UF

ХАЛЫҚТЫҚ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫСЫ

Категориясы: Соғыс


Халықтық азаматтық қорғанысы - бейбіт уақытта және соғыс кезінде еліміздін, халқы мен халық шаруашылығын дұшпанның жаппай зақымдаушы және басқа шабуыл жасау қаруларынан қорғау үшін, соңдай-ақ зақым ошақтарында, апатты су тасқыны аймақтарында, стихиялық апаттар, ірі авариялар мен апаттар кезінде құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жүзеге асырылатын жалпы мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Азаматтық қорғаныс ролі өзінің міндеттерінің күрделілігімен, әр алуандығымен ерекшеленеді, ол бұл міндеттерді агрессор ракеталық-ядролық соғыс ашқан кезде жүзеге асырады. Қазіргі замандағы шабуыл жасау құралдарының шексіз мүмкіндігі мен ядролық қарудың орасан зор апатты сипаты еліміздің бүкіл халқын оны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларға барынша белсенді турде қатысуға жұмылдыруды қажет етеді. Халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтау - бұл азаматтық қорғаныстың гумманистік мақсаты. Азаматтық қорғанысты жетілдіріп, дамыту - бүкіл халықтық іс және әрбір азаматтың борышы. Азаматтық қорғаныс орындайтын міндеттерін маңыздылық сипатына қарай шартты түрде үш топқа бөлуге болады: I-халықты жаппай зақымдаушы қарудан қорғау дер кезінде қорғау ғимараттарын дайындау, халықты жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, халықты таратып орналастыру және көшіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, халыққа қорғаныс әдістері мен құралдарын оқытып үйрету; II - соғыс кезінде халық шаруашылығы объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін арттыру; III - дұшпанның жаппай зақымдаушы қаруды қолдану зардаптарын жою - зақым ошағында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу. Бұл міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыру командалық-басшы құрамдармен әскери емес жасақтардың, сондай-ақ бүкіл халықтың жаппай зақымдаушы қарулардан қорғану даярлығына байланысты болады.

  Жарияланған-2016-02-20 15:06:57     Қаралды-3775

Мәлімет сізге көмек берді ма

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ СПОРТ ТАРИХЫНАН

...

Хоккей ойынына ұқсас ойынды 1866 жылы Канада мемлекетінде әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер (ағылшындар) ойлап тауыпты дейді спорт жылнамасы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮГЕРІ КЕКСІ

...

Жүгері және бидай ұнына сода қосылып елекпен еленеді. Жұмыртқа, қант, тұэ, ванильді қант және айран (простокваша) араластырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚҰЙРЫҚ-БАУЫР: ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

...

Қойдың құйрық майы мен бауыры салқын сумен жуылып, тазартылады. Содан соң қазанға су құйылып, отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАБАН

...

Республикамыздың су қоймаларының барлығына дерлік таралған жуас балық табан деп аталады. Ол күй талғамайды, егер қоректік азығы мол болса, кез келген таяз, суы тұнық суларда тіршілік ете береді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ ОЙЛАСЫ

...

Бұл - қайнатылған жеміс массасы мен жаңғақтан дайындалып, бадаммен және грек жаңғағымен әсемделген тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНАР ШӘРБӘТІ

...

Жас анардан сығып алынған шырын тот баспайтын ыдысқа құйылады. 1 стакан жылы суға қант езіледі. Олар шырынға қосылады да отқа қойылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »