ТҮРЛІ ТҮСТІ КИНО АЛҒАШҚЫ КЕЗЕНДЕРІ
Категориясы: Тарих
ТҮРЛІ ТҮСТІ КИНО - турлі түсті кинофильмдерді түсіру, көрсету және олардың көшірмесін алу. Ол кинематографиямен қатар дамып келеді. Түрлі түсті кино тәсілдері турлі тусті фотографияның принциптеріне негізделген. Түрлі түсті кино проекциясын жасау тәсілін тапқаны үшін тұңғыш патент 1887 ж. неміс өнертапқышы Г. Изензеге берілді. Алғашқы түрлі түсті кино түсірілген объектінің кинопозитиві қолдан немесе пантограф көмегімен бояу арқылы жасалған. 20 ғасырдың 20 жылдарында субтрактивті тәсілдердің пайда болуына байланысты екі түске (әдетте қызғылт сары және көк түс) негізделген түрлі түсті кино шығарыла бастады. Сондай-ақ «бипак» деп аталатын тәсіл де пайдаланылды. Бұл тәсілде фильм эмульсия қабаты беттестірілген екі пленкада қатар түсіріледі. Бипак тәсіліне негізделген екі түсті фильмдер шетелдерде, сондай-ақ СССР-де де («Груня Корнакова, 1936; «Сорочинск жәрмеңкесі», 1938) шығарылды.
Түрлі түсті киноның сапасы үш түске негізделген фильмдерді түсіру тәсілдерін игеруден бастап жақсара бастады. Үш түске негізделген алғашқы түрлі түсті фильм «Техниколор» (АҚШ) фирмасында түсірілді («Меңіреу симфониялар», 1933), яғни түрлі түсті фильмдер бір мезгілде 3 ақ-қара негатив пленкада кескінделіп, соңынан түрлі түсті позитив баспаның гидротивтік әдісі арқылы көшіріліп алынды. Жоғары сапалы түрлі түсті фильм дәл кино тусіргі аппараттар мен жоғары сапалы кинопленкаларды пайдалану нәтижесінде жасалады. 20 ғасырдың 30 жылдарынан бастап түрлі түсті кино көп қабатты түрлі түсті кинопленканы пайдалану арқылы түсірілуде. Бұл тәсілде негатив пен позитивтегі түрлі түсті кескін бірнеше қабатты түрлі түсті пленканы арнаулы ерітіндіде өңдеу нәтижесінде алынады. Көп қабатты түрлі түсті кинопленканы пайдалану түрлі түсті кино сапасының жоғары болуын, фильмді түсіруге және көрсетуге стандартты аппаратураларды қолдануды, аралық түрлі түсті негатив алу, фильм көшірмесін көптеп шығару мүмкіндігін қамтамасыз етті.
Түрлі түсті кино өнімдерін көптеп пайдалану кино өнерінің көркемдік әрі творчестволық мүмкіндігін арттырды.
Әдеб.: Құдайқұлов М., Әуесқойлар киносы, А., 1974; Цветная кинематография, под ред. Е. М. Голдовского. М., 1955; Голдовский Е. М., От немого кино к панорамному, М., 1961.
Жарияланған-2019-08-29 16:34:11 Қаралды-2741
БАЛ ҚОСЫЛҒАН ІРІМШІК
850 грамм ірімшік пен 125 грамм бал жақсылап араластырылып, шай дастарқанына қойылады.
АЛМАДАН ЖАСАЛҒАН КӘМПИТ
Піскен алмалар жуылып, шағын бөліктерге бөлінеді, кастрюльге салынып, үстіне аздап су құйылады да үздіксіз араластырыла отырып, қайнатылады.
КАРЛҰҚТАР
Қарлұктар - түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы алғашкы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі.
БҰЛАН
Бұлан (бұғы) - мүйізді жануар. Жыл сайын қаңтар, ақпан айларында олардың мүйіздері түсіп, сәуір айында көп салалы жаңалары өсіп шығады. 2 метрге жететін мүйіздерінің бұталары жасына қарай көбейе түседі.
КӨКШЕТАУ АЙМАҒЫ
Көкшетау өңірі Сарыарқаның солтүстік бөлігіндегі көгілдір шоқы-таулар даласы мен Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстік-батысының кең жазығында орналасқан. Батысы мен шығысының арасы 500 км-ге, оңтүстігі мен солтүстігінің арасы 200 км-ге созылған. Жерінің жа
ГУШИ ФИЛЬ (ТӘЖІКТЕР ӘДІСІМЕН ДАЙЫНДАЛҒАН ҚҰЛАҚШАЛАР)
Ұнға жұмыртқа, май, сут, қант қосылып, ашытылмастан қамыр иленеді. Ол «демін алдыру үшін» 30-40 минут қойып қойылады.