UF

ОРАЛ

Географиялық орны. Орал тауының оңтүстік бөлігі ғана Қазақстанға кіреді. Ол Орск қаласы тұсында Жайық өзені аңғарының ендік бағыттағы табанымен межеленеді, оның Магнитогорск синклинориясының жалғасы Орск қаласының оңтүстігінде қайтадан тау болып көтеріледі де, Мұғалжар тауының тұғырын құрайды. Мұғалжар тауы - Қазақстан территориясындағы Оралдың жалғасы. Ол атынан да белгілі, экзогенді процестер әрекетінен мүжіліп тегістелген аласа тау қатарына жатады. Оның ұзындығы 200, ені 30 км.

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ЖЕР БЕДЕРІ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

Орал тауының пайда болу жолы да, орографиялық схемасы да Мұғалжар тауына ұқсас. Ол жер қыртысының жақпарлы-блокты қозғалысына байланысты түзілген Батыс және Шығыс тау жоталарынан тұрады. Оларды Бершоғыр ойысы екіге бөліп тұр. Батыс Мұғалжар тау жотасы Орал алды үстірті жазығынан тектоникалық жарық арқылы бөлінген. Жем өзенінің сол жақ салаларынан каньон тәріздес аңғарлармен тілімденген. Шығыс Мұғалжар тау жотасы аласа келеді, оның Торғай жазығымен жалғасқан жері, жер бедерінде байқалмайды. Шығыс Мұғалжардан Ырғыз өзені басталады.

Мұғалжар тауы палеозойлық жасыл тасты эффузивтерден, гранитоидты интрузиядан, метаморфтанған гнейстен, кварцитті тақтатастардаң тұрады. Қойнауында никель, кобальт, хромит, мыс және басқа қара және сирек металды кеніштері бар. Бершоғыр синклиналының шөгінділі жыныс қабаттарында көмір кеніштері табылған. Жер қыртысы жарықтарына тұіцы судың мол қоры жиналған (700 млрд.м3). Одан жыл сайын 2,5 млрд. м3 тұщы су алып, шаруашылықтың түрлі саласында пайдалануға болады.

Климаты. Мұғалжар тауы аласа болғанымен ауа массасының циркуляциясын күрделендіретін орографиялық кедергі. Соған орай айналасындағы жазықтармен салыстырғанда 1-2°С төмен, орташа жылдық жауын-шашындары 30 мм-ден артық. Климатының құрғақтығына байланысты өзен, көл суына тапшы. Мұнда Ақтөбе облысының оңтүстігі мен Орал, Гурьев облыстарының территориясына дейін жететін Мұғалжар желі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан соғып тұрады. Екпіні 20-30, кейде 50 м/сек-ке жетеді. Көбіне қараша-желтоқсан және қаңтар, наурыз айларында соғып, қарлы боран әкелсе, көктемде жаңбырдың түсуіне әсер етеді.

Топырақ, өсімдік жамылғылары. Мұғалжар құрғақ дала зонасы ландшафтысымен сипатталады. Ландшафт құрылымында биіктік белдеуліктің байқалмауы неліктен?

Мұғалжарда қиыршық тасты, ашық түсті қызыл қоңыр топырақ типі дамыған. Онда бетегелі-селеулі дала өсімдіктері өседі. Өсімдік жамылғысында жусанды алаңдар мен қарағандылы, тобылғылы бұталар жиі кездеседі. Жалпы алғанда Мұғалжардың ландшафт құрылымы микрокешенді болып келеді.

Ландшафт кешендері тасты ұсақ шоқылар мен бетегелі-селеулі, жусанды-селеулі, жусанды-бетегелі, сораңды-жусанды шоқыаралық жазықтардан түзілген. Сортаңды жерлер де бар. Олардың ландшафт кешеніндегі үлесі 20-25%-тей, кейде 60-70%-ке дейін жетеді. Бұлақ, бастау суының көздері мен сай-салаларында көктерек, қайың, тал өсетін шоқ-шоқ орман ұшырасады. Олар әр түрлі шөптесіндер кейін дақылдардан тұратын шалғындарға бай. Мұғалжзр тауының құрғақ дала ландшафттары жайылымдық жер ретінде пайдаланылады. Егістік жерлері аз. Олар Бершоғыр тауаралық жазығында орналасқан. Егістіктерінде жаздық бидай, тары дақылдары өсіріледі.

Әдебиет: Қазақстанның физикалық географиясы. -Алматы, 1985. -193-194 б.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-05-04 13:56:33     Қаралды-1398

ТҮРЛІ ТҮСТІ КИНО АЛҒАШҚЫ КЕЗЕНДЕРІ

...

Турлі түсті кинофильмдерді түсіру, көрсету және олардың көшірмесін алу. Ол кинематографиямен қатар дамып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮЛКІМЕН ДЕ КІСІ ӨЛТІРУГЕ БОЛАДЫ (КАРИКАТУРА)

...

Жеке бір адамның, не белгілі бір топтың жағымсыз мінезін келеке қылу - карикатураның мақсаты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕТІСУ

...

Жетісу - тарихи-географиялық аймақ. Солтүстігінде Балқаш көлімен, шығысында Жетісу (Жоңғар) Алатауымен, оңтүстік және оңтүстік-батысында Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Ал батысы Бетпақдалаға ұласады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЛХОРЫДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Алхорының жемістерінде алма, лимон қышқылдары, илік және бояу заттары, пектин, А және С витамині болады. Алхоры - өте дәмді тамақ болатын сапасы бар, бағалы жеміс.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

...

Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БИДАЙ-ЖҮГЕРІ БӨЛКЕЛЕРІ

...

Сүттен, бидай ұнынан және ашытқыдан қамыр (ашытқы), жүгері ұнынан, судан және тұздан қайнатпа дайындалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »