UF

ВЕНЕЦИЯ - КӨПІРЛЕР ҚАЛАСЫ

Категориясы: Тарих


ВЕНЕЦИЯ (Venezia) -  Италияның солтүстік-шығысындағы қала, Адриат теңізінің жағасында, Венеция облысы мен Венеция провинциясының әкімшілік орталығы. Халқы 260 мың (2019). 400-дей көпірі бар 150 канал бөліп тұратын 118 құмдақ аралға орналасқан.

Тарихы. Венеция жеріне адам б. з. б. 5 ғасырда алғаш қоныстанған. Қатыгез тайпалардың (варварлардың) шапқыншылығы кезінде (б. з. 4-7 ғасырлар) халықтың саны Италияның құрлық жағынан қашқандардың есебінен көбейді, аралдарда қауымдар пайда болды. 7 ғасырдың аяғы 8 ғасырдың бас шамасында онда республика құрылды. Венеция қаласы 9 ғасырдың басында Риальто аралында салынды. 9-10 ғасырда Венеция Батыс Европа мен Шығыстың ірі сауда орталығына айналды. 4-крест жорығының нәтижесінде (1202-1204) Жерорта теңізіндегі империяға айналып, 14-16 ғасырда құрлықтағы жерін кеңейте түсті. 1797 жылы Наполеон Бонапарт басып алды да, 1848-1849 жылы Революция кезінде республика болып жарияланды. 1866 жылы Вена келісімі бойынша Италия корольдығының құрамына енді. 1943-1945 жылдары Венеция неміс-фашист басқыншылығы кезінде Қарсыласу қозғалысының ірі орталығына айналып, 1945 жылы 29 сәуірде азат етілді. Венеция - үлкен сауда және әскери порт, әуе жолының торабы. Өнеркәсібі нашар дамыған, көбінесе ескі кәсіпорындар; кеме, қағаз, полиграфия жабдықтары, тамақ, әйнек т.б. жасап шығарылады. Фтор, алюминий, мырыш, және мұнай айыру т.б. заводтары 2-дүние жүзілік соғыстан кейін салына бастады. Лидо аралында белгілі халықаралық теңіз курорты орналасқан. Сан-Ладзаро аралында армян-мхитарилер қауымы, оның кітапханасында ежелгі армяндардың бағалы қолжазбалары бар. Қалада қызғылықты орындардың, архитектуралық ескерткіштердің, түрлі өнер шығармаларының мол болуынан туристер көп келеді. Вавилонда халықаралық фестивальдар, осы замаңғы көркемөнер көрмесі, театр және музыкалық фестивальдары т. б. өткізіліп тұрады. Туризм мен қонақ үйлерден түсетін табыс қала экономикасында елеулі роль атқарады.

14 ғасырда ірге көтерген Венеция архитектурасы 16 ғасырдың басында қалыптаса бастады. Әдемі безендірілген шіркеулер, сарайлардың түсті мәрмәрден ернектелген галереялы фасадтары, әшекейлі терезе, сәнді көпірлер мен каналдар, 3-4 қабатты үйлері бар сұлу көшелер саны көбейді. Венеция орталығы - Сан-Марко Пьяццасы орналасқан алаң (829-832). Пьяццетта алаңы, Сан-Марко кітапханасы (1583), әйгілі Дождар сарайы (9-14 ғасырлар) да осы тұста. Готика, ренессанс және барокко стилінде салынған Ка д’ Оро (1422-1440), Вендрамин-Калерджи (1481-1509), Редзонико (1660), Пезаро (1710) сияқты салтанатты сарайлар Үлкен каналды жағалай салынған. Санта-Мария Глориоза деи Фрари (1338-1443), Сан-Джорджо Маджоре (осы аттас аралда; 1565-1580) сияқты Венеция архитектурасынан маңызды орын алатын бірнеше шіркеулер мен монастырьлар бар. 20 ғасыр құрылыстарынан тұрғын үй салынған жаңа аудандарды (1917 жылдан бастап), Санта-Лучия т. ж. вокзалын (1956) атауға болады. Басты музейлері: Коррер (14-16 ғасырлар өнері), Қазіргі заман өнерінің халықаралық (Пезаро сарайында), Археологиялық музей, Дж. Франкетти галереясы (Ка д’ Орода). 2 жылда бір ұйымдастырылатын Биеннале Халықаралық көркемсурет көрмесі (1895 жылы ұйымдастырылған) Венецияда өтеді.

Әдеб.: Венеция. Архитектурные памятники. Л., 1938; Всеволожская С. Н. Венеция. Л., 1970.

  Жарияланған-2019-09-04 14:21:05     Қаралды-4219

Мәлімет сізге көмек берді ма

ӨНДІРІСТЕ ҚАҒАЗДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?

...

Бүгінгі күнде қағаз да барлық істе адамдарға машиналар көмектесетін алып комбинатта даярланады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАНИКУЛ СӨЗГЕ СҮМБІЛЕ ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР?

...

Біздің әрқайсысымызға сонша үйреншікті осынау сөздің түп негізі...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРАЗА АЙТ

...

Отыз күн ораза біткеннен кейін рамазан айының жалғасы ретінде үш күн ораза айт мейрамы өтеді. Айттан бір күн бұрын «арафа (арапа)» күні болады. Сол күні мерекеге арналған бауырсақ, шелпек пісіріледі. Арафа күні үй ішін тазалап, мерекеге дайындық жұмыстары

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ХАЛЫҚТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ

...

Халықтық азаматтық қорғанысы - бейбіт уақытта және соғыс кезінде еліміздін, халқы мен халық шаруашылығын дұшпанның жаппай зақымдаушы және басқа шабуыл жасау қаруларынан қорғау үшін, соңдай-ақ зақым ошақтарында, апатты су тасқыны аймақтарында, стихиялық ап

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАБЫР-НАМЕ

...

«Бабыр-наме» - түркі (шағатай) тілінде 1526-1530 жылдар аралығында жазылған жазбалар мен естеліктер жинағы. Авторы - Заһир әд-Дин Мұхаммед Бабыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖАҢҒАҚ ТҮТІКШЕЛЕР

...

Бұл - арасына жаңғақ салынған тоқаш қамырынан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »