КҮЛКІМЕН ДЕ КІСІ ӨЛТІРУГЕ БОЛАДЫ (КАРИКАТУРА)
Категориясы: Өнер
Puck американдық журналында Николай ІІ арналған карикатура. 1905 ж.
«Күлкімен де кісі өлтіруге болады», - дейді француздар.
Жеке бір адамның, не белгілі бір топтың жағымсыз мінезін келеке қылу - карикатураның мақсаты.
Сатиралық та, юмористикалық та карикатуралар бола береді.
Сатирик суретші адамдардың қоғамға зиянын тигізетін кеселді кемшіліктерін ыза-кекпен жирене отырып әшкерелейді.
Ал, енді кейбір адамдардың жекелеген мінін зілсіз әжуа ету юмористикалық карикатураға жатады.
Карикатура өнері бұдан бірнеше ғасыр бұрыннан бері белгілі. Ежелгі мысырлықтардың мынау «Қаз баққан мысық» деген карикатурасына қараңыздаршы. Ол саз тақташаға сызып салынған.
Ежелгі Мысыр карикатурасы. "Қаз қорыған мысық"
Қоғамды дүр сілкіндіретін революциялық оқиғалар тұсында карикатура өнері айырықша етек алады. Карикатурашы қаламының бар зәрін корольдер мен чиновниктердің, дін иелерінің басына төгіп бағады. Зорлық пен зұлымдыққа қарсы шыққан карикатурашылардың өнері халыққа қашан да түсінікті болған.
В.А.Серовтың Николай ІІ арналған карикатура. 1905 ж.
Россияда 1905 жылғы революция тұсында сатиралық журналдар өте көбейіп кетті. Оларға М. А. Врубель, Б.М.Кустодиев, В.А.Серов сынды әйгілі суретшілер белсене араласты.
Бір адамның карикатуралық портреті шарж деп аталады. Онда әлгі адамның мінезін ашып беретін белгілі бір сипаты әдейі әсіреленіп суреттеледі. Газеттер мен журнал беттерінен «Достық әзіл» деп аталатын күлкілі суреттерді көресіздер. Ондай суреттер ешкімнің шамына тимейді, қайта зілсіз әжуасымен көңілді көтереді.
Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.
Жарияланған-2016-11-03 22:03:15 Қаралды-2796
БАДАМ ҚАНТ
Тазартылған тұтас бадамнан тұратын, сырты балқыған қантпен қапталған тағам. Беті бұжыр, түсі қоңыр болады.
ЖЕР НЕГЕ СІЛКЕНЕДІ?
Жер сілкіну болғанда жер гуілдеп, шытынап, дірілдей бастайды. Телеграф бағандары құлап, поездар ойыншықтай аударылып, үйлер қирап, тұтас көшелер жер астына түсіп кетеді.
АЛТЫБАҚАН
Ертеректе ауыл сыртына кұрылған алтыбақан жастардың кешке ойын-сауық құратын жері болған. Оны қазақтың ежелгі ұлттық ойыны деп те атайды. Алтыбақан көшпенді халық үшін өте қолайлы, себебі тез жиналып, тез құрылады.
АУА ӨЛШЕУГЕ БОЛА МА?
Әйгілі ғалым Галилео Галилей бұдан 300 жылдай бұрын көпшілікті таң қалдырып... ауаны өлшепті.
ВАНИЛЬДІ РАХАТ-ЛУКУМ
Бұл - төрт бурышты кубик формалы крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған сілікпе (желе) секілді тағам. Бір килограмында оралмаған 40-50 кәмпит болады.
ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕР
Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады.