UF

ӨРІК КӘМПИТІ (пастила)

Категориясы: Тағам


Бірінші варианты. Піскен өріктер жуылып, сүйектерінен ажыратылады. Аздаған суға салынып, пісіріледі де ысқылап електен өткізіледі. Ботқа сияқты алынған масса өлшеніп, салмағы сондай қант қосылады. Бәрі қазанға салынып, үздіксіз араластырыла отырып, қазаннан бөлек-бөлек болып бөліне бастағанша қайнатылады. Дайын болған масса өсімдік майы жағылған табақшаларға салынады да қалыңдығы 0,5 сантиметр етіліп жайылады. Шамалы ғана қыздырылған духовкаға салып, әуелі бір жағы, содан соң аударыстырылып, екінші жағы кептіріледі. Дайын болған массаны қабаттап орап, желдетіліп тұратын құрғақ бөлмеде сақтау керек. Үлкенді-кішілі етіліп, әр түрлі түрге келтіріледі де, кесіп-кесіп, шыны банкілерге салынып қойылады.

Екінші варианты. Піскен жұмсақ өріктер жуылып, сүйектері ажыратылады да, кастрюльге салынып, үздіксіз араластыра отырып, қоюлана бастағанша қыздырылады. Содан соң қант қосылып, әбден қою болғанша қайнатылады. Жұқа табаға аздап өсімдік майы жағылған пергамент төселіп, оған ыстық масса жағылады. Духовкаға қойып, бір-келкі температурада баяу кептіріледі. Духовкадан алынған соң рулон етіп орап, арнайы дайындалған ыдысқа салып қойылады.

Тағамды дайындауға 2 килограмм өрік пюресі және 300 грамм қант жұмсалады.

  Жарияланған-2016-03-11 15:08:44     Қаралды-2104

Мәлімет сізге көмек берді ма

БҰҚАР НАНЫ

...

Бұл жаңғақ, жүзім, цукат қосып, тоқаш қамырынан жасалған тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АДАМНЫҢ СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ФАКТІЛЕР

...

Біз қоршаған әлем туралы ақпаратты сезім мүшелері арқылы қамтамасыз ететін көптеген арналар арқылы аламыз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТІСТЕРДІ ҚАЛАЙ ДҰРЫС ТАЗАЛАУ КЕРЕК?

...

Тіс пен қызыл иектің сау болуы үшін оларды тазалау жеткіліксіз.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МИНЕРАЛДЫ СУ: ТЕРІГЕ ПАЙДАСЫ

...

Сіз минералды судың сұлулық пен жас тері үшін күресте бірегей құрал екенін білесіз бе?

ТОЛЫҒЫРАҚ »

СҮҢГУІР СУ АСТЫНДА НЕ ІСТЕЙДІ?

...

Судың астында жұмыс жетерлік!

ТОЛЫҒЫРАҚ »