БОЛАТ САРЫБАЕВ
Категориясы: Адамдар
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1985 жж.) қазақ халқының музыка зерттеу саласында мол еңбек сіңірген аса көрнекті музыкант. Оның өнерге деген құштарлығын аңгарған Дина Нұрпейісова өз домбырасын сыйға тартады. Бұл күй анасының оған артқан сенімі еді. Динаның ақ батасын алған жас өскін Алматы консерваториясын ойдағыдай бітіріп, еңбек жолын осы өнер шаңырағынан бастаған. Қазақ халқының музыка аспаптарын жинап, отызға жуық түрін анықтаған. Археологиялық экспедицияда табылған саз балшықтан жасалған үш ойықты саз-сырнай аспабын қалпына келтіріп, өзі ойнап дыбыстандырған.
Б.Сарыбаев - сан алуан өнерпаздарды тәрбиелеген, қазақ халқының мәдениетінің дамуына ықпал еткен ғалым, ұстаз.
Ұлттық аспаптарды қайта жаңғыртуға үлес қосқан ғалым Болат Сарыбаев есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Жарияланған-2015-11-24 19:42:51 Қаралды-2689
ҚАНДАЙ ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫС ТҮРЛЕРІ БОЛАДЫ?

Ядролық жарылыс түрлері қолдану мақсатына қарай ядролық жарылыс түрлері мынадай түрде болуы мүмкін: биіктегі, әуедегі, жер бетіндегі, су үстіндегі, жер астындағы, су астындағы жарылыстар.
ЕКІБАСТҰ3

Екібастұз - Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған.
13 ЕҢ АТАҚТЫ ФИЗИКТЕР

Физика заңдары табиғаттағы барлық құбылыстарға пайдаланылады. Бірақ тамаша физикалық құбылыстардың заңдарын ашқан физиктер болмағанда, физика ғылым ретінде қалыптаспас еді.
БАДАНА - ҚАНТ ДИАБЕТІН ЕМДЕЙДІ

Бұл – биіктігі 60 сантиметрге дейін жететін, көпшілікке белгілі бір жылдық, шөп тектес өсімдік.
ТЕҢІЗДЕГІ ТЕЛЕГЕЙ СУ ҚАЙДАН КЕЛГЕН?

Егер глобусты шыр айналдырсақ, ол тек қана - көгілдір түсті болып көрінеді. Олай болатын себебі - оның бетіндегі сары, ақ, жасыл, қоңыр түске қарағанда көгілдір бояудың басымдығы.
ЮАНЬ ПАТШАЛЫҒЫ

Юань патшалығы - 1271-1368 жылдар аралығында қазіргі Моңғолия және Қытай аумағында салтанат құрған мемлекет. Мемлекеттің негізін Шыңғыс ханның немересі Құбылай қалаған.