АЛХОРЫДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ
Категориясы: Тағам
Алхорының жемістерінде алма, лимон қышқылдары, илік және бояу заттары, пектин, А және С витамині болады. Алхоры - өте дәмді тамақ болатын сапасы бар, бағалы жеміс. Оны жас және кептірілген күйінде, компот, тосап, джем, повидло, пастила, мармелад, маринад күйінде жеуге болады. Сонымен қатар шырынынан сусындар жасалады, шарап дайындауға болады.
Алхоры жемісі медицинада атеросклероз, құяң, бүйрек, бауыр, асқазан, ішек ауруларын емдеуге қолданылады.
Алхорыдан шырын алу әдісі. Піскен алхоры жемісін сүйегінен арылтқаннан кейін 60°-70°-та 7-10 минут қыздырады. Сонан соң ағаш тоқпақшамен жемістерді езіп, екі қабат дәкеден тіккен дорбаға салып, салқын жерге іліп қойып шырынын ағызып алады. Мезгіл сайын дорбаны сыртынан қысады. Немесе, дорбаны екі таза тақтай, болмаса тегіс тарелка арасына қояды. Үстіңгі тарелкені ауыр затпен бастырады. Екі тарелкені үлкен ыдыс үстіне қояды. Сонда шырын астыңғы тарелкеден ыдысқа төгіледі. Шыққан шырынды шөлмектерге құйып алып стерилизациялайды.
Алхорыдан сироп жасау. Жемісті тазалап жуады, сүйегін алып банкаларға салады. Үстіне құмшекер (қант) себіледі. Қант ерігеннен қейің, шырынын ағызып, шөлмектерге құяды да, аузын жауып, тығын үстіне смола құйып, салқын жерге қояды.
Жарияланған-2016-04-07 16:42:41 Қаралды-4815
ШЫҒЫС АЛУАСЫ

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.
КАРАМЕЛЬ МАССАСЫ ЖАҒЫЛҒАН ІНЖІР ЖӘНЕ АЛХОРЫ

Інжірден жасалып, ішіне грек жаңғағы толтырылған, сыртына карамель массасы жағылған тағам - карамель массасы жағылған інжір деп аталады.
АУА ӨЛШЕУГЕ БОЛА МА?

Әйгілі ғалым Галилео Галилей бұдан 300 жылдай бұрын көпшілікті таң қалдырып... ауаны өлшепті.
ГРЕКТЕР ОЙЛАП ШЫҒАРҒАН «ПЕНТАТЛОН»

Спорттың бұл түрінің өмірге келуі әскери офицер өміріне байланысты болыпты.
СУҒА ШЫҚҚАН МАҢЫЗЫ - 30 ТҮРЛІ ҚАРАПАЙЫМ ИНГРЕДИЕНТТІ СОРПАЛАР

Сорпа - ас қорыту органдарының жұмысын жақсартатын, адамның тәбетін ашып, тіпті бойын сергітетін тағам.