UF

ЖОРҒАЛАУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Сауытбасты қосмекенділердің құрлықта ең бірінші шыққан жануарлар екенін бұған дейін мәлімдедік. Ал өте ертедегі жорғалаушылардың қазба қалдықтары кейінгі тас көмір кезеңінде, яғни бұдан 300 млн жыл бұрын белгілі бола бастады. Жорғалаушылардың арғы тегі сірә ортаңғы тас көмір кезеңінде-ақ (320 млн жыл) қосмекенділерден бөлініп шықса керек. Олар өзінің арғы тегі сықылды суқоймалардан, ылғалды ортадан мүлде ажырасып кете алмаған тәрізді, бірақ қосмекенділерден әлдеқайда ықшам қимылдап, денесін мүйізқабыршақ қаптай бастауы мүмкін. Сөйтіп қосмекенділердің арғы ұрпақтары екі бағытта дами бастады. Оның бір тармағы су маңында тіршілік етіп, қазіргі кездегі қосмекенділерге айналды да, екінші тармағы құрлыққа бейімделіп, одан жорғалаушылар пайда болды.

Қосмекенділердің жорғалаушыларға айнала бастаған тобы жаңа ортада тіршілік ету барысында әр түрлі өзгерістерге ұшырады: миының көлемі ұлғайып, сезім мүшелерінің құрылысы мен мінез-қылығы күрделілене түсті. Жер бетіндегі ауа райының құрғақтығы уылдырық арқылы көбеюге мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, жорғалаушылар сарыуызы аса мол жұмыртқасын құрлықта сақтайтын болды, жұмыртқаның сыртын тығыз қабық қаптады. Қосмекенділердің уылдырығынан әлсіз дернәсіл дамитын болса, жорғалаушылардың жұмыртқасынан толық жетілген, мөлшері ғана кішкене жас жорғалаушылар өсіп дамиды.

Алғашқы жорғалаушылардың бірі - парейазавр (жақсүйекті кесіртке). Денесінің біраз бөлігін мүйізді қабыршақ қаптағанмен де, шырыш бөлетін бездері де болды және аяқтары қысқа, ебедейсіз болғандықтан, қимылы да айтарлықтай ширақ болған жоқ. Парейазаврлар тіршілігінің көпшілігін суда, ылғалды жерлерде өткізгендіктен, өзінің ата тегі қосмекенділерге өте ұқсас болды. Бұлар кейінгі қатал ауа райына төтеп бере алмай, өліп бітті. Қалай болғанда да қазба және осы заманғы жорғалаушылардың сан алуан түрленуіне негіз болған парейазаврлар еді. Парейазаврлардың денесі ірі - 3 метрге дейін жетті, олардың өсімдікпен, сондай-ақ былқылдақденелерімен қоректенетін де түрлері тіршілік етті.

Жорғалаушылардың өте қарапайым топтарының бірі - ілкіаң- кесірткелер. Олардың сыртқы көрінісі ірі денелі кесіртке сықылды еді, бұлардың дене құрылысынан балықтардың да, қосмекенділердің де белгісі байқалатын. Жорғалаушылардың тұмсықбастылар отрядына жататын ең ежелгі өкілі - гаттерия, ол күні бүгінге дейін Жаңа Зеландияда сақталып, тіршілік етуде.

Кесірткеге ұқсас жорғалаушылар - жалғанкрокодилдер отрядына жататын омыртқалы жануарлардың артқы аяқтары күшті дамығандықтан, орманды жерлерді мекендеді. Солардың бірі - құскрокодил. Жалпы жалғанкрокодилдер крокодилдерге өте - ұқсас, оларды тіпті құстардың арғы тегі деуге де болады.

Суқоймалар мен теңіз суларынан крокодилдер көріне бастады, осы тұста әуелеп ұшып жүретін ұшқыш кесірткелер де су жағасында қалықтап, балықтарды қорек етіп, тіршілік етті.

Жалғанкрокодилдердің соңғы тармағы - жорғалаушылардың сан алуан тобын құрайтын сұмпайыкесірткелер еді. Олардың тұрқы 1 м шамасынан 30 метрге дейін жететін. Сұмпайыкесірткелердің суда да, құрлықта да, сондай-ақ тек құрлықта ғана тіршілік ететін топтары болды. Жорғалаушылардың тек суда ғана тіршілік ететін, баласын тірілей туатын топтары - балықкесірткелер де осы дәуірде өмір сүрді. Балықкесірткелер балықпен, кейде омыртқасыздармен қоректенді. Олардың дене мөлшері 1-ден 14 метрге дейін жететін еді.

Жорғалаушылардың ең ежелгі тобы - аңсымақтар сұмпайыкесірткелерден бұрын дүниеге келіп, сүтқоректілердің пайда болуына бастама жасады. Солардың бірі - иностранцевия. Бұл атау орыс палентологы А. А. Иностранцевтің құрметіне берілді. Дене тұрқы 3 метрге дейін жететін бұл хайуанат жыртқыштықпен тіршілік етті.

Сонымен жорғалаушылар үш бағытта - суда, құрлықта және ауада тіршілік етіп, дами берді.

Ертедегі жорғалаушылардың дәуірлеуі және өліп бітуі. Жорғалаушылардың тіршілігі үшін ауа райының жылы және біркелкі болуы өте қолайлы, сондықтан да олар мезозой заманында барынша дәуірлеп дамыды. Осы заманның триас кезеңінде күні бүгінге дейін дене құрылысында айтарлықтай өзгеріс болмаған тасбақа және крокодилдер пайда бола бастады. Алып денелі құбыжық-кесірткелердің сан алуан түрлері орманды, батпақты, шөлейт даланы жайлап алды. Олардың ішінде өсімдікпен қоректенетіндері де, жыртқыштары да болды. Кейбір сұмпайыкесірткелердің тұрқы 30 метрге, салмағы 50 тоннаға дейін жетті. Алып жорғалаушылар төрт аяқтап жүрумен қатар суда және құрлықта да тіршілік етуге бейімделді. Дене пішіні дельфинге ұқсас балықкесіртке - суда, тұрқы 10 метрге дейін жететін жыртқыш мүйізбетке-сіртке - цератозавр - құрлықта, ал қанатының жазбасы 7,5 метрге жететін жорғалаушы - ұшқыш кесіртке - ауада тіршілік етті.

Өкпе арқылы тыныс алып, жүрек құрылысында біраз өзгерістердің болуынан, денесін оттегіне бай қан жабдықтаса да жорғалаушылардың дене температурасы тұрақтанбағандықтан, салқынқандылық қасиеті басым болды. Мезозой заманының соңын ала ауа райы кілт өзгеріске ұшырап, салқындай түскендіктен, дене температурасы тұрақсыз, салқынқанды, алып жануарлардың одан әрі тіршілік етуі қиындай түсті. Мезозой заманының триас кезеңінде пайда бола бастаған сүтқоректілер жылықанды болғандықтан және миының көлемділігінен салқын ауа райына төтеп беруге, сондай-ақ одан қорғануға тез бейімделді де тіршілігін жалғастыра берді, ал жорғалаушылар (ұшатын жорғалаушылар да) табиғаттан біржола жойылып бітті, мұндай апатқа ең алдымен денесі ірі жорғалаушылар тез тап болды. Қазіргі кезде дене мөлшері ірі жорғалаушылар тек жылы елдерде ғана, оның өзінде суда да, құрлықта да тіршілік ете алатындары ғана кездеседі, бұлар - құрлықтан суға қайта оралғам хайуанаттар. Ал шағын денелі тасбақалар, кесірткелер және жыландар қазіргі кезде де тіршілік етуде.

Палеозоологиялық шегініс. Палеонтологияның ежелгі жануар қазбаларын зерттейтін бөлімі палеозоология деп аталады. Жорғалаушылардың дәуірлеу және өліп біту заманы - мезозой үш кезеңге бөлінеді: триас, юра және бор кезеңдері. Алып жорғалаушылар - сұмпайыкесірткелердің бүкіл мезозой заманында кеңінен таралып, түрлерінің көбейгені мәлім. Олардың қазба сүйектері АҚШ-тан, Канададан, Франциядан, Англиядан, Испаниядан, Қытайдан, біздің кең байтақ елімізден табылуда. Соңғы кезде АҚШ-тағы Нью-Мексика штатынан тұрқы 33 м, салмағы 80 тоннадан артып түсетін құбыжықкесіртке сүйектерінің қалдығы табылды. Ал Норвегия ғалымдары құбыжықкесіртке қалдықтарын Солтүстік Мұзды мұхиттағы Шпицберген аралынан да тапты. Демек ерте кезде мұндағы ауа райы да жорғалаушылардың тіршілік етуіне қолайлы әрі жылы болғандығын айқындай түседі.

Монғолиядағы Гоби шөлінде де сұмпайыкесірткелердің тіршілік еткені қазбадан көптеп табылған қалдықтары арқылы дәлелденуде. Г.А. Беленьский Қызылқұм аймағынан шағын денелі құсжамбасты сұмпайыкесірткенің толық қаңқасын тауып, ғылымға үлкен үлес қосты. XX ғасырдың 80-жылдары қазақстандық ғалымдар Қызылорда облысындағы Жосалы өңіріндегі Шақпақ, Бәйбіше, Аққорған сияқты мекен-жайлардан құбыжық-кесірткелердің қалдықтарын тапты. Сұмпайыкесірткелердің көптеген түрлері Қазақстандағы Алматы, Қостанай, Шығыс Қазакстан, әсіресе Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тіршілік еткенін табылған сүйек қалдықтары дәлелдей түсуде.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2022-02-21 12:55:59     Қаралды-487

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ

...

ГАЛЛЕЙ КОМЕТАСЫ - эллипстік орбитасы тұңғыш рет есептеліп шығарылған және оның Күнге қайтып оралатын уақыты анықталған жарық комета.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕТПАҚДАЛА

...

Бетпақдала - Қазақстанның орталық бөлігінде орналасқан кең-байтақ шөлді өңір. Ол Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жерлерін қамтиды. Батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, шығысында Балқаш көлімен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, со

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТӘТТІМБЕТ

...

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДОЛБАР ДЕГЕН НЕ?

...

Суретші кейін өз шығармасына керсі белгілі бір детальді, не көріністі тап онша тәптіштеп жатпай-ақ, тек сырт долбарын асығыс суретке түсіреді. Міне, мынау П. А. Федотовтың «Майордың үйленуі» деген картинасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ДӘПТЕР НЕГЕ ДӘПТЕР ДЕП АТАЛАДЫ?

...

Бір кезде «еріп кететін дәптерге» ешкім де таңданбайтын.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚИЫР СОЛТҮСТІКТЕ, АРКТИКА АЙМАҒЫНДА МҰЗ ЕШҚАШАН ДА ЕРМЕЙДІ?

...

Қып-қысқа поляр жазында күн жоғары көтерілмейді, ал оның қызуы аз сәулелері мұз бен қарға тура, айнаға түскендей шағыласады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »