UF

ЦИФРЛАР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛҒАН?

Категориясы: Тарих


Бүгінде екі жердегі екінің төрт екені тіпті мектеп табалдырығын аттай қоймаған бүлдіршінге де белгілі. Осы бір қарапайым шындықты білу үшін адамдардың әлденеше мың жылдар оқуына тура келді. Тас ғасырында өмір сүрген ежелгі адамдар тіпті: «екі», «төрт», «бес» деп санай да білмеген. Онысыз қалай күн көрген дейсің ғой? Тіптен оп-оңай. Айталық, аң аулауға сегіз кісі шықты делік. Олардың бесеуі аңды тұйыққа қуып әкеліп қамайды.

Үшеуі екі бүйірден қақпайлауы қажет. Бұл үшін сан атауы қажет бола бермейтін. Бір- біріне саусақтарын нұсқасып-ақ өзара түсінісіп жататын. Саусақтар өстіп, сандардың алғашқы таңбасының да, алғашқы «есептеу машинасының» да міндетін атқарды. Саусақтарды бүгіп жазу да оңай. Беске екіні қосу үшін бір қолдың саусағын түгел, екінші қолдың екі саусағын бүксе жетіп жатыр. Саусағыңды бүксең - қосқаның, жазсаң - шегергенің. Қолдың саусақтары жетпей жатса уайымдаудың қажеті жоқ, аяқтың он башпайы тағы бар.

Біз ондықтар арқылы санаймыз; онға дейін бір санап тастап, әрі қарай он бір, он екі, он үш... деп кете береміз, яғни екінші ондықты бастаймыз. Жиырма - екі ондық, отыз - үш ондық деген сөз. Сондықтан да көптеген ғалымдар бұлайша санауды қолдағы он саусаққа негізделген деп есептейді.

Кейін келе адамдар сандарды ағашқа немесе тасқа сызықшалар салып белгілеген.

...Ғасырлар ауысып, мыңжылдықтар жылжи берді. Біздің ертедегі бабаларымыз тастан үй салып, айдау жерді шағын бөліктерге бөлуді, егін себетін уақытты есептеуді үйренді. Бірақ осының бәрі үшін де күрделі есеп керек еді, ал есепті шығару үшін цифрлар қажет болды.

Алғашқы цифрлар да алғашқы сөз белгілері - әріптер жазыла бастаған тұста пайда болды. Ежелгі Египетте арифметикалық күрделі есептерді шығара білген.

Бірде ғалымдар Ежелгі Египет перғауынының - патшасының бір жеңісі туралы тасқа қашап жазған жазуды тауып алады. Әріп таңбаларының арасынан құсқа ұқсаған бір белгіні көреді. Сөйтсе, бұл «жүз мың» деген санның белгісі екен.

Бір де бір нөлі жоқ жүз мың... Өйткені, ол кезде нөл деген болмаған.

Нөлді кейініректегі Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде де білмеген. Ежелгі гректер цифрлар үшін де жай әріптерді қолданған. Бірді - А, екіні - В, үшті - Г деп, басқа сандарды да осылайша таңбалаған. Ежелгі Римдіктердің де өз цифрлары болған. Бірақ ол цифрлар пайдалануға мүлдем қолайсыз еді. 1, 2 және 3 сандарын жай ғана саусақтар бейнесімен таңбалаған. Ал бестік - 5 саусақ қой, яғни қол. Бас бармақ пен төрт саусақтың суретін салып жүрмес үшін мынандай «V» таңба салған екен. Төртті жазу үшін, арифметикаға жүгінбеске шараң жоқ, бестен бірді шегер, яғни әуелі бірді, соңынан бесті жаз. Міне, былай: IV. Алтыны жазғың келсе, беске бірді қосуың керек, яғни бестікті, одан кейін бірді жаз: VI. Жетіні жазу үшін - бестің соңына екі; сегізді жазу үшін - үш таяқша сал, ал тоғыз... Бұл үшін тағы да таяқшаны қосу керек пе? Керісінше қайта шегеру керек. Ондықты римдіктер «X» әрпімен белгілеген. Тоғызды жазу үшін оннан бірді алу керек. Демек, ондықтың алдына бір таяқша қойып, былай: «IX» жазған. Рим цифрлары күні бүгінге дейін ұмытылған жоқ.

Ал бүгін қолданып жүрген цифрлар қайдан келген? Оларды араб цифры деп атайды.

Цифрлардың таңданарлық қасиеті бар: олар үнемі болашақты мөлшерлеп тұрғандай. Айталық, алып ғимарат әлі тұрғызылған жоқ, ол жаңа ғана көкке бой соза бастады, сөйтсе де цифрлары даяр. Бұл үй неше қабаттан неше бөлмеден тұрмақ; неше терезе салынбақ, құрылыс үшін қанша кірпіш, бетон, металл, құрылыс машиналары қажет? Осының бәрін инженер есептеп, жазып қойған. Мұхит кемелерін жасау әлі басталған жоқ, бірақ ол бар... Цифр тілінде. Конструкторлар оның ұзындығын, биіктігін, кеменің қанша жүк көтере алатынын, жылдамдығының қандай екендігін, сондай-ақ жанармайды қанша жұмсайтынын есептеп, даярлап қойған.

Науқастың қан тамырын ұстап, немесе дәрі жазып отырған дәрігер де санайды. Тәтті нан пісіру үшін қанша ұн, ашытқы, май, қант керек екендігін наубайшы да есептейді. Болашақта кім болсаң да есептей білуің керек.

  Жарияланған-2016-09-07 13:53:59     Қаралды-36670

Мәлімет сізге көмек берді ма

КУРАГАДАН ЖАСАЛҒАН САМБУК

...

Іріктелген курага мұқият жуылып, салқын суға салынады. 1-2 сағат бөктіріп алынады да дайын болғанша қайнатылып, содан соң үккішпен үгіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫРМАУЫҚ БУДРА - ЖАЛПЫ ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ

...

Шырмауық будра бақтардың, ормандардың ішінде, бұталардың арасында, егістік жерлер мен шабындықтарда, өзен жағаларында өседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ҰМЫТЫЛА БАСТАҒАН ДӘСТҮРЛІ ТАҒАМДАР

...

Қазақ халқының ұлттық дастарқанында бар, бірақ қазіргі кезде ұмыт бола бастаған мынандай да дәстүрлі тағамдарына тоқтала кеткеннің артықтығы жоқ.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ГЕРОДОТ

...

Скифтердің тұрмыс-тіршілігімен етене жакын танысқан - тарих атасы Геродот. Грекияның Галикарнасынан шыққан Геродот біздің заманымызға дейінгі 455-445 жылдар шамасында Эгей теңізіне, Парсы еліне, Мысырға, Италияға, Скифияға, Македонияға саяхат жасайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БЕЙБІТШІЛІК ҚҰСЫ

...

Адам үшін пайдалы, өте момын кұстардың бірі - кептер. Көптеген адамдар бос уақытында кептер өсірумен шұғылданады. Кептер барлық елде тіршіліктің, бейбітшіліктің, сүйіспеншіліктің белгісіне айналған. Кептер - адамның өте ертеден қолға үйреткен құсының бір

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАЙ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АЙҒАҚТАР!

...

Шайдың шаршап шалдыққанда көңіл көтеріп, өсіресе, таңертең ішкен кезде ұйқы ашатынын және денені сергітіп, рахатқа бөлейтінін білеміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »