UF

СҮТ ШӘРБЕТІ

Категориясы: Тағам


Фундук жаңғағының дәндері қосылған кілегей помадасынан жасалған қалақша түріндегі тағам осылай аталады.

Сүт помадасын әзірлеу әдісі қарапайым. Ол құмшекер мен сүттен пісіріледі. Шырынның қоңыр тартып кетпеуі үшін қайнап бітуіне 10-15 минут қалғанда сірне қосылады. 110-115 градусқа дейін қайнатылған шырын арнайы столға төгіліп, 40-45 градусқа дейін салқындатылады да содан соң помада шайқайтын машинамен немесе қолмен ашық қоңыр түсті ұсақ кристалды масса түзілгенше шайқалады. Шайқау бола бергенде жаңғақ қосылады. Дайын масса 1,5-2 килограмнан бөлініп, металдан жасалған төрт бұрышты, бұрыштары аздап түбіне қарай ойыс, алдын ала пергамент төселген формаға салынады. Содан соң ол сол формада салқындап, қатайғанша тұра тұрады, қатайған соң формадан алынып, қағаздан тазартылады. Қыздырылған помадаға жаңғақтың жарылған дәндерін және хош иісті болуы үшін ванилин қосылады. Олар 6 килограмдың жәшіктерге салынады.

Бір килограмм шәрбетке 591,8 грамм қант, 35,5 - сірне; 591,3 - сүт, 295,9 - жаңғақ дәні және 0,177 грамм ванилин жұмсалады.

Сүт шәрбетінің ылғалдылығы 7,5 процент, жәшікке салғандағы массасы 6 килограмм, ең ұзақ сақталатын мерзімі - 20 күн болу керек.

  Жарияланған-2016-02-29 14:26:19     Қаралды-1563

Мәлімет сізге көмек берді ма

ТӘТТІЛЕР РЕЦЕПТІЛЕРІ

...

Дастарқанын түрлендіре түскен қыз-келіншектеріне үмітпен тіске басар тәттілер - торт, печенье, пирогтар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ САЛЫНҒАН АЙВА

...

Мұқият жуылып, өзегі алынған айва азғана суға салынып пісіріледі. Оның қайнатпасынан қою шырын жасалады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУДЫҢ ТАСУЫ МЕН ҚАЙТУЫ НЕЛІКТЕН БОЛАДЫ?

...

Мұхит тәулігіне екі рет шарасынан көтеріліп, сол сияқты бірте-бірте кері қайтады. Су қайтқан кезде балалар құмқайрақты жағамен рахаттана жүгіріп, оның түбінен әдемі ұлу қабыршағын, теңіз жұлдызын жинайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПЛАСТМАССА ЫДЫРАУЫ МҮМКІН БЕ?

...

Әдетте пластиктің ыдырауы өте ұзақ уақытты алады - 50-100 жыл.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШИ БАУЫРСАҚ

...

Сүтке, жұмыртқа қосылған сорпаға иленген қамыр созылып, ұсақтап туралады да мол етіп май құйылып

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҢҒЫ АСҚА АРНАЛҒАН 30 РЕЦЕПТ БУТЕРБРОДТАР

...

Таңғы асқа арналған 30 рецепт бутербродтарды ұсынамыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »