UF

13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

Категориясы: Адамдар


Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді. Көптеген ұлы адамдар өздерінің бүкіл өмірін біздің әлемді басқарып отырған физиканы және оның заңдарын зерттеуге арнады. Физиктер бүкіл әлемдегі технологияның дамуына үлкен үлес қосты және көптеген проблемаларды тиімді түрде шешу жолдарын тапты.

Архимед

Архимед б.з. дейінгі 287 жылы Сицилияның портты қаласы Сиракузда дүниеге келді.

Ол математик, физик және астроном еді. Алтын тәж туралы белгілі тарихи әңгіме оның бұрыс пішінді дененің көлемін қандай әдіспен тапқандығын көрсетеді. Архимедтің әйгілі заңы: сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан шамасы ығыстырылған сұйықтың салмағына тең болатын кері итеруші күш әрекет етеді.

Исаак Ньютон

 

Ньютон 1643 жылы 1 каңтарда Англияның Линкольншир графтығындағы Вулсторпта дүниеге келді. Ғалымдар Ньютонды ұлы тұлғалардың бірі деп есептейді. Оның гравитация туралы ашылған жаңалықтары физиканың дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен бірге, Ньютонның классикалық физикадағы үш заңы өте маңызды, олардың негізінде гравитациялық заң тұжырымдалды. Призма арқылы өткен ақ жарықтың әр түрлі түске жіктелуін зерттей отырып. Ньютон оптика саласына да үлкен үлес қосты.

Галилео Галилей

 

Итальяндық физик Галилейді «қазіргі заманғы физиканың атасы» деп есептейді. Ол Пиза қаласында 1564 жылы 15 ақпанда дүниеге келді. Галилей әлемнің гелиоцентрлік теориясына сенді. Оның осы сенімі үшін католиктік шіркеу оны өмірлік бас бостандығынан айырды. Ол сонымен катар «Галилей телескопын» ойлап тапты, бұл телескоп сол кездегі телескоптардан 10 есе қуатты еді.

Генрих Рудольф Герц

 

Радио және электр толқындарының жиілігін өрнектеу үшін пайдаланылатын «герц» өлшем бірлігі Генрих Герцтің құрметіне алынған. Герц 1857 жылы 22 ақпанда Германняның Гамбург қаласында дүниеге келді. Ол алектромагниттік толқындардың бар екендігін көрсетіп, Джеймс Клерк Максвелл ұсынған ұғымның мазмұнын кеңейтті. Әр түрлі тәжірибелердің көмегімен ол электр тогының электромагниттік толқын аркылы берілетінін дәлелдеді. Оның электромагниттік толқындар жайлы тәжірибелері сымсыз телеграф пен радионың дамуына негіз болды.

Альберт Эйнштейн

 

Альберт Эйнштейн Германия империясының Вюртемберг Корольдігінде 1879 жылдың 14 наурызында дүниеге келді. Ол - атақты физиктердін бірі. 1921 жылы Эйнштейн өзінің салыстырмалылық теориясы үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл теориясы бойынша вакуумдағы жарық жылдамдығы тұрақты және ол қозғалыс жылдамдығының абсолюттік физикалық шегі болып табылады. Ол әйгілі теңдеуді Е = тс2 тұжырымдады, онда масса мен энергияның байланысы анықталады.

Джеймс Джоуль

 

Джеймс Прескотт Джоуль (1818 ж. 24 желтоқсан – 1889,  11 қазан) ағылшын физигі және сыра қайнатушы ол термодинамиканың бірінші заңын тұжырымдады. Ол энергияның сақталу қағидасын, жылу табиғатын зерттей отырып, жылу мен энергияның баска түрлерінің тең мөлшерлі болатынын және оның механикалық жұмыспен өзара әрекетін қалыптастырды. Оның тағы бір заңы өткізгіштегі токтың, кедергінің және откізгіштегі жылу мөлшерінің арасындағы байланысты анықтады.

Никола Тесла

 

Никола Тесла Хорватияда 1856 жылы 10 шілде күні дүниеге кедді. Ол өнертапқыш, инженер-механик және алектртехник болды. Тесла өнеркәсіптік электрдін, дамуына және XIX ғасырдың сонындағы және XX ғасырдың басындағы электрмагнетизм саласының революциялық төңкерісіне баға жетпес құндылықтар қосты. Ол электр тогын жеткізу және тарату мүмкіндігін берген айнымалы токтын асинхронды қозғалтқышын жасап шығарды.

Георг Ом

 

Георг Симон Ом 1787 жылы Германияның Эрлангене қаласында дүниеге келді. Оның әйгілі заңы, гальваний элементін ойлап табу нәнтижесінде тұжырымдалған. Онда кернеу, ток күші және кедергінің қатынасы анықталады. Электр кедергісінің өлшем бірлігі Ом деп аталады, яғни ол - өткізгіштің екі нүктесінің арасындағы кернеу бір вольт болғанда өткізгіш бойымен өткен 1 ампер токқа жасалатын кедергі.

Блез Паскаль

 

Блез Паскаль, француз физигі 1623 жылы 19 маусымда дүниеге келді. Ол өзінін физика және математика саласындағы таңғаларлық жетістіктерімен атақты. Оның Руанда білім алуына әкесі ықпал етті, сондықтан ол ерте жастан бастап жаратылыстану және қолданбалы ғылымдармен айналысты. Аққыш заттар, қысым мен вакуум туралы түсініктерді қалыптастырды. Сондай-ақ, Паскаль алғашқы сандық есептегіш машинаны ойлап табу арқылы да танымал болды, бұл техниканы әкесіне салықты жинауға көмектесу мақсатында пайдаланды. Бұл қондырғы 1940 жылдардағы механикалық есептегіш машиналарға ұқсас, оны «Паскалина» деп атады.

Джеймс Ватт

 

Шотландиялык инженер-механик және өнертапкыш Джеймс Ватт 1736 жылы 19 каңтарда дүниеге келді. Ол бу козғалтқышын жетілдіріп. «Өнеркәсіптік төңкеріске» үлкен үлес косты. Ватт оның дизайнын өзгертті, қозғалтқыштың цилиндріндегі будың шығынын және энергияның колданылуын азайтуға көмектесетін, жеке конденсаторлы камераны қосты. Ол сонымен қоса вакуумдық шартты жетілдірді, бу қозғалтқыштарының қуатын, тиімділігін және пайдасын арттырды.

Майкл Фарадей

 

Майкл Фарадей ағылшын химигі және физигі, ол 1791 жылы 22 кыркүйекте дүниеге келді. Фарадей электромагнетизм және әлектрохимия саласының дамуына үлкен үлес қосты, электромагниттік өріс туралы білімнің негізін салушы болып есептеледі. Электромагнетизм теориясы тұрақты ток өткен өткізгіштің айналасында пайда болатын магнит өрісін зерттеудің нәтижесінде тұжырымдалды. Оның ашқан электромагниттік индукция және электролиз заңдары электрқозғалтқыштар технологиясының негізі болып табылады. Фарадейдің қасында біз күнделікті тұрмыста электр тогын пайдаланамыз.

Шарль Кулон

 

Ұлы француз физигі Шарль Огюстен де Кулон 1736 жылы 14 маусымда дүниеге келді. Ол Кулон заңын тұжырымдады және электростатикалык күштің тебілуі мен тартылуына анықтама берді. Заң былай тұжырымдалады: екі электр зарядының арасындағы өзара әсерлесу күші зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арасындағы арақашықтықтың квадратына кері пропорционал болады.

Авогадро

 

Италияндық математик және физик Лоренцо Романо Амедео Карло Авогадро ди Каренья 1776 жылдың 9 тамызында дүниеге келді. Ол молекулалық теорияға көп үлес қосты және Авогадро заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша берілген температурада және қысымда тен көлемді газдардағы молекулалардың саны бірдей болады.

  Жарияланған-2016-06-20 16:17:12     Қаралды-6599

Мәлімет сізге көмек берді ма

Загрузка...

Кейбір кесірткелер қанмен атқылай алады

...

Бақа сияқты кесірткелер — игуана тәрізді тұқымдастардың қысқа аяқты және қысқа құйрықты кесірткелер түрі, жыртқыштардан қорғайтын бірегей қабілеті бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАМЫР ҚОСЫП ПІСІРІЛГЕН АЛМА

...

Жуылған, өзегі алынып, қабығы аршылған алма қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп, дөңгелектеліп кесіледі де үстіне қант себіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРАҚАТ ЖӘНЕ ТОШАЛА ТҮРЛЕРІН ӨСІРУ, ОЛАРДАН ӨНІМ АЛУ

...

Қарақат (смородина) пен тошала (крыжовник) бұталы өсімдіктер болып есептеледі. Бұлардың атпа тамырлары болмайды. Негізгі түбінен көптеген шыбықтар өседі. Шыбықшалар түпке жақындаған сайын көп болса, соншалықты берік болып өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЫҒА

...

Ежелгі түркі мемлекеттеріндегі ел билеушілері мен әскербасылар өз дәрежелерін білдіру үшін бас киімдеріне құстардың қауырсынын таққан. Ол жыға деп аталады. Жығалар бас киімнің маңдайына немесе желке тұсына, кейде екі шеке тұсына шаншылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Дәм қабық (корица) қосылған бисквит

...

Бұл тағам шайқалған қамырдан жасалады да арасына дәм қабық салынады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГИЛЬОМ ДЕ РУБРУК

...

1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның максаты: моңғолдар арасында христиан дінін уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ

ТОЛЫҒЫРАҚ »