БАРҚЫТТЫ ҚАЛАЙ ТАЗАЛАЙДЫ?
Категориясы: Сән
Кірлеп, түгі ұйпаланып қалған барқыттың кірін кетіріп, бұрынғы қалпына келтіру үшін алдымен оны шаңсорғышпен тазартып немесе щеткелеп, шаң-тозаңынан арылтып аласыз. Одан кейін жұмсақ жүн матаны (бояусыз болсын) бензинге, спиртке немесе араққа батырып аласыз да, сонымен сүртіп кірін кетіресіз.
Ал барқытқа жұққан дақтарды кетіруде айрықша сақтық керек. Сүттен, кофеден немесе шайдан тиген дақтарды таза ақ шүберекті немесе мақтаны сірке суына шылап алып, сонымен сүртуге болады. Майлы дақтарды кетіру үшін таза да құрғақ құмды қаңылтыр табаға салып, пешке (духовкаға) немесе плитаның үстіне қойып қыздырасыз. Құм ыстық болсын, бірақ барқыттың түгін күйдіріп жіберетіндей болмасын. Бүдан соң ыстық құмды таза да жұқа матадан тігілген қалтаға салып немесе бір таза шүберекке түйіп аласыз да, дақты сонымен тазалайсыз. Әуелі құм салған қалтаны дақтың үстіне сәл басып тұрасыз да, одан кейін барқыттың оң жағынан да, теріс жағынан да сол қалтамен ысқылап сүртесіз. Құмның қызуымен барқытқа тиген майлы дақ ериді де, құм салған шүберекке жабысып шығады.
Әсіресе барқыттың түгі ұйпаланып қалған жерлерін мұқият тазалап алып, қылы қатты щеткамен щеткелеп жіберу керек. Сіз барқытты осылайша тазалап болған кезде газдың немесе плитаның үстінде бір кастрюльге су қайнап тұратын болсын. Баркыттың түгі ұйпаланған жерін кастрюльдің бетіне теріс жағын қаратып, бірнеше минут керіп ұстап тұрасыз. Одан кейін буланған барқытты дереу столдың үстіне жайып, оның түгі ұйпаланған жерін ыстықтай түгіне қарсы ысқылап щеткелейсіз. Барқыттың ұйпаланған түгі көтеріліп, қалпына келгенше өстіп, қайталап булай бересіз. Барқытты буға ұстаудан бұрын оның түгі ұйпаланған жеріне бензинді немесе спиртті шылқыта жағу керек. Будың әсерін күшейту үшін барқытты қайталап булаған сайын оның түк жағына бензин немесе спирт жағып отыру керек. Бұдан соң барқытты далаға жайып кептіресіз де, түк жағынан жұмсақ щеткамен щеткалап жібересіз.
Ши барқытты былай тазалайды: алдымен киімді шаңтозаңнан арылтып аласыз да, одан кейін бірнеше тамшы мүсәтір спирті тамызылған салқын суға салып, 15 минуттей жібітіп қоясыз. Бұдан кейін жылы суға сабын езіп немесе кір жуатын ақ ұнтақ салып, әбден көпіртіп аласыз да, жібітулі тұрған киімді соған салып жуасыз. Жуған кезде ши барқытты уқалап, ысқылауға, киімді бұрап, сығуға болмайды.
Осылайша жуып тазартқаннан кейін ши барқыттан тігілген киімді сығып, бұрамай ғана алдымен жылы суға, одан кейін салқын суға салып, әбден кірінен арылғанша шайқап аласыз да, өңін сыртына қаратып, киім ілгішке кигізіп жаясыз. Жуып, жайып қойған ши барқыт киімді кепкенше бірнеше рет тігіс-тігісінен тартып, керіп-созып қойсаңыз, ол қалыпты формасын жоғалтпай кебеді.
Жарияланған-2024-03-15 16:10:46 Қаралды-460
ЖАҢҒЫРЫҚ ҚАЙДА ТЫҒЫЛҒАН?
Шынында да, қызық, біздің ормандағы, таудағы, бос бөлмедегі айқайымызға құдды мазақ қылғандай қайталап үн қататын кім?
БҰРЫНҒЫ АРУЛАР ӨЗДЕРІНЕ ҚАЛАЙ КҮТІМ ЖАСАДЫ?
Сұлулық құпиялары әрқашан әйелдердің құпия қаруы болды, оларға басқаларды таң қалдыруға және өз мақсаттарына жетуге көмектеседі.
ҚАНТ АЛЫНАТЫН АҒАШТЫ БІЛЕСІҢДЕР МЕ?
Біздің түсінігімізше қант - қант қызылшасынан немесе қант қамысынан алынатыны белгілі. Ал, ағаштан қант жасалатыны бізге онша таныс емес. Ол қандай ағаш, қайда өседі, қант қалай алынады және т.б.? Ғалымдар үйеңкінің 150-ден астам түрі бар деп есептейді.
ЖАҢҒАҚ ПЕЧЕНЬЕСІ
Кастрюльге қант, ұнтақталған жаңғақ және жұмыртқаның сары уызы салынып араластырылады.
КУЛТЕГІН ЕСКЕРТКІШІ
Күлтегін ескерткіші 1889 жылы орыс археологиялық-экспедициясының басшылығымен Көкшін-Орхон өзенінің оң жағалауынан Кіші-Цайдам деген жерден табылған. Бұл ескерткіш Түрік империясының тарихы жайлы әңгімелейді.