап үркітсең, олар басқа жерге қоныс аударып кетеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ терісінің астында ауа қапшығы болатындықтан, сүңги алмайды.
Бірқазандар балықпен қоректенеді. Суда сүңги алмайтын болғаннан кейін, олар басын суға батырып жіберіп, жемін аулайды. Көпшілік жағдайда қанаттарымен суды қағып, балықтарды жиекке қарай айдап шығарады да, жиналған балықтарды таяз судан ұстап алады.
Жарияланған-2015-11-26 13:50:27 Қаралды-55224
Миллионерлер Финляндияда қандай айыпұлдарды төлейді
Финляндия тағындаған ЖҚЕ бұзуға айыпұлдар тағылмаған белдік үшін немесе дұрыс тұрақтамағаны үшін 35 еуродан басталады және жылдамдықты асырғаны үшін жүздеген мың еуроға дейін барады.
БАС ҚАЛАНЫҢ БАҒБАНШЫСЫН БІЛЕМІЗ БЕ?
Алматы - Алатаудың іргесінде орналасқан жасыл желекті қала. Осы қаланың бау-бақшаға айналуына зор үлес қосқан бағбаншылар қатарына Э.О. Баум, П.Рурдэ, Н.Моисеев, Е. Редько және т.б. атауға болады. Ал, Алматыда бау-бақша өсіруге улес қосқан Алаш азаматтары
ОРМАН – БІЗДІҢ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
«Ағаш ексек біз, не еккеніміз?» деген жолдармен басталатын өлеңі бар. Бұл сұрауға әрбір маман әрқалай жауап берер еді.
ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?
Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы
ҒАРЫШТЫҚ ШАҢ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ?
Ғарыштық материяның барлық фрагменттері ғарыштық шаң деп аталады.