UF

ЖЕРГЕ ЕҢ ЖАҚЫН ЖҰЛДЫЗ

Категориясы: Ғарыш


Кун жуйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Ол аса ыстық газдан тұратын, шар тәрізді аспан денесі болып саналады. Бүкілкүн жүйесі массасының 99,866%-і кұнде жинақталған. Жерден күнге дейінгі орташа қашықтық 149,5 млн. км, осы қашықтықтан көрінетін күннің бұрыштық диаметрі 31'59", 3; сызықтық диаметрі 1 391 000 км (Жердің экваторлық диаметрінен 109 есе үлкен). Массасы 1,985 -1033 г (Жер массасынан 322 400 есе үлкен), орташа тығыздығы 1,41 г/см3 (Жердің орташа тығыздығының 0,256 бөлігіндей). Күн бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 274 м/сек2 (Жер бетіндегіден 28 есе артық). Күн өз осінен эклиптиката 7°15' бұрыш жасай (Жердің айналу бағыты бойынша) айналады. Айналу жылдамдығы күн атмосферасындағы әр түрлі детальдардың қозғалысы және күн дискісінің жиектерінде байқалатын спектрлік сызықтардың ығысуы бойынша анықталады. Күнің өз осінен айналу жылдамдығы әр түрлі гелиографиялық ендіктерде түрліше болады: оның айналу периоды 25,38 орташа күн тәулігінен (әкваторда) 35 тәулікке дейін (полюстерде) өзгеріп отырады. Күн бетінен жоғары көтерілген сайын бұрыштық жылдамдық өзгермейді деп саналады. Күн бетіндегі әр түрлі детальдардың орны, күн экваторы мен Керрингтон меридианы деп аталатын, бастапқы меридианнан бастап саналатын гелиографиялық координаталармен анықталады. Бұл жағдайда күн қатты дене тәрізді айналады деп есептелінеді. Бастапқы меридианның әр күнгі қалпы Астрономиялық жылнамада беріледі. Онда күн осінің бағыты жайлы деректер де келтіріледі.

Күн жұлдыз ретінде Герцшпрунг-Ресселл диаграммасының бас қатарының орта тұсынан орын алатын сары ергежейлі жұлдызға жатады. Ол 26,76 фотовизуальдық жұлдыздық шамада көрінеді. Оның абсолют фотовизуальдық жұлдыздық шамасы 4,81-ге тең. Күннің түс көрсеткіші (фотографиялық және фотовизуальдық жұлдыздық шамалардың айырымы) интернационалдық жүйеде +0,50-ге тең. Спектрлік класы 03. Жақын орналасқан жұлдыздармен салыстырғандағы қозғалу жылдалдымдығы 19,4 км/сек. Күн - ішкі құрылысы бойынша сфералық симметриялы дене қатарына жатады. Бұл қағида күн гидростатикалық және сәулелік тепе-теңдік күйде тұрады деген болжамға негізделіп анықталған. Энергияның тасымалдану теңдеуі, идеал газ күйінің теңдеуі, Стефан - Больцман заңы мен энергияның сақталу заңы, гидростатикалық, сәулелік және конвективтік тепе-теңдіктер, бақылаулар арқылы анықталатын толық жарқырау, күннің толық массасы, радиусы және оның химиялық құрамы туралы деректер күннің ішкі құрылысы жайлы модельді жасауға мүмкіндік береді. Осындай модель бойынша күннің центріне таяу конвективтік ядро болуы керек.

Күннің центріндегі темппературасы 15-17 - 106К, тығыздығы 100 г/см3. Күн секунд сайын, шамамен, 1,88 эрг/г энергия бөліп шығарады. Энергияның бөлініп шығуы сутек гелийге айналатын және протон-протондық көміртекті циклдерден тұратын термоядролық реакциялардың көмегімен жүзеге асады. Күннің ішкі қабаттарынан энергияның сыртқа шығуы мына түрде өтеді: әуелі төменнен келетін электромагниттік сәулелер (атомдардың ішкі қабықшаларының фотоионизациясы) жұтылады да, олар қайта бөлініп шығады. Күн центрінен алыстаған сайын, темпратураның төмендеуіне байланысты, бұл сәулелердің толқын ұзындықтары үнемі артып отырады. Күннің терең қабаттарында энергияның конвективтік ауысуы ешқандай роль атқармайды деп санауға болады. Күннің өзін қоршаған кеңістікке шығаратын толық энергиясы 4+033эрг; осы энергияның тек 1:2 200 000 000 бөлігі ғана Жер бетіне келіп түседі. Күн спектріндегі энергияның таралуы, шамамен 6 000°С температурадағы абсолют қатты дене энергиясының таралуына жақын. Күн мен Жердің ара қашықтығына тең қашықтықта, жер атмосферасынан тысқары Күн сәулесіне перпендикуляр қойылған 1см2 ауданға 1 мин-та келіп түсетін жылу мөлшері, шамамен 2,00 кал/см2-мин болады. Күн спектрінде 20 мыңнан астам жұтылу сызықтары (Фраунгофер сызықтары), болады, олардың көбісі белгілі бір химиялық элементтердің спектрлік сызықтарына сәйкес келеді. Күн атмосферасында ең көп тараған элемент - сутек. Онымен салыстырғанда гелий атомдары 4-5 есе, ал басқа элементтер 1 000 есе аз таралған. Кун спектрінен ОН, NH, О2, СN, СН, СО т. б. молекулалар мен бос радикалдарға тән сызықтар да табылды.

Күннің тікелей бақылауға келетін жоғарғы қабаттары, оның атмосферасын құрады. Күн сәулесінің көрінетін бөлігі, түгелдей дерлік, фотосфера деп аталатын күн атмосферасының төменгі қабатынан шығады. Оның қалыңдығы 100-300 км, тығыздығы шамамен 2-10 г/см3. Фотосфераның температурасы төменнен жоғары қарай 5700°С-тан 4500°С-қа дейін төмендейді. Атмосфераның төменгі қабаттарынан келетін сәулелердің жұтылуы және одан әрі шашырауы салдарынан, Фраунгофер сызықтары түгелдей дерлік осы фотосфераның жоғарғы қабаттарында пайда болады. Конвекцияның әсерінен фотосфераның құрамындағы заттар үнемі вертикаль бағытта араласып жатады. Осыдан келіпгрануляция пайда болады. Гранулалар (грануляция құрамындағы түйіртпек дәндер) қызған газдардан пайда болған бұлттардан тұрады. Фотосфераның үстінде, күннің көрінетін жиегінен 14 мың км-ге созылып жатқан хромосфера қабаты орналасқан. Оның тығыздығы фотосфера тығыздығынан әлдеқайда аз (шамамен 10-12г/м3), әрі биіктеген сайын сиреп отырады. Хромосферадан шығатын сәулелер жекедара спектрлік сызықтардан ғана тұрады. Хромосферадан жоғары, күн атмосферасының ең сиретілген бөлігі кун тәжы орналасқан. Оның биіктігі бірнеше күн радиусына тең. Күн тажы ұзақ уақыттар бойы тек күннің толық тұтылуы кезінде ғана бақыланып келді. 1930 ж. табылған арнаулы коронографтың көмегімен мұндай бақылаулар қазіркүн тұтылмаған кезде де жүргізіле береді. Таждың кинетикалық темппературасы 1 млн. градус шамасында. Таж өте әлсіз сәуле шығарады. Ол фотосфера сәулесінің еркін әлектрондардан шашырауынан туған үздіксіз спектр мен аса күшті иондалған метал сәулелерінің жеке-дара сызықтарынан тұрады. Күннің радиосәулелері 1 см-ден І2 м-ге дейінгі толқын ұзындықтарында байқалады. Ол «тыныш күннің» радиосәулелері мен интенсивтілігі бұдан мыңдаған есе артық болатын «ұйтқыған күннің» радиосәулелерінен тұрады. Соңғы сәулелер күннің активтілігіне тәуелді болады және оның интенсивтілігі тез өзгеріп тұрады.

Күннің жалпы магнит өрісінің кернеулігі Күн полюстерінде Нр= 1-5 гс-тен аспайды. Кернеулік бір орыннан екінші орынға өткенде өзгеріп отырады. Күннің диполь ретіндегі магниттік моментінің шамасы 1,69-1032Нр. 1957-1958 жылдардағы бақылауларға қарағанда, күн активтілігінің максимумына таянғанда, күннің жалпы магнит өрісі өзінің полярлығын өзгерткен. Күннің жалпы магнит өрісінің ыдырау уақыты 1010 жылға тең деген болжам бар. Күннің полярлық аудандарында бақыланатын әлсіз магнит өрістері, оның беттік құбылыстарының әсерінен ғана пайда болуы мүмкін. Күннің жалпы магнит өрісі жайлы мәселе әлі де болса толық зерттелмеген; бақылау нәтижелері мен теория бір-біріне қайшы келеді.

Фотосферада күн дақтары мен жалын шудаларын бақылауға болады. Күн дақтары, көбінесе қара қоңыр түсті ядролар мен оларды қоршаған шала көлеңкелерден тұрады. Олардың диаметрі 200 мың км-ге дейін жетеді. Дақтардың темппературасы 4500° С-қа жуық, яғни өздерін қоршаған фотосфераның темппературасынан төмен. Дақтардың жарықтылығы фотосфераның жарықтылығынан 2-5 есе төмен, сондықтан олар қарайып көрінеді. Күн дақтарында бірнеше магнит өрісі болады, олардың кернеуліктері 300-5000 эрстедке жетеді. Күн дақтары гелиографиялық ендіктің 45°-ына дейінгі аймақта ғана кездеседі және олар бірнеше күннен бірнеше айға дейін өмір сүреді. Жалын шудалары - фотосфералық құбылыс. Олар әсіресе, күн дискісінің жиегінде, ақ жарықтық фонында жақсы көрінеді. Жалын шудалары, кейде, бірнеше сағат ішінде едәуір өзгеріске ұшырап отыратын күрделі талшық түрінде байқалады. Олар дақтарға қарағанда ұзағырақ өмір сүреді. Жалын шудалары фотосферадан жоғарырақ орналасады және олардың темппературасыда жоғары болады (фотосфера темппературасынан бірнеше жүз градус жоғары). Күнді кейбір спектрлік сызықтар (мыс., На сутек сызықтары, иондалған кальцийдің Н және К сызықтары т. б.) арқылы бақылау кезінде, ашық түсті флоккулдар мен қарауытқан талшықтар байқалады. Кальций сызықтарындағы флоккулдардың құрылысы жалын шудаларына ұқсас және олар жалын шудаларының үстінде орналасқан. Флоккулдардың мөлшері әр түрлі болады. Жалын шудалары тәрізді әрі жарық, өрі ірі флоккулдардың көбісі дақтармен байланысты зерттеледі. Бірақ оларды дақтарсыз-ақ бақылауға болады.

Күн дискісінің жиегінде газ бұлты -протуберанц байқалады. Протуберанцтардың спектрі Н, Са, Не және металдардың әлсіз сызықтарынан тұрады. Олардың ұзындығы кейде 1 млн. км-ден асады. Протуберанцтар жарқыраған газдардан құралады. Олар әр түрлі формада (тамшылар, фонтандар, бұлттар, доғалар т. б. түрінде) кездеседі; күн бетінен орташа биіктігі 30 мың км-ден 50 мың км-ге дейін жетеді. Дақтардың, флоккулдардың, жалын шудаларының төңірегіндегі протуберанцтар магнит өрісінің күш сызықтарына ұқсас траекториялармен қозғалады. Басқа протуберанцтар бейберекет қозғалады. Жылдамдығы кенеттен 700 км/сек-ке жететін және үнемі артып отыратын жылдамдықпен жоғары атылатын эруптивті протуберанцтар да кездеседі. Олар атылған кезде күн мөлшерімен шамалас биіктікке дейін жоғары көтеріледі. Күн атмосферасының дақтар орналасқан жерлерінде, түрі сутекті флоккулдарға ұқсас, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін өмір сүретін, өте интенсивті хромосфералық оталу (эрупциялар) құбылысы байқалып отырады. Хромосфералық оталу кезінде оталу аймағынан көтерілетін протуберанцтар пайда болады. Хромосфералық оталу кезінде күннен шығатын корпускулалық ультракүлгін сәулелер күшейіп, оның әсерінен геомагниттік және ионосфералың ұйтқулар пайда болады. Күн бетінде бақыланатын әр түрлі құбылыстар, шамамен 11 жылдық периодпен (күн активтілігінің цикліне сәйкес) өзгеріп отырады. Күн активтілігі көптеген геофизикалық құбылыстарға әсерін тигізеді; жер ионосферасының күйін өзгертеді, осының әсерінен қысқа радиотолқындардың таралу ерекшеліктері, магниттік құйындар, полярлық шұғыла т.б. пайда болады. Күн активтілігінің Жердегі құбылыстарға әсерлері анықталған соң, көптеген обсерваторияларда күнді үнемі бақылап отыру мақсатында күн қызметі ұйымдастырылды.

Күннің жоғарғы жиегінің шығуы мен батуы аралығындағы күн тәулігінің жарық болатын бөлігі. Күннің ұзақтығы географиялық ендік пен Күннің ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жер экваторында Күннің ұзақтығы жыл бойына өзгермейді деуге болады. Ол шамамен 12 сағатқа тең. Полюсте Күн жарты жылға созылады. 0°-тан+ +66°37'-қа дейінгі ендікте жазғы күн тоқырау күні (22 маусым) - Күннің ең ұзақ кезі, ал қысқы күн тоқырау күні (22 желтоқсан) - Кннің ең қысқа кезі. 0°-тан - 66°37'-қа дейінгі ендікте, керісінше, 22 желтоқсан ең ұзақ күн, ал 22 маусым ең қысқа күн болып есептеледі.

Күннің активтілігі. Куннің түрлі қабаттарында байқалатын құбылыстардың (дақтар, жалын шудалары, оталу, талшықтар мен протуберанцтар, таждың ұйытқу орындары т.б.) жиынтығы. Күннің активтілігін сипаттау үшін бірқатар индекстер енгізілген. Оның ең жиі қолданылатыны - 1749 жылдан белгілі Вольфсаны. Күннің активтілігін орташа периоды 11 жылдай (кейбір циклдер 7,5 тен 16 жылға дейін) болатын, циклдік өзгерістерге ұшырап отырады. Күннің активтілігін периоды 80 жыл не одан да артық болатын ұзақ өзгерістері (яғни ғасырлық өзгерістер) де байқалады. Күннің активтілі артқанда Күннің ультракүлгін радиациясы мен корпускулалар (протондар, кальций иондары, электрондар) ағынының күшеюі геомагниттік өріс пен ионосферадағы (магниттік ионосфералық дауыл, ионосферадағы радиотолқындардың жұтылуының артуы) өзгерістер, полярлық жарқыл тәрізді бірқатар геофизикалық құбылыстардың пайда болуына әсер етеді.

Әдеб.: Амбарцумян В. А. и др., Теоретическая астрофизика.-М., 1952; Вальдмайер М., Результаты и проблемы исследования Солнца, пер. с нем.-М., 1950; Солнце, под ред. Дж. Койпера,пер. с англ., М., 1957; Северный А.Е. Физика Солнца. -М., 1956; Ягер К., Строение и динамика атмосферы Солнца, пер. с англ., -М., 1962; Солнечная активность и ее земные проявления, под ред. М. С. Эйгенсона.-М.- Л., 1948.

  Жарияланған-2019-09-02 16:00:58     Қаралды-26637

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАБЫР-НАМЕ

...

«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖИДЕНІҢ ІШІ АУЫРҒАНДА ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ

...

Жиденің жемісін тамаққа пайдаланады. Химиялық құрамы: сабағының, бұтағынын; құрамында илік және бояу заттары бар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КӨРКЕМ СУРЕТТЕ РАКУРС

...

Егер біз адамға не төменнен, не жоғарыдан қарар болсақ, оның әдеттегі кейпіне ұқсамай, өзгеріп сала бергенін байқаймыз. Өзінің денесінің бізге жақын тұрған бөлігі үлкейіп, алыс тұрған бөлігі кішірейіп кеткендей көреміз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕНЕСАРЫ ХАН

...

Кенесары Қасымұлы (1802-1847 жж.) - қазақтың ірі мемлекет қайраткері, қолбасшы. Кенесары 1841 жылы бүкіл қазақ халқының мақұлдауымен хан көтерілген Қазақ хандығының соңғы ханы. 1837-1847 жылдардағы қазақ халқын басқыншылардан азат ету күресінің басқарушыс

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ТІРКЕЛГЕН ҚАЙЫҢ ТҮРЛЕРІ

...

Қазақстанның 1981 жылы жарық көрген Қызыл кітабына қайыңның 3 түрі - қызыл кайың, талас қайыңы және Ярмоленко қайыңы тіркелген. Бұл үшеуі де әрі сирек кездесетін, әрі шағын жерлерде ғана өсетін эндемик түрлерге жатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШАБУ ҚАРУЛАРЫ

...

Қазақтардың шабу қаруы үш түрге бөлінеді. Бірінші түрі - жүзінің жалпақтығы орташа келген «жауынгерлік балта». Екінші түрі - жүзі жалпақ, жарты ай сияқты дөңгелене келген «айбалта».

ТОЛЫҒЫРАҚ »