UF

ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӨНЕРІ

Категориясы: Өнер


Афиндегі Акрополь жұрнағы Б.э.д. V ғ.

Біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын Бағзы Греция мен оны жаулап алғап Римде қазір «Ежелгі дәуір өнері» деп ата латын сан алуан көркем өнер түрлері ерекше көркейіп өскен. Греция мемлекетінің алғаш пайда болған кезеңінен Рим мемлекеті құлаған біздің заманымыздың V ғасырына дейіп мың жарым жылдық кезең Ежелгі дәуір деп аталады. Ежелгі дәуір өнері өмір қуанышына, адамның ұлылығы мен сұлулығыма деген сенімге толы.

Мұндай өнерді тек азат адамдар, ежелғі грек қалалары - республикаларда тұратын азат азаматтар ғана тудыра алатын-ды. Олар тән сұлулығына жан сұлулығы жарас қан жан-жақты жетілген азамат адамның бейнесін жасауды мұрат тұтты.

Ежелгі шеберлер өз шабытына грек және рим мифологиясын арқау етті. Ғимараттар, алаңдар мен көшелер құдайлардың тас мүсіндерімен безендірілді. Олар тұлға-тұрпатында ешқандай мін жоқ сұлу адамдар боп кескінделетін. Мифтегі құдайлар іс-әрекеттері жағынан адамдарға ұқсайтын-ды. Олардың ұғымынша, құдайлар да өліп-өшіп сүйе біледі, жан-тәндерімен жек көре біледі. Кез келген грек пен римдік құдайларды көз алдына сұлу, парасатты, ер жүрек, абзал адамдар қалпында ғана елестете алатын-ды.

"Дельфалық арбакеш". Греция б.ғ.д. 470 ж. 

Ежелгі дәуір өнері, әсіресе, біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өте-мөте гүлденді. Сол тұста Афин шаһарының ортасындағы биік шоқының басына мәрмәрдан Акроним[1] салынды. Оның алдыртпас тас қорғанына қауіп-қатер төнгенде афиндықтар барып паналайды екен. Мұнда Ежелгі Грецияның ең әдемі ғимараттары, олардың ішінде қаланың жебеушісі Афине-Парфеностың (Афинебикештің) құрметіне салынған Парфенон орналасқан. Оның ақ мәрмәрден қаланған қабырғалары мен бағаналары көгілдір аспан аясында ерекше көз тартып тұрады.

Қатыгез уақыт осы ғимаратты салған Иктин мен Калликраттың тамаша онері аяусыз зақымдап-ақ баққан. Бірақ Парфенонның орнында қалған ескі жұрнақтардың өзі-ақ оның бір кездегі тамаша көркінен хабар бергендей. Парфенон алдындағы кең алаңның қақ ортасында Жиһангер әйел Афинаның Афина-Промахостың қола мүсіні тұратын-ды. Басындағы дулығасы мен қолындағы найзасының ұшы саф алтынмен апталған-ды. Олар күнге шағылысып, қаланың қай түкпірінен де мен мұндалап көзге ұрып тұратын-ды. Оны көргенде, Афина тәңірі қала халқының тыныштығын көз жазбай қадағалап тұрғандай әсерге бөленетінсің.

Мирон. "Дискобол" Греция Б.э.д. 450 ж.

Парфенон ішінде әлгі тәңірінің тағы бір мүсіні барды. Ол ағаштан, піл сүйегі мен алтыннан жасалғанды. Оның екі жанарына күн түссе болды жарқ ете қалатын екі кесек меруерт тас орнатылғанды. Бұл екі мүсіннің екеуін де гректің әйгілі мүсіншісі Фидий жасағанды. Бірақ, осынау ұлы екі ескерткіштің екеуі де біздің дәуірімізге дейін жеткен жоқ. Олар туралы көре қалған, біле қалған көне көздердің естеліктерінен ғана, Грецияны Римдіктер жаулап алған тұста жасалған көшірмелерден ғана білеміз.

"Тікен алып отырған бала" Б.э.д. V ғ.

Бұл тағдыр ежелгі дәуір шеберлерінің қолынан туған талай ескерткіштердің басында болған. Алайда, бізге ғасырлар түкпірінен Фидий, Мирон, Поликлет, Пракситель, Лисипп, Полигнот, Аппелес сынды ежелгі заман шеберлерінің аттары жетті.

Археологтар көне ғимараттар, мусіндер мен ежелгі ескерткіштердің бағзы ажар-көркін қайта табуына көп жәрдемдесті. Дүние жүзінің ең әйгілі музейлері ежелгі заман ескерткіштерін ерекше қастер тұтып, қақ төрінен орын береді.

Рим музейлерінің бірінен осыдан екі мың жарым жыл бұрын жасалған әйгілі «Тікен алып отырған бала» атты қола ескерткішті көре аласыз. Мүсіннің тұла бойы тұнған табиғилық пен шынайылық.

Аңыздың айтуынша, ол жолындағы тікенектерге қыңбастан жарыстан бірінші боп келген әйгілі спарталыққа арналса керек. Кішкентай жүйрік табанындағы қан қақсатқан жарақатқа қарамастан мәреге жетіп тынғанша, жарыс жолын тастап кеткен жоқ. Ерлікпен мақсатына жетпей қоймайтын нар тәуекелді ғана адам бойындағы ең асыл қасиет деп бағалаған замандастары оған өте риза боп, ескерткіш орнатты.

Акрополь - («жоғарғы қала») деген сөз. ЕжелгІ грек қалаларының биік жерге салынған бекініс бөлігі осылай аталған.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-03 13:15:54     Қаралды-9097

Мәлімет сізге көмек берді ма

АУРУ ТУҒЫЗАТЫН ГРИБТЕР

...

Ауру туғызатын грибтер - өсімдік текті өте ұсақ организмдер, олардың көбею жолы мен құрылысы бактерияларға қарағанда өте күрделі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОДАҢ ОЙЛАСЫ

...

Шайқалған кәмпит массасынан тұратын тағам осылай деп аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

Алғашқы индия ракетасын велосипедпен тасыған

...

Алғашқы ракета соншалықты жеңіл және кішкентай болғандықтан оны Тамба стансасында ұшыру үшін тасып алып баруға тек велосипед ғана қажет болды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӨЛШЕКТЕР ҚАШАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Алдымен бұлар «жай бөлшектер» деп аталды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ

...

Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН - ҒАЖАЙЫП ЕҢБЕККЕР

...

Күн тыным таппай, тәулік бойы, ай бойы, жыл бойы шуақ шашады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »