UF

КОНЬКИ - ГОЛЛАҢДИЯЛЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТЫ

Категориясы: Спорт


Спорттың бұл түрін мамандар, мұз үстіндегі балет өнерінің ең тандаулысы деп жүр. Себеп, спорт жанкүйерлерідің өздері қалап алған спорт жарыстары бар. Мысалы, футбол мен хоккейде ерлердің саны көпшілік болса, мұз айдыныңдағы мәнерлеп сырғанау додасына - еркектер мен әйелдер, жастар мен кексе адамдар барлық уақытта қатар отырады. Бұдан шығатын қорытынды «Мәнерлеп сырғанау» - бүкілхалықтық спорт мерекесі.

Мұз үстінде, музыканың сүйемелдеуімен би өнерін конькимен сырғанап жүріп көрсеткен американдық балет өнерінің маманы Джексон Хейнс деген адам. Бұл 1868 жылдың 18 қаңтарында Вега қаласы ша болған ұлы оқиға. Мәнерлеп сырғанау өнерінің екінші кезеңі болатын. Ал оның тарихы американдық - Веста деген адамның есімімен байланысты. Веста конькимен мұз айдынында сырғанап би элементтерін Лондон қаласында 1763 жылы көрсетіпті.

Мұз айдынында коньки киіп билеушілер клубы 1742 жылы Англияның Эдинбург қаласында ұйымдастырылған.

Коньки - голлаңдиялықтардың ұлттық спорты, сондықтан да коньки өнерінің Америка контингентінде кеңінен тарауын спорт тарихшылары голландиялықтар ұйымдастырған деп болжам айтады. Себебі, 1629 жылы іргетасы қаланған Новый Амстердам, қазіргі Нью-Йорк қаласы, голландиялықтардың қолымен салынған ғой.

Коньки спорты және онымен мәнерлеп сырғанау өнерінің нағыз спортқа айналуына орыс халқының да өзіндік қол таңбасы бар. Себебі Европадағы алғашқы мұз айдыны 1865 жылы Петербург қаласының байы Юсуповтардың тоғанында құйылыпты. Оның үстіне 1890 жыл осы мұз айдынында мәнерлеп коньки тебуші - АҚШ, Австралия, Германия, Швеция және Ресей спортшылары арасында арнайы емес Әлем біріншілігі өтіп, оның жеңімпазы орыс спортшысы А. П. Лебедов болған.

Европа біріншілігі болса көп ұзамай 1891 жылы өткізіліп, 1892 жылы халықаралық конькишілер Одағы (ИСУ) өмірге келді.

Алғашқы конькимен мәнерлеп сырғанау спорт өнеріне арналған Әлем чемпионаты 1896 жылдан бастап өткізіліп келеді. Жұптасып өнер көрсету 1908 жылдан, ал мұз айдынында жеке дара сырғанап билеу 1950 жылдан басталып еткізіліп келеді. Мәнерлеп сырғанау спортының қысқы олимпиадалық ойындар бағдарламасына кіруі 1924 жылғы Шамони қаласынан басталып, күні бүгінге дейін жалғасуда.

Мәнерлеп сырғанау спортынан өз есімін Әлем спортының алтын кітабына енгізген спортшылар: У. Сальхов, А. Графсстрем, (Швеция) және Д. Дженкис (АҚШ), Р. Баттон, Э. Данцер, К. Шефер (Австралия), ҚСРО спортшылары - С. Волков, В. Ковалев.

Ал әйелдер арасында - С. Хейи (Норвегия), Б. Шуба (Австрия), П. Флеминг, Д. Хэмтилл (АҚШ), Г. Зайферт, К. Эйрат (Германия).

Жұптасып өнер көрсетуден Әлемдік рекорд жасағандар ҚСРО шеберлері - Л. Пахомова мен А. Горшков, бұлар 1970-1976 жылдар аралығында 6 рет чемпиондық тәжді кигендер еді.

Әдебиет: Қобланов Ж.Н., Ысқақов Ж.Ж. Спорт терминдерінің сөздігі мен тарихы. -Алматы, 2002. -281 б.

  Жарияланған-2019-07-02 13:52:17     Қаралды-3157

Мәлімет сізге көмек берді ма

ПУМИ

...

Бұл да ертеден келе жатқан бақташы ит тұқымының бірі. Венгрияның далалы аудандарында шығарылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КАМЧАТКА

...

Азияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі түбек, Ресей жерінде. Батысы - Охота теңізі, шығысы - Тынық мұхит және Беринг теңізі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЙВАДАН ӘР ТҮРЛІ ТАҒАМДАР ЖАСАУ

...

Айва жемісінің құрамында қант, алма, лимон қышқылдары, пектин, илік заттары және С витамині болатын ағаш. Шикілей жеуге жағымсыз, себебі жемісінде илік заты көп, тілді қуырып, ауызды құрғатады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ІНЖІР ОЙЛАСЫ

...

Жеміс массасы мен жаңғақты қант-сірне шырынына қосып қайнатып, бадам және грек жаңғағымен әшекейлеген тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКЕКШІЛЕРІ СПОРТЫ ТАРИХЫНАН

...

Ескекті қайықпен серуендеу, саяхатқа шығу, жихангерлік адам баласының ерте заманынан-ақ меңгерген кәсібі деуге әбден болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

САРЫАРҚА ҚАТПАРЛЫ АЙМАҒЫ

...

Сарыарқа қатпарлы аймағы - Азиядағы дербес ірі геологиялық құрылымдардың бірі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »