UF

АТ САЙЫСЫ

Категориясы: Спорт


АТ САЙЫСЫ - спорттың бір түрі. Қазақ халқында Ат сайысына жататын бәйге, ат омарластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар, күміс алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. ойындар бар. Ұлттық ойындардың басқа түрлері сияқты Ат сайысы ерте кезде тек жиын тойларда ғана ойнайтын. Ат сайысы қазан төңкерісінен кейін спорт түріне еніп, жүйелі дами бастады. 1920 жылдары республикамызда үйірме, секциялар ашылып, кейіннен Ат сайысы үлкен жарыстардың бағдарламасына енгізілді. Ат сайысы негізінен классикалық және ұлттық болып бөлінеді. Классикалық Ат сайысы олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіретін дүние жүзі халықтарының көбіне ортақ ойындар жатады. Мысалы, кедергіден өту, үш сайыс (мәнерлеп жүгірудің жоғары мектебі), тачанка (екі дөңгелекті жеңіл жеңіл арба айдау) т.б. Ат сайысының бұл түрінен 1963 жылы Бүкіл одақтық жарыстардың бағдарламасына енгізілді. Сол жылы Ат сайысы ұжымшар, кеңшар және жылқы заводтарының Бүкіл одақтық жарысы болып өтті. Онда Ат сайысының ат жарыс, көкпар, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу сияқты түрлері болды. Қазақстан жыл сайын әр түрлі мерекелік құрметіне ұйымдастырылған спартакиаданың бағдарламасына Ат сайысының кеңінен өркендеуіне байланысты, ат жарыс, жорға жарыс, қыз жарыс, көкпар және сайысудан разрядтық нормалар тапсыру жүйесі жасалып, жарыс өткізулің жаңа ережесі бекітілді. Спорттың бұл түрімен шұғылданушылар сайыс кезінде аттың күшін дұрыс пайдалана білу, қажетті жерде ат басын тежей отырып, әр қилы кедергілерден мұдіртпей өткізе білуі қажет. Сайысқа түсетін аттар күн ілгері жаратылады.

  Жарияланған-2019-10-31 12:19:08     Қаралды-6392

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҮШТІКЕНДІ ГЛЕДИЧИЯ – АСҚАЗАНҒА ШИПА

...

Гүл тостағаншасы жартысына дейін біріне-бірі жабысқан 5 қалақша.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САЛЛАМ ӘТ-ТАРДЖУМАН

...

Саллам әт-Тарджуман - араб саяхатшысы. Саллам әт-Тарджуман IX ғасырдың ортасында Қазақстан аймағымен жүріп өткен. Ол Самарадан (Бағдад каласының маңы) шығып, Кавказ арқылы хазарлар елінен өтіп, Еділге (Волга) келген.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ІНЖУ-МАРЖАННЫҢ МӨЛШЕРІ ҚАНДАЙ?

...

Соңғы уақытқа дейін әлемдегі ең үлкен інжу 1934 жылы Оңтүстік Қытай теңізінде Филиппиннің Палаван аралында салмағы 300 кг-нан асатын меруерт табылған

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАЛ ҚОСЫЛҒАН КҮНБАҒЫС КӘЗИНЕГІ

...

Бұл - әбден қайнатылған бал-шекер шырынымен араластырылған күнбағыс дәнінен әзірленген, төрт бұрышты немесе қиғаш төрт бұрышты тәтті тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖЕРДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ГҮЛ ҚАНДАЙ?

...

Суматра және Калимантан аралдарында таңғажайып өсімдік өседі - Арнольд раффлезиясы

ТОЛЫҒЫРАҚ »