ӨНДІРІСТЕ ҚАҒАЗДЫ ҚАЛАЙ ЖАСАЛАДЫ?
Категориясы: Ғылым
Бүгінгі күнде қағаз да барлық істе адамдарға машиналар көмектесетін алып комбинатта даярланады. Машина дегендер болашақ қағаздар орманда өсіп тұрған кезден-ақ іске кірісіп жатады. Электр аралар зырылдап ағаштарды құлатады. Ағаш таситын тракторлар бөренелерді сүйреп өзенге жеткізеді. Машиналар бөренелерді сал ғып матастырады да, ол өзенмен аққан қалпында, цехтың қақпасынан бір-ақ шығады.
Бұл жерде іске енді басқа машиналар кірісіп кетеді: бірнеше арасы бар станок бөренелерді қас пен көздің арасында қысқа-қысқа ғып турап тастаса, енді бір машина олардың қабығын сыпырады, ағаш жарғыш машина дөңбектерді ұсақ-ұсақ жоңқаларға айналдырса, даяр жоңқалар жылжымалы жол арқылы қазанға барып төгіледі. Қазанға түскен жонқаларға арнаулы ерітінді қосылып, ағаш «ботқа» әзірленеді. Мінеки, ағаш ботқа әзір болған соң, одан аппақ қағаз жасалады.
Фабрикадағы соңғы машина өте үлкен. Бір басында тұрып қарасаң, екінші жағын көре алмайсың. Өйткені, оны бірнеше машинаның жиынтығы деуге болады. Біреуі ағаш ботқаны тордан өткізіп, сүзіп алса, екінші біреуі оның суын сығады, үшіншісі қағаз мүлде кеуп, біркелкі жылтыр болу үшін ыстық оқтаумен үтіктейді.
Мінеки, қағаз орамдары даяр болды!
Бүгінгі балалар жазу үшін кітаптарды оқып, олардың суреттерін тамашалау үшін мыңдаған жылдар және мыңдаған адамдардың еңбегі қажет болды.
Жарияланған-2016-09-07 15:55:14 Қаралды-2330
АСТАНА

Астана деп мемлекеттің саяси, әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығын айтады. Ол елдікті, ұлттық бірлікті білдіретін бас қала болып табылады. Біздің еліміздің бас қаласы Астана болып саналады.
ТӘТТІМБЕТ

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) - шертпе күйдің негізін қалаған классик күйші-сазгер. Ол Қарағанды облысындағы Мыржық тауының бойында дүниеге келген. Ол жастайынан өнерлі ортада өскен. Оның ата-бабаларының ішінде кемеңгер билер, ақылды шешендер, қалжыңқ
ДӘРІЛІК САБЫНШӨП (ЖЕР САБЫН)

Дәрілік сабыншөп - биіктігі 80 сантиметрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.
КӨРКЕМ СУРЕТТЕ ИНТЕРЬЕР

Сәулетші өзі салатын үйдің тек сыртқы ажарына ғана емес, ішкі көркіне де көп көңіл бөледі. Үйдің ішін безендіру өнерін «интерьер» деп атайды. Ол француздың «ішкі» деген сөзінен шыққан.
ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК – КӨШПЕЛІЛЕРДІҢ ТАҒАМДАРЫНЫҢ БІРІ

Сүттен жасалатын тағамдардың ішінде жасалуы оңай, тамақтық қуаты мол, берекелі, ұзаққа сақталатын тамақтың бірі - ірімшік.