«АЛАШ ІСІ»
Категориясы: Саясат
«Алаш ісі» - Кеңес үкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларды жазалауға бағытталған ісі.
Кеңес үкіметі 1928 жылдан бастап Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне мүше болған жэне оларды жақтағандарды жаппай тұтқынға алды. Оларға Кеңес үкіметіне қарсы күрес жүргізді, шетелдіктермен байланыста болды, т.б. көптеген жалған айыптар тағылып, тергеу ісі жүргізілді.
1930 жылы 4 сәуірдегі ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үкімімен 35 адамға эр түрлі жаза кесілді. Атап айтқанда: А.Байтүрсынұлы, М.Дулатов, М.Еспо- лов, Х.Габбасов, Д.Әділов, Ж.Аймауытов, Г.Бірімжанов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, Т.Есмағанбетов, т.б. ату жазасына бұйырылып, ол үкім кейін 10 жыл мерзімге жазалау лагерінде отырумен алмастырылды. Өзгелері солтүстік өлкеге жер аударылды және жазалау лагерьлеріне жіберілді.
1932 жылы 20 сәуірде ОГПУ үштігінің' үкімімен Мүхамеджан Тынышбаев бастаған Алаш қозғалысының 20-дан астам мүшесі жазаланды. Олардың қатарынан Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Жақып Ақбаев, Қошмұхамед (Қошке) Кемеңгеров, Ахмет Тұнғаншин, Кәрім Тоқтабаев, т.б. бес жыл мерзімге Ресейдің Воронеж облысына жер аударылды.
1930 және 1932 жылдардағы ОГПУ-дің осы екі үкімімен сотталып кеткендерден М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Д.Әділов, Ә.Байділдин, А.Дулатов, К.Тоқтабаев елге қайтып оралмады. Ал қайтып оралғандары 1937 - 38 жылдары «халық жауы» деген жалған айыппен түгелге жуық атылды.
Алаш қайраткерлерінің барлығы да жоғары білімді зиялылар еді. Олар Санкт- Петербургтің, Мәскеудің, Қазанның, Томскінің, т.б. қалалардың жоғары оқу орындарын заңгер, экономист, дәрігер, математика, тау-кен және темір жол инженерлері, т.б. мамандықтар бойынша бітірген. Сонымен қатар олардың басым көпшілігі өз мамандықтары бойынша жұмыс атқара жүріп, ғылыми-шығармашылық қызметпен де айналысқан.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының тәуелсіздік алып, егеменді ел болуына арнаған аяулы азаматтар соңғы демі біткенше сол жолда ғұмырларын сарп етті.
ЮГПУ үштігі - ОГПУ-дің үш мүшесінен (үш адам бірігіп) қүралған мемлекеттік құрылым.
Жарияланған-2015-11-16 14:21:40 Қаралды-3219
НЕЛІКТЕН СТАКАН СЫҢҒЫРЛАП, МАСА ЫЗЫҢДАЙДЫ, АРА ГУІЛДЕЙДІ?

Шынында да, стаканға қасық ақырын ғана тиіп кетсе, дереу зың ете түседі. Неге зыңылдайды? Ол зыңыл қайдан шықты?
БҰҚАРДЫҢ ДОМАЛАҚ КАРАМЕЛЬДЕРІ (БҰҚАР ШАРЛАРЫ)

Бұл - оралмаған, шар сияқты домалақ карамельдер. Бетінде түрлі түске боялған жолақтары болады. Беті құрғақ, қолға жабыспайды.
«КИТАБ-И ТАУАРИХ-И ПАДИША ХАН-И»

«Китаб-и тауарих-и падиша хан-и» - Сейфи Челебидің 1582 жылы түркі тілінде жазған шығармасы. Шығарма Қытай, Тибет, Қашқар, Мәуереннахр, Үндістан, Қазақ хандығы билеушілері туралы жазылған 9 тараудан тұрады.
ҚАРТА ДАЙЫНДАУ ТӘСІЛІ

Қарта – жылқының тік ішегінің жуан бөлігі. Ол әуелі жыннан тазартылып, салқын сумен әбден жуылады, содан соң салқын жерге ілініп қойылады.
ШАШУБАЙ ҚОШҚАРБАЕВ

Шашубай Қошқарбаев (1865-1952) - қазақтың белгілі айтыскер ақыны, сазгер, әнші, гармонь, домбыра аспаптарында шебер орындаушы. Ол Қарағанды облысындағы «Қызыл шоқы» деген жерде дүниеге келіп, ғасырға жуық ғұмыр кешті.