ДОЛБАР ДЕГЕН НЕ?
Категориясы: Өнер
Суретші кейін өз шығармасына керсі белгілі бір детальді, не көріністі тап онша тәптіштеп жатпай-ақ, тек сырт долбарын асығыс суретке түсіреді. Міне, мынау П. А. Федотовтың «Майордың үйленуі» деген картинасы. Абыр-сабыр. Сыланып-сипанған қалыңдық қолындағы орамалының түсіп қалғанын да байқамастан әлдеқайда түрі ұмтылған; анасы қызының көйлегінен тартып ұстай алған; арада жүрген жеңгетай ертіп әкелген күйеу жігітім қыз әкесіне ұнамай қала ма деп абыржып тұр. Ал ең басты кейіпкер көрші бөлмеде, мұртын масаттана ширатып қояды.
Бұл шығарма 1848 жылы салынған.
Бәлкім, суретші басқа ешбір шығармасына мұншалықты әзірлік жүргізбеген шығар. Федотов өз ойын мейлінше дәл жеткізу үшін болашақ кейіпкерлеріне ұқсайтын қаншама адамды бейнелеп көрді десең. Петербург базарлары мен дүкендерін табанынан таусыла аралап, тұлға-тұрпаты жеңгетайға келетін әйелді іздеді.
Бірде ол көшеде картинадағы қалыңдық әкесінен аумайтын жуан көпеспен ұшыраса кеткені. Федотов оны суретін салғызуға жалынып-жалпайып жүріп зорға көндірді.
Ал бір трактирден люстра көргенде суретші қандай қуанды десең, оны да тап сол қалпында картинасына кіргізді. Сол трактирдегі люстраны ғана емес, басқа да заттардың көбін шығармасына пайдаланды.
Бірақ суретші долбар суреттерді тек белгілі бір картинаға пайдалану үшін салмайды. Ол назарын аударған, көңіліне ұнаған нәрселерді кейін пайдалансын мейлі, пайдаланбасын мейлі, қағазға түсіріп алады.
Мәселен, Федотовтың «Адамдар тоңғап да қайтеді», «Адамдар қайтіп отырады» дейтін тақырыпта салған көптеген долбар суреттері бар.
Сондай жүгіртіп сала салған суреттері бар парақтар мен альбомдар - суретшілер үшін нағыз қазына қоймасы.
Суретшілер Федотов, Иванов, Репин, Суриков бізге көптеген долбар суреттерін мұраға қалдырды. Біз оларға қарап отырып, әйгілі суретшілерің оз шығармаларына қаншалықты көп еңбек сіңіргенін жете түсінеміз.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 12:26:53 Қаралды-6470
СӘБІЗ - ҚУЫҚТАҒЫ ТАС ПЕН ҚҰМДЫ ЕРІТЕДІ
Құрамында В тобындағы витаминдер, А витамині, крахмал, қант, каротин бар.
КАРЛҰҚТАР
Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
ӨЗ ЖҮГІРЕТІН ЖОЛ ЖАЙЫНДА
Әуелгі сөз латынның «транспортаре» - «тасымалдау» деген сөзінен шыққан.
ҮСТІРТ ҚОРЫҒЫ
Үстірт қорығы 1984 жылы 12 шілдеде ұйымдастырылды. Үстірт қорығы Маңғыстау өңіріндегі Үстірттің шөлді табиғатын қорғау мақсатында құрылған. Үстірт қорығы көлемі жағынан үлкен шөлді аймақты қамтиды.