UF

МЕЙОЗ

 

Мейоз. Жыныс клеткаларының пісіп жетілу аймағында бөлінуі митоздан өзгеше, бұл мейоз деп аталады.

Клеткаларда түрге тән хромосомалар санының тұрақтылығы митозға байланысты, мұның алдында ДНҚ синтезделеді және әрбір хромосомада екі хроматид түзіледі. Сомалық клеткаларының барлығында хромосома саны диплоидты, ал пісіп жетілген жыныс клеткаларында тек жарым-жарты, яғни гаплоидты болады емес пе, сонда жыныстық көбею кезінде хромосома санының тұрақтылығы яғни ДНҚ-ның жарым-жартысы қалай сақталып қалады?

Хромосомалар санының екі есеге кемуі жыныс клеткаларының пісіп жетілу процесінде өтеді. Пісіп жетілу аймағындағы бөлінудің екеуі де мейоздың екі бөлінуі болып есептеледі.

Мейоздың екі бөлінуі митоздағыдай профаза, метафаза, анафаза, телофаза фазаларын қамтиды. Пісіп жетілу аймағында болатын жыныс клеткаларындағы мейоздың бірінші бөлінуі алдында ДНҚ синтезделеді, демек, хромосомаларсаны екі еселенеді, әрбір хромосома екі хроматидтен құралады.

Профазадағы мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалар спиральданады. Спиральдану аяқталғаннан кейін, профазаның соңында хромосомалар өздеріне тән пішін мен мөлшерге келеді.

Хромосомалардың әрбір жұбы, яғни гомологиялык хромосомалар бір-бірімен тығыз жанасып, ұзына бойлай қосылын ширатылады. Гомологиялык хромосомалардың осылай косылу процесі конъюгация деп аталады.

Конъюгация кезінде гомологиялық хромосомалар арасында учаскелермен - гендермен алмасу болып өтеді, бұл тұкым қуалау информациямен алмасу болып есептеледі. Конъюгациядан кейін гомологиялық хромосомалар бір-бірімен ажырасады.

Хромосомалар толық ажырасқаннан кейін бөліну шүйкесі пайда болып, мейоздың метафазасы басталады да хромосомалар экватор жазықтығына орналасады. Бұдан кейін мейоздың анафазасы басталады да митоздағыдай бір хроматиді болатын әрбір хромосоманың жартысы емес, әрбіреуі екі хроматидтен тұратын тұтас хромосомалар клетканың полюсіне қарай кетеді. Демек, жас клеткаға гомологиялық хромосомалардың әрбір жұбынан бір сыңары ғана түседі.

Сурет - Мейоз кезіндегі хромосомалар қалпының схемасы (жыныс клеткаларының пісіп жетілуі)

 

Салыстыру үшін митоз кезіндегі хромосомалар қалпының схемасы қоса беріліп отыр (сол жақта). Гомологиялық хромосомалардың мелшері мен пішіндері бірдей. Аталық және аналық хромосомалар әртүрлі баяумен берілген. Екі еселенуден кейінгі хромосомалардың біреуі тұтас сызықпен, екіншісі үзік сызықшалармен белгіленген.

Бірінші бөліну соңынан мейоздың екінші бөлінуі басталады, бұл бөлінудің алдында ДНК синтезделмейді Өйткені бірінші бөлінудің өзінде-ақ жас клеткалардың полюстеріне әрбіреуінде екі-екіден хроматиді болатын тұтас хромосомалар таралып кетті ғой. Қысқа мерзімді профазадан кейін осы қосарлы хромосомалар екінші бөлінудің метафазасында экватор жазыктығында орналасады да, шүйке жіптеріне бекиді. Анафазада хроматидтер клетканың қарама-қарсы полюсіне ажырап, әрбір жас клеткада бір ғана жас хромосома болады. Сөйтіп, сперматозоидтарда және жұмыртқаклеткаларда хромосомалар саны екі есе азаяды. Диплоидты хромосомалар жиынтығы - 4, ал сперматозоидтар пісіп жетілудегі екінші бөлінудің нәтижесінде оларда 2-ден ғана хромосомалар болады, осы екі хромосома гаплоидтық жиынтық түзеді.

Жануарларда, сондай-ақ өсімдіктерде жүретін мейоздың биологиялық мәні - мұнда хромосома саны екі есе азайып, гаплоидтық гаметалар түзіледі. Салыстыру үшін суретте митоз схемасы берілген, онда клетка бөлінгенде хромосомалар саны өзгермейтіні, сондай-ақ екі жас клетка да аналық клеткадағыдай хромосомалар санына ие болатыны айқын көрінеді.

Әдебиет: Жалпы биология. Алматы, 1991. -Б.126-128.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2020-11-13 16:49:51     Қаралды-2211

Миллионерлер Финляндияда қандай айыпұлдарды төлейді

...

Финляндия тағындаған ЖҚЕ бұзуға айыпұлдар тағылмаған белдік үшін немесе дұрыс тұрақтамағаны үшін 35 еуродан басталады және жылдамдықты асырғаны үшін жүздеген мың еуроға дейін барады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮТ ШӘРБЕТІ

...

Фундук жаңғағының дәндері қосылған кілегей помадасынан жасалған қалақша түріндегі тағам осылай аталады. Сүт помадасын әзірлеу әдісі қарапайым. Ол құмшекер мен сүттен пісіріледі. Шырынның қоңыр тартып кетпеуі үшін қайнап бітуіне 10-15 минут қалғанда сірне

ТОЛЫҒЫРАҚ »

13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

...

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАУЫНҚҰРТ

...

Қауын ортасынан жарылады. Дәні алынып тасталынады. Қабығынан аршылған еті бөлек алынып, жұқалап туралады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЦИФРЛАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

...

Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ҚОСЫЛҒАН, БАЛ ЖАҒЫЛҒАН РУЛЕТ

...

Дайын қамыр мөлшері 20 х 25 сантиметрден келетіндей етіліп жайылады. Оның бір шеті екінші шетінен жұқалау болуы керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »