UF

ЖАЯ – ЖЫЛҚЫНЫҢ САУЫР ЕТІ.

Категориясы: Тағам


Жая – жылқының сауыр еті. Оны сүрлеуге, қақтап кептіруге, сондай–ақ ыстауға да болады. Әуелі жая 10 сантиметр қалыңдықта сылынып алынады. Ұсақ тұзбен тұздалады да да шұңғыл ыдысқа салынып, үстіне ащы тұздық құйылады. Сөйтіп, екі–үш күн сақталады. 2–3 күннен соң ыдыстан алынып, тор немесе ши үстіне жайьш кептіріледі. 1 кг жаяны тұздау үшін шамамен 25 г тұз керек.

Жая да жалды ыстағандай жолмен ысталады. 

Оны пісіру үшін қазанға су құйылып, отқа қойылады. Су қанжылым болған соң оған жая салынып асылады. Піскен жая қиялап туралады. Сөйтіп, жайпақ табаққа әсемделіп орналастырылады. Дастарқанға әкелерде бетіне бар болса, ұсақтап туралған көк жуа себіледі, ол табылмаса тілінген жаяны айналдыра дөңгелектеп туралған пияз салынады. 

Құрамы: 100 грамм жая, 100 грамм пияз немесе бір шай қасық көк жуа.

  Жарияланған-2016-05-27 13:27:42     Қаралды-5041

Мәлімет сізге көмек берді ма

АСКӨК

...

Аскөк – биіктігі 1,5 метрге жететін, бір жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы түзу, жұмыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЛАШЫН

...

Құсбегілер лашынды жоғары бағалаған. Сұңкар тұқымдастарының ішінде ақ сұңқарды сиректігі үшін мәртебе көріп, қолға түсіруге құмартса, лашынға қырандық алғырлығы үшін қызығады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ХАНДАРЫ

...

Қазақ төрінде отырып, халық қамын ойлаған ойлы хандар аз болған жоқ. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп қазақ халқы тегін айтпаған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТАҒАМ ДАЙЫНДАУҒА ӨНІМДЕРДІҢ ӨЛШЕМ МӨЛШЕРІ

...

Тағам әзірлеу үшін көптеген үйде арнвйы таразы бола бермейді. Оның үстіне бір тағамға жаратылатын бүкіл өнімді таразыға тартып жату – уақыттың жауы.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘЛЕМДЕ ЕҢ ҚЫМБАТ ЗАТТЕКТЕР

...

ӘЛЕМДЕ ЕҢ ҚЫМБАТ ЗАТТЕКТЕР

ТОЛЫҒЫРАҚ »