UF

ФРЕСКА ҚАЙ КЕЗДЕРДЕН ПАЙДАЛАНЫЛҒАН?

Категориясы: Өнер


София әулие соборының фреска (1043-1046 жж.). Ярославтың қыздары. Киев қ.

Ең ерте кездерден бастап осы заманға дейін суретшілер монументтік бейнелеу өнерінде фреска әдісін кеңінен пайдаланады. Ол италия тіліндегі «fresco» «Шикі», «жаңа жасалынған» деген сөзден шыққан.

Фреска жаңа ғана әктелген сыз қабырғаға суға езілген бояумен салынады. Кепкен кезде, сылақтың әгі бояумен қосылып, біртұтас қабатқа айналып кетеді.

Ежелгі Русь фресканы ертеден білген. Ол кезде шіркеудегі суреттер ден басқа бейнелеу өнері болмаған. Ал, әлгіндей суреттер шіркеулердің қабырғаларына салынатын.

Орыс монументтік бейнелеу өнерінің бізге жеткен ең ежелгі нұсқасы Киевтің Десятин шіркеуіндегі X ғасырда салынған фресканың жұрнағы. XII және XIII ғасырлардағы Ежелгі Русь фрескалары жақсы сақталынған.

Шіркеу қабырғаларына етегінен төбесіне дейін кілем ілгендей қып, тұп-тұтас суреттер салынатын. Әр княздіктегі суретшілер оны әр қилы әдіспен салған. Мәселен, Суздальда қабырғалар өсімдіктердің суретімен не геометриялық ою-өрнектермен әшекейленетін де, әулиелердің суреті солардың ара-арасына ғана салынатын.

Дионисий. Ферапонтов монастыріндегі фреска.

Фреск салумен атақты орыс суретшілері Андрей Рублев, Дионисий сол сияқты Ресейде тұрған византиялық суретші Феофан Грек көп шұғылданған. Белозер алқабындағы Ферапонтов монастыріндегі фрескаларды Дионисий XV-XVI ғасырлар аралығында салыпты. Аты аталған суретшілердің әр қайсысының өз машық, өз қол таңбасы болған.

Шіркеу фрескалары барлық уақытта діни тақырыпқа арнала бермейді, кейде өмірде болған нақты оқиғаларды бейнелейді.

Ежелгі иконалар сияқты, фрескалар да ежелгі тарихының куәгерлері; сондықтан көне орыс суретшілерінің асқан шеберлігі тудырған бұл асыл мұраны көздің қарашығындай ардақтай білуіміз қажет. Міне, мынау - Ярославльдегі Благовещен шіркеуінде 1709 жылы салынған фреска. Ол ғибадатханадан қуылған көпестер туралы библия аңызын бейнелейді. Күрең, сарғыш, жасыл бояулар арасында жас өспірім жігіттің мойнына асып алған ақ тоқтысы айрықша көзге түсіп тұр. Бұл шіркеудегі фрескаларды салған суретшілердің атақ-жөндері бізге әлі күнге беймәлім.

Каменева Е. Кемпірқосақтың түсі қандай? -Алматы: Өнер, 1981. -168 б.

  Жарияланған-2016-11-17 13:39:01     Қаралды-4660

Мәлімет сізге көмек берді ма

КІЛЕГЕЙ ТАЯҚШАСЫ

...

Бұл - жаңғақ қосылып кілегей помадасынан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ШЫҒЫС АЛУАСЫ

...

Табаға қалыңдығын 3-4 сантиметрдей етіп ұн себеленеді де оқтын-оқтын араластырыла отырып, сәл қоңырқай тартқанша қуырылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАРБЫЗ ҚАЙНАТПАСЫ

...

Қарбыз етінің бүкіл шырыны сығылып алынады. Оған қант пен лимон қышқылы қосылып, қайнағанша қыздырылады да алдын-ала суға салып бөктірілген желатин ерітіледі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ОРТААЗИЯ ОВЧАРКАСЫ

...

Ортаазия овчаркасы өте ерте кезден қой отарын жыртқыш аңдардан қоргауға пайдаланылган. Кавказ овчаркасы секілді мұның да арғы тегі - тибет иті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҮЗІМ ҚОСЫЛҒАН СТРУДЕЛЬ

...

Ішіне жүзім салынған тоқаш қамырынан жасалатын тағам осылай аталады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АБЫЛАЙ ХАН

...

Абылай хан (1711-1781 жж.) - қазак халқының әйгілі ханы, Қазақстан тарихындағы аса белгілі мемлекет қайраткерлерінің бірі. Қазақ мемлекетінің пайда болуы мен өркендеуі және сыртқы саясаттағы жеңістер оның есімімен байланысты.

ТОЛЫҒЫРАҚ »