UF

ШЫРҒАНАҚ – АСҚАЗАН АУРУЛАРЫНА ЕМ

Категориясы: Өсімдікті


ШЫРҒАНАҚ – ОБЛЕПИХА КРУШИНОВИДНАЯ

Шырғанақ – биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді. Жапырақтары ұзынша келген, жіңішке, ұзындығы 8 сантиметр, ені 1 сантиметр, сағақтары қысқа. Өсімдік қос үйлі болып есептеледі. Аталық гүлдері бір бұтақта, аналық гүлдері екінші бұтақта болады. Гүлдері майда, сары түсті, гүл сабақтары қысқа. Аналық гүлдері бұталардың қуысында шоғырланса, аталық гүлдері кіші-гірім масақша тәрізді. Дөңгелек, сырты етті, иісі сүйкімді, қызыл сүйекті жемісі болады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Шырғанақ өзендердің жағаларында, ылғалды шабындықтарда, батпақтардың айналасында, тау етектерінде өседі. Дәрі жасау үшін шырғанақтың жемісін пайдаланады. Құрамында орта есеппен 45 процент аскорбин қышқылы, алма қышқылы, каротин, май, ксантофилл, квердетин, Е, В1, В2, Р витаминдері бар.

Өсімдіктің жемісінен шырғанақ майы (облепиховое масло) деген дәрі алынады. Бұл дәрі ғылыми медицинада өте жоғары бағаланады. Әсіресе радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болған терідегі жараларды емдеуде шипалық қасиеті аса күшті. Әйелдердің көптеген ауруларын осы шырғанақ майымен емдейді. Асқазанда және ұлтабарда жара пайда болғанда да осы дәрімен емдеу арқылы жақсы нәтижелерге қол жетіп жүр. Халық арасында шырғанақ жемісінің сулы тұнбасымен асқазан ауруларын емдейді. Ревматизмді емдеу үшін шырғанақтың жемісін жапырағымен қосып қайнап тұрған суға салып, сулы тұнбасын пайдаланады. Шырғанақ жемісінің 45 бөлігін, қанттың 55 белігін алып араластырса, қыста өте жақсы сақталады.

 

  Жарияланған-2016-07-15 16:42:02     Қаралды-14356

Мәлімет сізге көмек берді ма

СҮТТІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ

...

Әлемде ен көп жасайтын елдердің ішінде тау халыктарының жүз жастан асқан адамдарының ғұмырының ұзақ болу себебін зерттей келгенде олардың негізгі тағамадары әркашан да піскен сүт, айран, қаймақ, ірімшік, т.б. сүт өнімдері екені анықталған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БӘЙШЕШЕК - ДЕНЕНІҢ ҚЫЗУЫН ТӨМЕНДЕТЕДІ

...

Бәйшешек – биіктігі 35 сантиметрге жететін қоңырқай түсті, қысқа, тамыр сабағы жіңішке, қосалқы тамырлары бар көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СУ ҮЙДІ ЖАРЫП ЖІБЕРУІ МҮМКІН БЕ?

...

Су зиянсыз зат сияқты. Ал кейде су мылтықтай жарылып кетеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ПАРСЫ РУЛЕТ

...

Бұл - өрік пюресінен және қант помадасынан жасалған, рулет түрінде бөлініп, жармаланған бадамға аунатылған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »