ТАСЖАРҒАН - АСҚАЗАН ЖҰМЫСЫН РЕТТЕЙДІ
Категориясы: Өсімдікті
ТАСЖАРҒАН - БЕДРЕНЕЦ КАМНЕЛОМКОВЫЙ
Тасжарған – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Биіктігі 75 см-ге дейін жетеді. Негізгі тамыры бұтақты, бірнеше мойын тамырлы, түсі қоңыр. Сабағы – тік, іші қуыс, сыртында қысқа түгі, сабағының ұзына бойына созылған жыралары бар. Жапырақтары екі түрлі: төменгілері жұмыртқа тәрізді, шет шетінде доғалдау келген тістері болады, жоғарғы жапырақтары үш салалы. Гүлдері ақ, шатыр сияқты бір жерге жиналып тұрады. Тасжарған пимпинелла майсым айынан қазан айына дейін гүлдейді. Дәрілік мақсат үшін оның тамырын кузде немесе ерте көктемде қазып алады.
Тасжарған халық медицинасында қақырық түсіретін, зәр жүргізетін, асқазан жұмысын реттейтін, нерв жүйесін тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Мұны ішу әсіресе, дауыс қарлыққанда өте жақсы нәтиже береді. Ол үшін тұнбаның 15 тамшысын жөке гүлінен жасалған терлететін дәріге қосын ішу керек. Бұл өсімдіктің тамыры суда өте нашар еритіндіктен дәріні оның тамырын көбінесе араққа немесе спиртке еріту арқылы жасайды. Ол үшін 20 грамм ұнтақталған тамырды 50 ғрамм араққа салып, 7-10 күн ұстайды, даяр болған тұнбадан 30 тамшыдан күніне 4-5 рет ішеді.
Қуыққа тас байланғанда тасжарған мен итмұрынды теңдей етін алып, оны шай ретінде ішеді. Бұл шайдың 1 стаканына 1 қасық таза бал қосса, өте жақсы нәтиже береді.
Жарияланған-2016-07-15 00:26:25 Қаралды-4212
ШАНАМЕН ҚҰЛДИЛАУ СПОРТ ТАРИХЫНАН

Шана тебу спортының отаны Ресей екендігін дәлелдейтіннақты дәлелдердің бірі, Нижний Тагил қаласынан табылған ескі шана біздің дәуірімізден 6000 жыл бұрын жасалған екен.
ҚЫЗЫЛ ЖӘНЕ АЛТАЙЛЫҚ ДОЛАНА

Гүлдерінде эфир майлары, холин және ацетилхолин, хлороген қышқылдары бар.
КӨЗІҢ САУ БОЛСЫН ДЕСЕҢ...

Көзің - екі жанарың. Оны сақтаудың қаншалықты қажет екенін көзің ауырып, зақымданғанда немесе қиқым түскенде білерсің. Осыған орай халқымыз «Ішің ауырса - аузыңды тый, көзің ауырса - қолыңды тый» дейді.
ӨРІК КӘМПИТІ (пастила)

Піскен өріктер жуылып, сүйектерінен ажыратылады. Аздаған суға салынып, пісіріледі де ысқылап електен өткізіледі. Ботқа сияқты алынған масса өлшеніп, салмағы сондай қант қосылады.
НАУРЫЗ – КӨНЕ МЕЙРАМ

Бұл айда көшпелі елдің уміті мен күдігі кезек алмасып, итжығыс халде жүреді. Өйткені қыстан қиналып шыққан малдың бір борандық халі бар, оның өзін көтере алмауы кәдік.